Қазақ әдебиеті | Қарымбай Әулие, Қарымбай Тәттібайұлы

Қарымбай Әулие, Қарымбай Тәттібайұлы (1732 – 1822) – би. Жалайыр руының андас (толымбек) әулетінен. Әкесі Тәттібай батыр жоңғарларға қарсы соғысқан. М.Тынышбаев өз еңбегінде Абылай хан жасағында болған Тәттібай батыр, оның ұлы Қарымбай би жөнінде деректер береді. Қарымбай Әулие әрі сәуегей .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бабас Бурабайұлы

Бабас Бурабайұлы - би, XVI ғасырда өмір сүрген, жоңғар-қалмақтарға қарсы көтерілісте қол бастаған. Торғай өңіріндегі Бабас көлі, Бабастың бос қыры деген жер аты осы Бабас бидің есіміне байланысты қойылған. Шығу тегі - Арғынның Ермен атасынан. Баласы Мерген Бабасұлы (1671-1754) - батыр, би, көсем сөздің шебері. XVIІ ғасырда өз руын басқарған. Шақшақ Жәнібекпен бірге жоңғарларға қарсы жауға шапқан. Ел аузынан жетикен .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Жанайдар Орынбайұлы

Жанайдар Орынбайұлы (шамамен 1818, Ұлытау өңірі — 19 ғ-дың 70-жылдары) — батыр, Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі. 1837 жылы Ақмола дуанына қарайтын арғын тайпасының Қуандық, Сүйіндік, Төртуыл, Қойлыбай, Қалқаман, Темеш, Тінәлі руларының жасақшыларын бастап Кенесары әскеріне келіп қосылады. Кенесары Ақмола бекінісіне шабуыл жасар алдында Жанайдарды бас етіп бекіністі барлауға шолғыншылар жіберді. Шабуыл кезінде ерлігімен, мергендігімен көзге түскен Жанайдар ханның сенімді серігі, қол бастаушы батырларының біріне айналады. Жанайдар өзінің бауырлары Жанатай, Бектұрған, Өтебайлармен бірге Кенесарыға еріп, он жыл бойы азаттық жолындағы шайқастың бел ортасында жүрген. Жанатай осы жорықта қаза табады. Кенесары мен Наурызбайдан айырылып, көтеріліс тығырыққа тірелген тұста Жанайдар амалсыздан ат басын Арқадағы еліне бұрады. Ұлытаудағы ата қонысын бағаналы найман елінен қайтаруды талап етіп, Санкт-Петербургке барады. Көтеріліске қатысқанына Ресей патшасы кешірім жасағаннан кейін .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Олжабай Толыбайұлы (Төлебайұлы)

Олжабай Толыбайұлы (Төлебайұлы) (1709 – 1785, Ақмола облысы Ерейментаудағы Сілеті өзен бойы) – батыр.[1]Орта жүздің Сүйіндік руынан. Әкесі Толыбай Тәуке ханның билерінің бірі, шешесі Есенбике Төле бидің туысқаны Қаратайдың қызы. Толыбай 1723 жылы Жоңғар шапқыншылығы кезінде оққа ұшып, Олжабай нағашы атасы Қаратай батырдың тәрбиесінде болған. Олжабайдың ерлігі жайлы қазақ аңыздары мен деректі әңгімелер орыс ғалымдары Ф.А. Шербиннің, Н.Я. Коншиннің, Н.С. Смирнова мен Д.Примактың еңбектерінде баяндалған. Аңыз бойынша ол ең алғаш рет Қаратай батырдың туын ұстап, ұрысқа кірген. Олжабай батыр атты халық жырында оны қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Жанайдар Орынбайұлы

Жанайдар Орынбайұлы (шамамен 1818, өлытау өңірі — 19 ғ-дың 70-жылдары) — батыр, Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі. 1837 ж. Ақмола дуанына қарайтын арғын тайпасының Қуандық, Сүйіндік, Төртуыл, Қойлыбай, Қалқаман, Темеш, Тінәлі руларының жасақшыларын бастап Кенесары әскеріне келіп қосылады. Кенесары Ақмола бекінісіне шабуыл жасар алдында Жанайдарды бас етіп бекіністі барлауға шолғыншылар жіберді. Шабуыл кезінде ерлігімен, мергендігімен көзге түскен Жанайдар ханның сенімді серігі, қол бастаушы батырларының .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Саңырық Тоқтыбайұлы

Саңырық Тоқтыбайұлы (1691 — ө.ж.б.) — батыр. Ұлы жүз, ошақты руының тасжүрек атасынан шыққан, шешесі жағынан Кіші жүз Тайлақ батырға немере жиен. Қожаберген жыраудың "Елім-ай” дастанында Саңырақ есімі де аталады. Ә.Диваев мәліметтерінде де Саңырақ есімі кездеседі. Зерттеушілердің пікірінше, .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.[1Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), Авиация институтын бітірген (1979).


Қазақстан Республикасының маркасы
1962 – 1965 жылы Теміртау құйма-механика зауытында .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Әжібай Найманбайұлы

Әжібай Найманбайұлы (шамамен 1699 — 1778) — батыр.[1] Албан тайпасының қызылбөрік руынан шыққан (Қызылбөрік — Есен — Еламан — Найманбай — Әжібай). Жетісудың Таутүрген мен Таушелек өңірлерінде (қазіргі Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы) өмір сүрді. Әжібай Өтеген, Хангелді, Райымбек, Тауасар, Есбол батырлармен тізе қосып, Жетісуды жаудан тазарту жолындағы шайқастарда ерлік көрсетті. Есімі қызылбөрік .....
Рефераттар
Толық