Қаржы | Ақша қаражаттарының қоры қаржы қатынастарының материалдық заттық көрінісі ретінде

Рыноктық қатынастар құрылымында да мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.
Ал өз кезегінде қаржы – ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберінде қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Қаржы механизмi арқылы мемлекет өзiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк сфералардағы көптеген қызметтерiн атқаруға қажет ақшалай қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және пайдалану туралы қатынастардың жүйесi аталынады.
Қаржының экономикадағы басты қажеттiгi объективтi мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
Экономикадағы ақша қорлары негізінен орталықтандырылған, яғни, мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қорлардың негізінде жинақталған ақша қорлары болса, ал орталықтандырылмаған ақша қорлары бұл қызмет етуші кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қорлары болып табылады. Ал ақша қорларының қалыптасуы ақша қаражаттарының қорларының қалыптасуының негізінде пайда болады. Осы жинақталған ақша қоралы қаржы қатынастарын іске асырудың негізі болып табылады.
Сондықтан курстық жұмыстың тақырыбын «Ақша қаражаттарының қоры қаржы қатынастарының материалдық-заттық көрінісі ретінде» деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі қаржы саласы мемлекеттің және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы қорларының үздіксіз қалыптасып отыруын, осы қорларды қалыптастырудағы ақша қаражаттар қорларының тиімді қалыптасуын қамтамасыз етудің маңыздылығын, еліміздегі бүгінгі таңдағы негізгі қорлар мен ақша қаражаттарының қорлары негізінде жұмылдырылатын қаржы қатынастарының ерекшелігі туралы тоқталу болып табылады.
Жұмысты орындаудағы алдыма қойған негізгі мақсатым: ақша қаражаттарының қорларының қаржыны қалыптастырудағы орнын анықтау және еліміздің ұлттық қорының құрылу барысы мен экономикадағы қызметтеріне тоқталу болып табылады...
Курстық жұмыстар
Толық