Шатақ Есенбайұлы (туған – өлген жылы белгісіз) - батыр. Орта жүз найман ішінде қаракерей руының жалмамбет аталығынан шыққан. 18 ғасырдың соңында жоңғар басқыншыларынан азат етілген Марқакөл өңірін қоныстанған елін коршілес торғауыт, ойрат, ұранқай шапқыншылығынан қорғап, кейбір төрелердің .....
Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры. Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды. Шежіре деректеріне қарағанда, Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV ғасыр) өмір сүрген, соның белгілі қолбасшыларының бірі болған адам. Қазақ хандығының .....
Исламбек Төлеубайұлы – «Алтын қыран» халықаралық қайырымдылық қорының құрылтайшысы және президенті. Ол сондай-ақ, қазақстандық кәсіпкер, меценат және қоғам қайраткері. «Алтын Қыран» компаниялар тобының бас директоры және «Altyn Kyran» халықаралық қайырымдылық қорының Президенті.
Исламбек Салжанов Қобда ауылынан 150 орындық балабақша құрылысын салу үшін 250,0 млн. теңге қаржы бөлді. Қазақстан Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Президиум мүшесі, Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы. «Altyn Kyran» халықаралық қайырымдылық қорының құрылтайшысы және президенті. Қордың басты мақсаты – отандық мәдениеттің, ғылым мен білімнің дамуына үлес қосу, қоғамда мемлекеттік тілді, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ, дарынды балаларды қолдау, ардагерлер мен мүгедектерге, жетім балаларға қол үшін беру.....