Қаржы | Ақша қаражаты құнды қағаздар ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметкерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде, жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
1. Банк жүйесі арқылы қолма қолсыз ақша аудару жолымен.
2. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.
Ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері:
1) ҚР Әділет министрлігінде тіркеуден өткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шоттарын;
2) шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен
қозғалысын есепке алу үшін заңды тұлғаларға валюталық
шоттарды;
3) бюджеттік мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша, қоғамдық ұйымдарға, өндірістік, ком-
мерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық
шоттарды;
4) республикалық бюджетте түрған мекемелерге бюджеттік
шоттарды;
5) Ұлттық банк мекемелеріндегі екінші деңгейдегі банктерге
корреспонденттік шоттарды ашады.
Касса - есеп айырысу операцияларын банк арқылы өткізу мемлекеттік заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасауына мүмкіндік береді. Банк субъектінің бюджетпен салықтар мен алымдар бойынша уақтылы есеп айырысуын, жеткізушілердің шоттарының уақтылы төленуін бақылап, әртүрлі мақсаттар үшін кәсіпорынға қарыз береді және олардың қайтарылуын қадағалайды. Банк арқылы қолма қолсыз ақша аудару жолымен төлем жасау есеп айырысудың негізгі нысаны болып табылады.
Ақша қаражаттарының бір бөлігі қызметкерлермен еңбекақы бойынша қолма-қол есеп айырысу үшін, қолма қол ақшаға құндылықтарды сатқаны үшін есеп беретін адамдар пайдаланады. Мұндай қаражаттар кассада сақталып, сол арқылы айналымға түседі. Есеп айырысу операцияларының тиімділігі көбіне ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің жағдайына тәуелді.
Ақша қаражаттарының, есеп айырысулардың және несие операцияларының бухгалтерлік есебінің міндеттері:
1. Қолма қолсыз ақша аудару жолымен және қолма қол
ақшамен қажетті есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргізу.
2. Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын
және есеп айырысу операцияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде көрсету,....
Курстық жұмыстар
Толық