Таэквандо тарихының тамыры жекпе-жек өнерінің жүйесі ретінде тереңде жатыр. Ұрыс өнерінің жетекші эксперттері қоян-қолтық ұрыс жүйесінің отанын ежелгі Үндістан деп есептейді. Б.д.д. шамамен VI-ғасырда Будда монахы қалың сақалды Бодхидхарма (жапонша Да Мо) "Сақалды варвар" Қытайға келеді. Ұзақ уақыт ел аралағаннан кейін Хенань провинциясындағы Шаолинь монастырына тоқтайды, онда ол әрбір тірі жанның кеудесінде Будда табиғатының оянуы туралы өзінің білімін үйретеді. Бодхидхарма Будда әрбір адамда, кез-келген затта болады, оны тек өмірге ояту керек деп тұжырымдайды. Бірақ монахтар негізінен сутра мен киелі кітапты оқуға жүгінді, шындықтан әрі кете берді және жаңа білімге ұмтылмады. Ары қарай аңызда Бодхидхарманың 9 жыл бойы қабырғамен ойласып және өзін-өзі жетілдіру үстінде үңгірде өмір сүргендігі баяндалады. Да Мо ұзақ уақыт қимылсыз отырғаннан қозғалу қабілетінен айрылады, бірақ ол кешенді дене жаттығуларын жасай отырып, жоғалтқанын қалпына келтіреді. ....
Кіріспе Абай Құнанбаев шығармашылығы,өмірбаян туған жер , өскен ортасы жайлы оқушылар орта сыныпта сабақ үстінде мәлімет алады. Ақынның өсіп келе жатқан жас буындардың күнделікті өміріне іс жүзінде қажетті аса құнды ой-тұжырымдарын бастауыш сыныптан бастап жас ерекшеліктеріне лайықтан танытудың қажеттілігі мақсатты түрде алға қойылуда. Бастауыш мектепте қазақ тілі, ана тілі пәндеріне баса назар аударылады. Себебі ана тілі ерте меңгерілсе , басқа пәндерді де соғұрлым оңай және толық меңгереді. Ана тілі арқылы оқушылардың тіл байлығын арттырумен бірге дүниетанымын қалыптастырып, өмірге бейімдейді.Ақын шығармашылығы мен өміріне қатысты бастауыш сыныптарда өткізілетін тақырыптар көп жағдайда педагогикалық жүйелілік бірізділік , сабақтастық секілді т.б қағидаларға сәйкес келе бермейді. Міне осындай мәселелерді шешуге үлес қосу мақсатында осы дипломдық жұмысымызды арнап отырмыз. 1.1 Диплом жұмысының мақсаты: Ана тілі, әдебиет пәні – қоғамтанудың басты құралдарының бірі.....
ХІХ ғасырдың жарқын жұлдыздары – Шоқан, Ыбырай, Абай салған ағартушылық – демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл басы, дарынды ақын, ірі ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы еліне беделді , намысқор, қайрат иесі болған. Өз тұсындағы әділетсіз ел билеушілердің зорлығына қарсы тұрған. Ел-жұртына қиянат жасаған Торғай уезі Яковлевті соққыға жыққан. Ақыры, іс насырға шауып, Байтұрсын інісі Ақтаспен Сібірге 15-жылға жер аударылады. Бұл оқиға 13 жасар, Ахметтің жүрегіне үлкен жара салған. Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Одан әрі оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмайды, өздігінен оқып, білімін жетілдіреді. 1895-1909 жылдар арасында Ахмет Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі ауылдық, болыстық және екі сыныптық училищеде бала оқытады.....
