Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды......
Қазіргі Орал облысы, Жанғалы ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген. Күй атасы. Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы. Қалмақ шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі исі Берішке ұран болған. Одан берідегі Өтеміс би, Махамбет ақын, Исатай батыр бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары. Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Құрманғазы жастайынан домбыра шертіп, көпшіліктің ілтипатына бөленді. Күйшінің шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, өрлеуіне Бөкей ордасының Байжұма, Баламайсан, Байбақты, Соқыр Есжан сынды атақты күйшілері үлкен ықпал еткен. Олардан тәлім алып өскен Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері атанды. Құрманғазының күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыр-сыры, азаткерлік рух ұраншысы іспетті, Ұлттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған ұлы эпопеясы деуге болатындай. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер — халықтың азатгығы мен жеке тұлға бостандығы. Өз туындыларында XIX ғасырдың 30-жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске ерекше назар аударған. Құрманғазы бұл көтеріліске өзінің алғашқы туындыларының бірі "Кішкентай" күйін арнаған. Одан кейінгі "Ақбай", "Ақсақ киік", "Түрмеден кдшкдн", "Адай" күйлерінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіреді. Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік-психологиялық жағдайлар бейнеленеді. ....
Қоңырбайұлы Ағыбай (1802-1885) – қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен әйгілі батыр, қолбасшы. Қазақ ханы Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылығына қарсы жүргізілген көтеріліс басшыларының бірі. Туып өскен жері Қарағанды облысындағы Балқаш, Бетпақдала алабымен жапсарласып жатқан Арқаның Қызылтау, Ортау, Ақтау, Ұлытау деп аталатын сілемді таулары. Топырақ бұйырған жері - Ағадыр елді мекенінің оңтүстігінде 80-90 шақырымдай жерде ағып жатқан Қаратал өзенінің бойы, Тайатқан, Шұнақ тауларының алқабы. Ағыбай батырдың шыққан тегі Орта жүз Арғын, оның ішінде Шұбыртпалы руынан өрбиді. Нағашы жұрты Орта жүздің ноқтағасы Тарақты елі. Абылай ханның сенімді серігі, әрі ту ұстаушы батыры Наймантайұлы Байғозының Қойсана есімді қызы Ағыбай батырдың анасы. Тарихтан белгілі Абылайханнан тараған ұрпақтың ішінде Қарақалпақ қызы Сайман ханымнан туған Уәлихан бастаған балалары амалсыздан Ресей отаршылдығына мойын ұсынды да қалмақ қызы Топыш ханымнан туған Қасым бастаған балалары Ресей отаршылдарына қарсы бітіспес күрес жүргізіп өтті. Қасым сұлтан өз тұсында Көкшетау өңірінде орыс әскерінен қысым көріп, Арқаның бетпақ даламен жапсарлас өңірін қоныс ететін Қаракесек, Шұбыртпалы, Тарақты руларының жеріне ығысуға мәжбүр болған. Ағыбай батырдың да азаттық күресіне ертерек араласуы осы Қасым сұлтанмен, оның баласы Кенесары ханмен етене аралас, мүдделес болуынан басталады. ....
Ағыбай батыр Қоңырбайұлы, Шұбыртпалы Ағыбай (1802-1885) – Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылығына қарсы көтеріліс басшыларының бірі, қолбасшы.
Ағыбай батыр Ұлытау тауының етегіндегі ауылда дүниеге келген. Орта жүз құрамындағы қаракесек-шұбыртпалы – арғын руынан шыққан. Әкесінен ерте айрылған. Шешесі Абылай ханның сенімді батырларының бірі Наймантайұлы Байғозының қызы. Жазушы І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында Ағыбай батыр алып денелі деп сипатталады.
Жорықта үнемі жолы болатындықтан ол «Ақжолтай батыр» атанды. Сарбаздары Абылай есімімен қатар Ағыбай батырды да ұранға айналдырды. 13 жасынан қолына қару алып, 1824 жылы Қарқаралы аймағында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтеріліске белсене араласты. Қасым сұлтан қаза тапқаннан кейін Ағыбай батыр бастаған қазақ әскері Шу өзенінің бойында өзбектердің Түркістан өлкесіндегі билігін әлсіретті. Ағыбай батыр бастаған қол 1826-1846 жылдары аралығында Ресей әскерлерімен бетпе-бет шайқасып, бірнеше рет күйрете соққы берді. Ресей империясының Қазақстандағы тірек-орталықтары – Қарқаралы, Ақтау, Ақмола бекіністеріне шабуыл жасап, патша әскерлерін Ырғыз, Тобыл өзендері бойындағы ұрыстарда, Қызылжар, Көкшетау шайқастарында тас-талқан етіп жеңді. Қырғыз манабы Орманға қарсы соғыстарда ерекше ерлік көрсетті. 1847 жылы Кенесары ханның Кекілік тауындағы қырғыздармен айқасында Наурызбай батырмен бірге дұшпан шебін бұзып өтті. Кенесары өлгеннен кейін де Ресей өктемдігіне қарсылығын тоқтатпай, Сыздық төре қолы құрамында соғыс жүргізді. Кейінірек, 1849 жылға дейін Ресей өкіметінің қамалдарына өз бетінше шабуылдар жасады. Өмірінің соңғы кезеңінде егіншілікпен, балық аулаумен айналысты ....
