Кенен Әзірбаев (Кенен мен Шашубайдың соңғы кездесуі)

К е н е н:
Шашеке, амансыз ба, күйлі-жайлы?
Өнерге өрен аға сегіз сайлы.
О, шіркін, кәрілік те кеп қалыпты,
Аяғы бұл өмірдің түйе - тайлы.
Алабын Алатаудың әнмен жайқап,
Көрген ең қырғыз, қазақ көп жамайды
Айтысып Сарыбас, Жамбыл, Қуандықпен,
Ән, күймен құйқылжытып сән сырнайды.
Асында Ноғайбайдың алғашқы рет
Көргенім мініп барып жайдақ тайды.......
Өлеңдер
Толық

Жамбыл Жабаев (Барлыбайға)

Қазақта көптен жүрген мен бір тауық,
Шырағым, емдеймісің емін тауып.
Қаттырақ жауырынымнан қыса түссе,
Жүрекке болмас па екен үлкен хауіп?
Емдетпей, ерлік етіп жүре берсем,
Кетпей ме тұла бойға түгел шауып?....
Өлеңдер
Толық

Жамбыл Жабаев (Тәжібайға)

Жасымнан атым аян Жамбыл едім,
Сүрінбес қара сөзге даңғыл едім.
Сөйлесем сары түнге шалдықпайтын,
Қақырап қайран даусым қалды менің.....
Өлеңдер
Толық

Біржан сал Қожағұлұлы (Бабай мен қасқырдың айтысы)

Бабекең қарсақ аулап жүрген екен,
Астына буаз бие мінген екен.
Жартастың өзенінде келе жатса,
Алдында қасқыр ізін көрген екен,
Сол кезде қылау жауып ізді басты.
Кәрілік кетіп Бабекең болды жас-ты.
Бір қурайды пана қып жатыр екен.....
Өлеңдер
Толық