Ахмет Байтұрсынов [жоспар]

Жоспар

I.Кіріспе бөлім:
1. Тұтас буынның төлбасы - Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы.
а) Жастық шақ , алғашқы қадам.
II. Негізгі бөлім:
2. Ахмет Байтұрсыновтың педогогикалық көз қарасы мен үлесі.
а) Қаламгердің көсемсөзі
б) «Оқу құрал» еңбегінің тілдік және педогогикалық қырлары.
III. Қорытынды бөлім:
а) Ұрпақпенен жалғасып


Тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды-ақын аудармашы Ахмет Байтұрсынов қазіргі Қостанай облысы, Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде, ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18-қаңтарда дүниеге келген.Қалың қазақ ортасы, қаймағы бұзылмаған сахара тұрмысы табиғатынан дарынды туған.....
Шығармалар
Толық

Ахмет Байтұрсынұлы

Ахмет Байтұрсынұлы - мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Ол 1873 ж. он бесінші қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген. 1895 ж. Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектебін бітірген. 1895 жылдан 1909 жылға дейін Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. 1905 ж. жазылған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі болды. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Ахмет Байтұрсынов 1909 ж. бірінші шілде күні губернатор бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды. Көп кешікпей Ішкі істер министрлігінің Ерекше Кеңесі оны қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес.....
Шығармалар
Толық

Ахмет Байтұрсынов "Ақын ініме"

АСТАНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
4 ПКЯЛ тобыны4 студенті
Барлыбаева Гульшахат Расуловна
Сыныбы: 7а.
Пәні: қазақ әдебиеті.


Тақырыбы: А. Байтұрсынұлы «Ақын ініме».
Сабақтың мақсаты: А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
Міндеттері:
Білімділік: Өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу.
Тәрбиелік: Жас ұрпақты жаман әдеттен жирендіру, білімділікке, адамгершілікке, мәдениеттілікке баули отырып, көрсеқызарлық, күншілдік сияқты жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды өз ойын ашық айтуға, еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Танымдық қабілетін дамыту, өзіндік ой-пікірін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, талдау, мәнерлеп оқу, кесте, сатылай
кешенді талдау, әріптер сөйлейді, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, буклет.
Пәнаралық байланыс: тарих.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіздер ме?! Отырыңыздар! Сабақта кім жоқ? Үй жұмысына не берілді?
Ашық сабақтар
Толық