Қалжан ахун Бөлекбайұлы (1862 - 1916) ХІХ ғасырдың ортасына таман Ресей империясы Арал аймағы арқылы бүкіл Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алу үшін өз әскерін даярлай бастады. Сыр өңірін басып алу арқылы патша өкіметі бірнеше стратегиялық жағынан маңызы бар жоспарларын жүзеге асыра алатын еді. Патшалық Ресейдің Орталық Азия елдеріне жақындай отырып, бүкіл Түркістанды (қазіргі Оңтүстік Қазақстан өңірі мен Орта Азиялық республикалары - авт.) бағындыруы үшін ең алдымен - Сыр бойын жаулап алуы керек болатын. Сыр өңірінің тоғыз жолдың торабында орналасуы, Арал теңізі мен Сырдария өзені арқылы Түркістан өлкесіне етене ену мүмкіндіктерінің артуы, бұл өлкенің әскери - стратегиялық маңызын еселеп арттырды. .....
КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік қолтаңбасы қалған ақындық өнердің өрен жүйрігі; импровизатор, сазгер, әнші Әсет Найманбайұлы нағыз сегіз қырлы өнерпаз әрі қағаз бетінде қаламы қатар жүйіткіген сауатты ақын. Өнерде өрге жүзген, мәдениетімізге өшпес мұрасын қалдырған ақынның лирикалық өлең- толғаулары, айтыс- қағыстары мен қисса- дастандары, асқақ әндері ұрпақтан- ұрпаққа ауысып әдеби- мәдени мұрамыздағы көрікті де көрнекті үлгілердің қатырын молайтуда. 1930 жылдардан бастап Әсет ақынның өмірі мен өнеріне қатысты деректерді чсаралап, әдеби мұраларын жинастырып, оны халқымыздың қажетіне жаратуда. Ұрпақтан - ұрпаққа аманат ретінде ауысып келе жатқан ақын мұрасына әр кезеңде әртүрлі пікір айтылып, сыналып та, сырт қалып та келді, қоғамдық кезең ақын мұрасын зерттеуде әсер- кесірін тигізбей қоймайды. Көрнекті әдебитші ғалым Б.Кенжебаев сөзімен айтсақ: «...біз қазақтың бұрынғы ақын –жазушыларын саяси идеялық қатесі жоқ ақын - жазушылар, саяси идеялық қатесі бар ақын- жазушылар деп жіктедік» Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Өмірінің белгілі бір кезеңін Шығыс Түркістанда өткізген ақынның өмір жолы, шығармашылығындағы шығыстық үлгі мотивтер, діни уағыз өлеңдер ақын мұрасын теріс бағалауға пайдаланылды. Әсет ақын- ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарына тән демократтық ағартушылық ағымдағы ойларын,діни дидактикалық уағыздарын өлеңмен өрген ақын. Ақын шығармашылығындағы аса құнды қазына- шығыстық нәзиралық үлгідегі дастандар. Бірақ шығысқа секеммен қараған, дінді у деп уағыздағын кеңестік идеология сынына ақын шығармашылығы аз ілінбеді. Зерттеудің ғылыми болжамы. Әсет атына қаратылып айтылған сын пікірлер көп болмағанымен, ақын мұрасының ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы, Хх ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің оқулық- хрестоматияларына, зерттеу монаграфияларға бірде еніп, бірде енбей қалуы саяси сақтанудан салқын көзқарастан. Кеңестік дәуір идеологиясы әдебиет пен ғылымды тұсап, барымзды базарлай алмадық. Бүгінгі күнгі қоғамдық бетбұрыстар рухани өрісімізге тың серпіліс жаңа леп әкелді. Заман талабы қазақ әдебиеттану ғылымының жан-жақты сан алуан салаларына қыруар міндет жүктеп даму процесін жаңа бағытқа бұрды. Қазақ әдебиетін зерттеу, талдау, оқыту ісі жаңа міндеттер алдында тұр. 70 жыл бойы басқаша айтылып, басқаша уағыздалып келген әдебиет енді өз табиғатына лайық өмір сүріп, оның ерекшеліктері мен көркемдік эстетикалық байлықтары терең ескеріліп, жаңаша зерттелуі қажет. Мұның өткендегі мұраға да кешегі кеңес әдебиті делініп келген, бірыңғай саясатқа телінген әдебиетке де қатысы бар. Зерттелу объектісінің теориялық, практикалық маңыздылығы мен әдістемелік негіздері. Диплом жұмысының тақырыбы «Ә. Найманбайұлы прозасындағы романтизм» деп аталатындықтан, көркемдік әдістің теориясы мен тарихы, оның ішінде романтизм жайлы ғылыми еңбектер негізге алынды.