Әдебиет | Ахмет Байтұрсыновтың сөйлем синтаксисін дамытудағы үлесі

А.Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5-аулында, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген.
Ахметтің әкесі қарапайым шаруа адамы Байтұрсын Шошақов–арғын Үмбетей батырдың немересі.Шошақтың 4 ұлы болған: Байтұрсын, Ақтас, Ерғазы, Данияр. Олар жаратылысынан қажырлы, намысқор, Мұхтар Әуезовтың сөзімен айтқанда, «ірі мінезді адамдар» болғанға ұқсайды. Сондықтан болар, Байтұрсын жергілікті әкімдермен көп сиыса бермей, оларға тынышсыздау болады.Тіпті ауылдағы түгіл уезд басындағы ел билеушілердің зорлық-зомбылығына көнбейтіндігін көрсетеді.Сол үшін ел адамдары «кәрі ояз» деп атап кеткен палковник Яковлев 1885 жылдың күз күндерінің бірінде (12 октябрде) Жыңғылдының бойында отырған Шошақ аулына келіп,ағайынды Ақтас пен Байтұрсынды ұстамақ болады сол сәтте ауылда болмай шыққан Ақтасты тауып бермедіңдер деп елге ойран салады,әйел-балаға дейін сабап, бастарына қамшы үйіреді .Ояз бен оның отрядының бұл бассыздығына шыдай алмаған Байтұрсын Яковлевтің озін атынан аударып алып,басын жарады, отрядымен ауылдан қуып шығады.....
Курстық жұмыстар
Толық