Тарих | Аңырақай Орбұлақ және өзге де шайқастар

Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан-ғайыр алқап- көшпенді қазақ жұртының бағзыдан бергі ірге тепкен ата қоныс, алтын бесігі. Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең даланы біздің ата-бабамыз ғасырлар бойы ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қорғап келді. Бәрінен бұрын жан- жағын жолбарыстай жайпаған Жонғар шапқыншылығы қазақ елі үшін үлкен нәубет болды. XV-XVII ғасырларда қазақ хандығы бірде өсіп- өркендеп, тұрақтылығы бекіп, берік болса, бірде бірлігі бұзылып, босаң тартқан, кейде жеке-жеке хандықтар болып ыдырап кеткен кездері болды. Көрші елдермен негізінен бейбіт қарым-қатынастар, шаруашылық және мәдени байланыстар жүргізіп отырды. Олармен кейде шағын шайқастар, шұбалаңқы соғыстар болып тұратын. Бұл жорықтар негізінен пайда табу, тонау, соның арқасында баю үшін жүргізілген тонаушылық шапқыншылықтар еді. Марқайып, мерей толтырарлық жеңістер де, көңіл күйзертерлік ащы жеңілістер де болатын. Солардың ішінде ең ауыры да, ең ұзағы да қалмақтармен соғыс еді. Орыс тарихшысы- шығыстанушы В.В. Вельяминов-Зерновтың жазуына қарағанда қазақ-ойрат қарым-қатынастары XVI ғасырдың бірінші ширегіне дейін бейбіт түрде болса керек. Осы ғасырдың 30 жылдарынан жағдай өзгеріп, күрес басталған.
XVI ғасырдың аяғында, XVII ғасырдың бас кезінде, әсіресе Есімханнның ел билеуі (1598-1628) кезінде Қазақ хандығы біршама күшті еді. Ол бытыраңқы ойрат тайпаларымен салыстырғанда басым түсетін. Есімхан билік құрған жылдарда ойраттардың бір бөлігі Жәңгір сұлтанға тәуелді болды. XVII ғасырдың екінші жартысында күштердің ара салмағы өзгеріп, жоңғар тайпалары басымдық ала бастайды. 1635 жылы бытыраңқы ойрат тайпалары қосылып, бірыңғай жауынгерлік - әскери сипаттағы Жоңғар мемлекетін құрды. Қазақтар сияқты, ойраттар да көшпелі, мал шаруашылығымен айналысты. ....
Рефераттар
Толық