Атап айтсақ, В.Белинскийдің «Этика и литературная критика» (1959), Н.Гуляев, И.Картошовалардың «Введение в теорию романтизма» (1972), А.Гаджиевтің «Романтизм и реализм» (1972 ) т.б.ғалымадың еңбектерімен бірге М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, М.Қаратаев, З.Ахметов, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, С.Қирабаев, Р.Нұрғалиев, Ә.Нарымбетов, Ж.Дәдебаев, Б.Майтанов, Б.Ыбырайымов еңбектеріне сүйеніп, аталмыш зерттеулердің теориялық тұжырымдарын басшылыққа алдық. Зерттеудің басты тұжырымы-түйіндері мен нәтижелерін филология мамандықтары бойынша оқытылатын жалпы және арнаулы курстарда, өнер институттары мен мектептерінде, сол секілді орта мектептің әдебиет пәндерінде де пайдалануға болады.....
Қуатты қол көк желкесінен ұстап тік көтеріп алғанда дем жетпей жаны көзіне көрінген болатын, әйтседе қанына біткен қайсарлықпа әлде, ауырғанның не екеннін сезетін кезге жетпеген бе, дымын шығармай іштен тынды. Мынауың нағыз төбет болада әй, - қарашы сесін шығармауын, -деп Болат күліп қойды. Енесінің бауырынан шығып осы үйге тұрақтағалы бір шама уақыт болған сияқты, тарамыстанып өзі өсіп келеді, бұрынғыдай емес, ызаланып тісін ақситқанын да қойған, таңеретеңнен қара кешке дейін Жантастың қасынан бір елі қалмай түйелерді бірге бағысып келетінді шығарды. Кейде күшік қиялы алысқа шарлап, көзін тырнап ашқаннан бастап бауырларымен бірге ала қаншықтың төсін сорғылап, қарынын тойғызып алып, алысып - жұлысып ойнағандарын, көрші үйдің қара -ала мысығы ысылдып айдаһарша айбат шегіп, тап-тап бергенін, ана қаншықтың әрі кетшей, - дегендей зілсіз ырылдағандарын еске алып отырғаны. Алыпсоқ деген атына сай нағыз қазақы төбет болып өсіп келеді, Күжірейген жон арқасы, сұсты қабағы, өзі құралпы күшіктер түгілі үлкен ауыл иттерінде қаймықтыратын сияқты.
Несіп Жүнісбайұлы, спорт журналисі, жазушы, Қазақстан Республикасының Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, тоғызқұмалақтан ҚР спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы һәм Жоғары ұлттық дәрежедегі төрешісі, спорт .....
Ағыбай батыр Қоңырбайұлы, Шұбыртпалы Ағыбай (1802-1885) – Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылығына қарсы көтеріліс басшыларының бірі, қолбасшы.
Ағыбай батыр Ұлытау тауының етегіндегі ауылда дүниеге келген. Орта жүз құрамындағы қаракесек-шұбыртпалы – арғын руынан шыққан. Әкесінен ерте айрылған. Шешесі Абылай ханның сенімді батырларының бірі Наймантайұлы Байғозының қызы. Жазушы І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында Ағыбай батыр алып денелі деп сипатталады.
Жорықта үнемі жолы болатындықтан ол «Ақжолтай батыр» атанды. Сарбаздары Абылай есімімен қатар Ағыбай батырды да ұранға айналдырды. 13 жасынан қолына қару алып, 1824 жылы Қарқаралы аймағында .....
АББАС (Аппаз) Жарасбайұлы (шамамен 1925/30, бұрынғы (Перовск уезі, Қараөзек болыстығы – 1922, Арқа өңірі) – белгілі би. Әкесі Бекназар 1800 ж. Сыр өңіріне келіп, тұрақтап қалған. АББАС 1868 – 88 ж. құрылған .....