Ерте кезден бері өскелең ұрпаққа тәрбие беріп, олардың сана-сезімін, ақыл-ойын дамыту мен жетілдіру - әрбір ұлт пен халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі мен жан дүниесінің сырын айқын білдіретін әлеуметтік құбылыс. Ал әлеуметтік құбылыс сол халықтың тіршілік бейнесімен, жан дүниесінің сан қырлы сырларымен тығыз байланысты сипатта дамып отыратындығы тарихи шындық. Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар: оның құрамына енген адамдар тобы материалдық тұрмыс жағдайларының, аймағы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік психологиядағы сол ұлттқа тән кейбір этикалық ерекшелігінің ортақтастығы болып табылады. Қай заманда болмасын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатыны белгілі. Егеменді Қазақстан мемлекетінің болашақ ұрпақтарының сана сезімін, ұлттық психологиясын, оның сонау ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Ұлттық тәрбиені қалыптастыруда ұлттық дәстүрдің ғибраты мол. Ол-ұлтты рухтандырып, оның ішкі, сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттардың бірі. Бала отбасында, балабақшада, мектепте өз шыққан тегін, ата-бабасын біліп өсуі керек. Әдетте жеті ата межеге алынады. Ал одан да арғыларын білсе, тіпті жақсы. Тегін білмегенді тексіз, көргенсіз деп сөгеді үлкендер. Бұл тұрғыда халқымыздың шежіресін, тарихын жастардың санасына ұялатудың елеулі маңызы бар. Ұрпақтарымыздың тарихқа деген ынта-ықыласын үздіксіз арттыра түсу қажет. «Өзіңнің ұлтыңды тану деген сөз өзіңді тануды білдіреді. Ұлтыңды тану дегенің-ұлттық сезім тудыру.» Ұлттық тәрбиені асқақтатар алғашқы белгі тіл болса,екінші белгі-дін. «Дінде ұлттық рухты құраушы, соған белгілі бір мазмұн беруші күш бар... Оның ұлттық дүниетанымдық психологияға, санаға, тәртіп пен тәрбиеге үлкен әсері тиеді». Діннің қуатты, күшті жері-адамның бойында сенім деген сезімді тәрбиелеу. Діннің арқасында мынау кең далада шашырап жатқан біздің көшпенді халқымыз белгілі бір тәртіпке келіп, жинақталған. Діннен безушілерге айтылған қарғыс, жастардың жартыкеш, дүбәрә күй кешуіне итермелеген отаршыларға басылған айып таңбасы. Абай айтқан, «артына сөз қалдырып, мәңгілік жасайды дегеннің өзінде терең сыр жатыр. Мұнда философиялық, психологиялық, моральдық, дүниетанымдық, ең қажеттісі-тәрбиелеушілік күш жатыр.»Діннің имандылығы да осында. Жастар тәрбиесінде діннің алатын ....
Өнер алды – қызыл тіл» деп мақалдап өткен қазақ ақындары, жазушылары осы күнге дейін қазақ поэзиясында биік орын алады. Солардың бірі Ахмет Байтұрсынұлы.Өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ халқының рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш, көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен. Өз достарының алды бола білген Ахмет өткір, алмас қылыштай адамның ойын осып өтетін сөздерімен өлең арқылы ой-сезімін білдірген. Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Қарусыз-ақ сөзбен адам өлтіретін Ахмет қазақ елінің келешегін тәуелсіздікке жетелеген халықтың рухани жетекшісі. Халық үшін, халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен. Халықты ағарту баладан, мектептен бастау алады. Ең алғаш қазақ тілінде әліппе кітабын жинақтаған Ахмет еді. Қазақ балалары көзі ашық, сауатты азамат болып шығуға септігін тигізген. Қазақ тіліндегі әліп-би осы сөздердің бәріне дәлел. Тек қана кітап жазумен тоқтамаған Ахмет, орыстың белгілі жазушыларының белгілі жазушыларының белгілі еңбектерін ана тілімізге аударып, өзінің халыққа, шамшырақ екенін дәлелдеп өткен. Халықтың білімді болуына, сауатын ашуға көп көмек көрсеткен. Бұрынғы қарапайым қара сөздерді жаңғыртып, халық санасына қалыптастыру басты мақсаттарының бірі. Көкейіндегі түйілген ойды ана тіліндегі асыл, ұтқыр сөздермен жеткізе білген. Өлеңдеріндегі сөздердің өзі адам көңіліне талпыныс, алға қарай жол бастап, көш артында қалып қоймауға себепші болған. Қазақ тілін- болашақ ұрпақтарға дамыта түскен қалпында, басқа тілдерден биігірек ұстап, тазалығын сақтауға демеу болды. Қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танудағы қызметі қазіргі мектептерде қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Ахмет қалыптастырған әдеби-теориялық терминдер осы күнге дейін өмірін жалғастыруда. Бұның бәрін әдебиетші Ахметтің қымбат, алтын, гауһардай асыл сөздері мен тәлім- тәрбиеге толы, адамдық қасиеттерді сипаттап жазған өлеңдері бәрі- бәрі болашақ ұрпаққа келешегіне керек, нұсқау болатын түзу жол емес пе?! Қазақ тілін әсем сөздермен әшекейлей білген Ахмет өз еңбектерімен басқа да елдерге танымал бола білді. ....
