Информатика | Ақпарат және информатика

Ақпаратты шындығында да ғылыми ұғым ретінде қарастыруға болады. Өйткені бұған дейін ақпараттың кұрылымы мен қасиеттері барлық ғылым салаларында зерттелінді. Мысалы, физика - ақпарат таситын сигналдардың қасиеттерін зерттейді. Табиғаттағы көптеген құбылыстардың сигнал шығаратыны белгілі. Ал тіркелінген сигналдар белгілі бір мәліметтерді құрайды. Мәліметтер түрленіп, тасымалданып, әдістердің көмегімен қолданыс табады. Мәліметтер мен әдістердін өзара әсерлесуінен ақпарат түзіледі. Өлі табиғаттағы процестер үздіксіз энергия алмасу түрінде өтеді. Энергия алмасумен қатар тірі табиғатта бағытталған зат алмасу процесі жүреді. Зат алмасу мен энергия алмасу процестерінің арасындағы өзара байланыс ақпарат алмасу турінде өтеді немесе оны ақпараттық процесс деп атайды.
Сонымен ақпарат — бұл ақпараттық процесс барысында түзілетін қозғалыстағы объект. Ақпараттың қасиеттері мәліметтердің қасиеттеріне де, әдістердің қасиеттеріне де тікелей тәуелді.....
Рефераттар
Толық

Информатика | Ақпарат және информатика (5 сынып)

Закирова Мадина Пайзуллаевна
№244 Ы.Жақаев атындағы орта мектептің
математика және информатика пәндерінің І санатты мұғалімі

Ашық сабақ тақырыбы: Информатика және ақпарат
Ашық сабақ мақсаты:
Ашық сабақ білімділігі: Оқушыларға «ақпарат» терминімен, ақпарат тасығыштар, ақпарат түрлері, адам ақпаратты қабылдауы жайлы түсіндіру;
Ашық сабақ тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге, шапшандыққа тәрбиелеу:
Ашық сабақ дамытушылығы: Оқушылардың логикалық қабылеттерін, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Ашық сабақтар
Толық