Бай мен диуана

Баяғыда бір бай мен кедей болыпты. Кедейдің бір баласы бар екен. Ал байдың үш әйелі болса да, баласы жоқ екен. Жарлының үйі үнемі көңілді болады, күндіз-түні ойын, күлкі үзілмейді...

Бір күні бай да, жарлы да намазға барыпты. Бара жатып бай жарлыға: «Сендер күнде үй ішіңмен шулап жатасыңдар, өздерің тамақтарыңды таба алмай жүріп, сендерге ойын-күлкі не керек?» – депті. Сонда жарлы: «Бай, сіз білмеген екенсіз, біздің бір алтын сақамыз бар, соны біресе қатыным иіреді, біресе өзім иіремін, соған күлеміз де жатамыз депті. Сонан бай үйіне келіп, алтыннан сақа соқтырып алып, үш қатынымен кезек-кезек сақа иіреді, оған ешкім де күлмейді. Ертеңіне тағы да намазға бара жатып бай:

«Ақымақ жарлы, иірген сақаға несіне күлесіңдер?» – дейді. Сонда жарлы: «Байеке-ай, сен өзің бай болсаң да, ақылын жоқ-ау, менің айтқаным сақа емес еді, әлгі балам еді, сен оған түсінбеген екенсің ғой!» – депті......
Ертегілер
Толық