Оқыту жүйесінің қандай түрі болмасын, олар белгілі бір әдістеме жүйесіне негізделеді. Әдістеме жан - жақты және өз орнында дұрыс қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, оқушылардың меңгеруіне көңіл тиеді. Әдетте әдістеме өздігінен келе қоймайды. Ол көп жылдар бойы ұстаздық қызметінің іс-тәжірибесінен, күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып жатады. Осылардың негізінде әр мұғалімнің бойында , ойында әдістеменің озық үлгілері жинақталады. Сонымен қатар олар күнделікті жұмыс тәжірибесінде озат мұғалімдердің шеберліктерін де пайдаланатын болады. Бұлардың сайып келгенімен, әдістемедегі белгілі бір жүйелікті қалыптастырады. Қазақ тілін оқытудағы әдістеменің қайнар бұлақ көзі Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерінен басталады.(1) Бұл әсіресе оның «Баяншы» (1940) және «Тіл жұмсар» (1928) деп аталатын таңдамаларында жақсы көрініс тапқан. Әрине бұлар әліпбиді қалай оқыту мен үш бөлімнен тұратын «Тіл құрал» оқулықтарын қалай таныта білуге арналған. Осы жайында автордың өзі кезінде былай деп жазған болатын: «Тіл құрал» қазақ тілі қандай құрал екендігін таныту үшін түрлі бөлшектерін тетіктерін ұсағын ұсағынша, ірісін ірісінше тұрған орнында алып көрсетіп танытады. «Тіл жұмсар» сол үлкен құралдың бөлшектерін тетіктерін балаға шағындай бөлек-бөлек ойыншық сияқты құрал жасап соларды танытып, соларды жұмсару арқылы барып үлкен құралды танытады».(2) Оқыту жүйсіне байланысты біздің методика деп қолданып келген ұғымымызды кезінде А.Байтұрсынов әдіс сөзімен берген. Ол әдістің екі түрін көрсетеді: талқылау (айырыңқы) әдіс және жалпылау әдіс. Ол бұл әдістердің әр қайсысына анықтама береді. «Жалпылаудың асылы ұсақтан ірілету болса, жалқылаудың асылы іріден ұсақтау».(3) Сөз жоқ, бұл аталған әдістемелер қазақ тілін мектеп ....
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару үрдісі өткен тарихымыздың сан қырын объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға және ондағы рухани құндылықтарды қазіргі ағарту, оку-тәрбие ісінде кеңінен пайдалануға қолайлы жағдайлар туғызып отыр. Әсіресе ұлттық педагогикамыздың қайта жаңғыруына байланысты халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық дәстүрінің бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет екені анық. Алайда, қоғамымызда орын алған әлеуметтік-экономикалық кедергілерге байланысты бұл мәселенің көптеген жақтары әлі де өз шешімін таппай отыр. Мәселені шешуде педагогика ғылымы хал-қымыздың мәдени мұрасын, педагогикалық ой-пікірлер саласында қорланған барлық құнды, қажетті жәдігерліктерді және халық ағарту мен қоғамның даму кезеңдеріндегі тәжірибелерді жүйелі түрде зерттеп, пайдалануы қажет. Осы тұрғыдан қарағанда, халықтық идеялардан нәр алған қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары адамгершілік асыл қасиеттерді дамытып жетілдіруге, қоршаған ортаны танып білуге, ата дәстүрін ардақтап, қадір тұтуға және, ең бастысы, қоғамдық тәрбие беруге бағытталған. Қазақ халқының көрнекті тұлғаларының, соның ішінде тоталитарлық режим тұсында жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған ойшыл ғалымдар, қоғам қайраткерлері әрі жазушы-педагогтары А.Байтұрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың, М.Дулатовтың, Х.Досмұхамедовтың педагогикалық ой-пікірлерін зерттеу ғылыми-практикалық маңыздылықты арттырады, педагогика тарихы курсының ауқымын кеңейтіп, мазмұнын байытады. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 1999 жылдың 15 желтоқсанында "Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі" атты халыққа Жолдауында "Жиырмасыншы ғасырдың бас жағында біздің сан ғасырлық тарихымызда тұңғыш рет халықты әлемдік айдынға алып шығуға нақты мүмкіндіктер туды. Ол мүмкіндікті тудырғандар "Алаштың" ардақты азаматтары еді", - деп, олардың тарихта алатын орнына өте әділ баға берді. Сол заманның тегеурінді күш иелері жаңсақ, әділетсіз пікірлер салдарынан "Алаштың" ардақты ұлдарының шығармалары ұзақ уақыт бойы халық назарынан тыс қалды. Дегенмен де, кейінгі кездері еліміздің әр түрлі ғылым саласындағы ізденімпаз ғалымдарының табанды еңбектерінің арқасында аталған жазушы-педагогтардың мұраларын танып-білуге көптеген зерттеулер дүниеге келеді. Жұмысты терендете мазмұндап, құнды ғылыми деректермен дәлелдеуде республикамызға белгілі тарихшыларының (М.Қозыбаев, М.Қойгелдиев, М.Мүқанов, Т.Омарбеков, т.б.), саясаттанушыларының (М.Тәжин, К.Нұрпейісов, К.Көшербаев, М.Тәтімов, т.б.), философтарының (Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков, Н.Сәрсенбаев, А.Қасымжанов, О.Сегізбаев, Қ.Бейсенов, А.Қасабеков, Ғ.Есімов, т.б.), әдебиеттанушыларының (М.Әуезов, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев, М.Тілеужанов, Н.Келімбетов, М.Әлімбаев, т.б.) зерттеу еңбектерінің көмегі зор болды ....
Кіріспе Зерттеудің өзектілігі: Тіл дамыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін тәрбиеші топтағы барлық балалардың тілінің даму деңгейін жақсы білу қажет. Сонда кейбір балаларға ішінара бақылау, тексеру жүргізу арқылы бағдарламалық материалдардың қандай дәрежеде меңгеріліп жатқандығын, сабақ барысында қолданылып жүрген әдіс-тәсілдердің, дидактикалық ойын-жаттығулардың тиімді-тиімсіздігін анықтай алады. Зерттеудің мақсаты: Ана тілі пәні дұрыс жазу, сауатты сөйлеу ережелерін меңгерту үшін ғана жүргізілмейді, сонымен бірге, логикалық ойлауды дамыту үшін де қажетті құрал. Өйткені сөз дарындылығының өрістеуі ойлау логикасы мен байланысты. Өз заманында «Логикалық ойлау - логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны - логикалық сөйлеуді Отандық тіл ұстазы дамытуға тиіс», — деп көрсеткен ұлы педагог К. Д. Ушинский. Зерттеу міндеті: «Тіл» немесе «тіл дамыту» — пән аралық түсінік: ол лингвистикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану процесі — сөйлеуді зерттеуі осы жұмыстың зерттеу міндеті болып табылады. ....
Кіріспе Зерттеудің мақсаты: Бала түйсігі және жеке адамның сенсорлық құрылымы, яғни түйсік - материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мсн қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейпеленуі. Түйсіну дегеніміз - дүниені танып білудегі бейнелеу үрдісінің алғашқы баспалдағыекендігі, түйсік - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық үрдісі, түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болуы, сол шындық пен болмыстың адам сезім мушелеріне әсер етіп, мида бейнеленуінен түйсіктің тууы, яғни түйсік - сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы, объективтік дүниенің субъективтік бейнесі екендігі, баланың дүние тануының алғашқы баспалдағы- осы түйсік екендігі, нақты пайымдау, шындықты бейнелеу жайындағы мәліметтердің бәрі де балаға осы баспалдақ арқылы жетуі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады. ....
Кіріспе. Зертеудің мақсаты: Баладағы сөз және сөйлеу әрекетінің құрылымы, адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлесуі, ой алмасуы, бұл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдалануы, адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалуы, осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болуы, сөйлеу адам санасының басты белгісі екендігі, ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты, сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық-әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет екендігі, сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады. ....