Өмір жайлы 7 ақиқат!

Өмір жайлы аитар болсам ақиқат
Ендеше мен баяндайын насихат
7 ақиқат бар екен мына өмірде
Ой саларлық , тәкаппарлау көңілге


Ақиқаттың біріншісін аитайын,
Өзгелерді жазғырма....

Өлеңдер
Толық

Логикалық өрнекке қалай ақиқат кестесін қалай тұрғызуға болады? (Информатика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәліметтердің берілуі.
Сабақтың тақырыбы: Логикалық өрнекке қалай ақиқат кестесін қалай тұрғызуға болады?
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілетеме): 10.2.2.2 берілген логикалық өрнектің ақиқат кестесін тұрғызу
10.2.2.1 логикалық операторларды пайдалану (дизъюнкция, конъюнкция, инверсия)
Сабақ мақсаты: Ақиқат кестесін тұрғызу алгоритмін қарастыру.
Логикалық өрнекке ақиқат кестесін тұрғызу........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ақиқат кестесін құру (Информатика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Деректерді ұсыну
Сабақтың тақырыбы: Ақиқат кестесін құру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 10.2.2.2 берілген логикалық элементтер үшін ақиқат кестесін құру
Сабақ мақсаттары: Білім алушыларда логикалық өрнектер үшін ақиқат кестелерін құру технологиясын қолдану дағдыларын қалыптастыру. Ақиқат кестелерін толтыру........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» (үзінді) (7 сынып, IV тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Батыр туса-ел ырысы.
Сабақтың тақырыбы: Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» (үзінді)
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.ТБ1.7.Септеулік шылаулардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар:
• Сөз таптары. Шылау туралы түсінікті қалыптастыру
Көптеген оқушылар:
• Септеулік шылаулардың қызметін білу
Кейбір оқушылар:
• Септеулік шылауларды ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қалижан Бекқожин (Ақиқат кілті)

— Женева! — Сұлу қала, маңы ғажап,
Саяхат еткендерге жаны қалап.
Орманнан тыңдап жырын әнші құстың,
Екі жан келе жатыр көл жағалап.
Серуен, жағада жұрт жабырласқан,
Алуан тілдер мұнда да жамырасқан.
Бетінде біреулердің жұлдыз ойнап,
Жандар көп ақ жүздерін зәбір басқан
Жан сауға саясындай осы бір жақ,
Болатын қуғындарға таса, тұрақ
Тоғысқан мұнда нелер өрен ойлар,
Асылдай әр қиядан түскен құлап.
Бар шығар жасағандар саяхатты,
Судай бір сапырғандар саясатты. .....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Ақиқаттың алдында)

— Уа, халайық, халайық,
Сөзге құлақ салайық!
Кім жөнінде, не жайлы
Әбден ұғып алайық!
«Жау жүрекке өлермен
Жан емеспін көнер мен.
Жігіт болсын, шал болсын,
Жеңіп алсын өнермен»,—
Деп ақылды ханшамыз,
Бас берсек те қаншамыз,
Бір тіл қатпай ешкімге,
Бәйік болдық баршамыз.
Сертінде сол қалмақшы,
Көпке салмақ салмақшы.
Сөйлеткеннің ғана ол
Сүйген жары болмақшы.
Азаматты пішінді,
Ақылы мол кішіңді........
Өлеңдер
Толық

Әдебиет | АҚИҚАТТАН АДАСУДЫҢ АЗАБЫ

Шыңғыс Айтматовтың: “Адам тұлға ретінде траге¬дия¬лық қобалжулар арқылы ашы¬ла¬ды” — деп айтқаны бар. Шын¬дығында, өмір тану мен адам тану дегеніміз – осы екеуі¬нің трагедиялық кезең¬дер¬ге неге тап бола беретіндігінің сырын ашу.
Алдан Смайылдың “Фо¬лиант” баспасынан жарық көрген “Тамұқтан келген адам” романының басты құндылығы да осында. Жазушы аталған шығармасында адам трагедия¬сының ең бір үрейлі кезеңі — өткен ғасырдың отызыншы жылдардағы сұрапылын таңдап алған. Дәл осы шақ – репрес¬сия мен геноцид, тұтас ха¬лықтарды ессіз идеологияның көзсіз құлына айналдыру, ұлттық тамырдан үзілу қатеріне алаңдамайтын санасыздық, шектен шыққан қаталдық, жойқын қырғындар адам жаратылысының құпияларына бойлауға шақырып тұрғандай. Романның көп қырлы филосфиялық астарларынан сауып айтсақ, аталған тұста “Өмір де, өлім де жасанды еді. Одан кейінгі өмірлер мен өлімдердің табиғи бола аларына ешкім кепілдік бере алмайтын. Өйт¬кені, кеше жер басқандар мен бүгінде жер басып жүргендер құдай сыйлаған өмірді екі¬жүздендіріп әуре. Ал дәуірлер бойында көз жұмғандардың ішінде ақ өліммен өлгендер мен адам қолынан о дүниелік бол¬ғандардың қайсысы көп екен¬дігін ойласаң, сірә соңғылары шығар деп шошисың”.
Сырт қарағанда тосын ой¬лар секілденер, алайда адамзат¬тың өткені мен қазіргі күн¬дерінің трагедияларына үңіл¬сең, дәл осылай бас қатырарың анық. Өркениеттің көгіне кө¬терілдік деген бүгінгі заманда да адам тіршілігінде мәз бо¬ларлық не бар? Сол баяғы атыс-шабыс, сол баяғы үрей, ал¬дау мен сату, қатыгездік, эфир¬¬лерден күн сайын ести¬тінің жарылыстар мен қақты¬ғыстар.
Сонда мына жалған адам мен адамды неге шабыстыра бе¬реді? Бұған роман кейіп¬кер¬лерінің пайымы әркелкі.
“Ғұмыр бойы қарасы өшкір өшпенділіктің құлы болдым ғой, — деп күңіренеді елге шыққан жазалаушы жасақтың қаныпезер басшысы. — Ол мені қатыгездендіріп алып өмірі барларға қайрап салды да отырды”.
Көзін тырнап ашқаннан осылай, әуелі өмірге өлек¬селеніп келген өзіне, содан соң айуанданып кеткен анасына өшікті, удай мас болып құлап жатқанда талай рет үнін өшіре сал¬ғысы келген. Ессізденіп алып ойына келгенін істейтін сұмырай өз ажалынан өлсе, оған тек мұның біржола қор¬қау¬лана қоймағандығы кінәлі еді.
Кейін көзіне көрінгеннің бәріне өшігетін болды, олардың өзі секілді бұралқы иттей бұра¬тылып жүрмегендігі үшін, кү¬ңіренбей күлгені үшін, жетім¬сіремей жетіскені үшін...
“Қарғыс айтып қыңсылап жүргендер өшін ала алмай өлек¬-селенгендер ғой, олар қашан да өкініп өледі. Өші кетіп өшкендердің күйзелісінен сақтасын. Өзегі өртеніп тұрса да өшіге білмейтіндер баяғыда өліп біткендер, — деп тістенеді ол. – Мұңсызбын деп жүрген-дердің бәрі өздерінен өш ала алмайтынын сезеді. Қай¬ғылының бәрі алынбаған өші¬нің соңында ғұмыр бойы сал¬пақтайды. Өмір өшіктіру мен өш алудан тұратынын ұқпаған¬дар өшін қуғандарды қайдан түсінсін. Тәңірдің өзі бұларды тозақтан бетер жұмыр жерге өмір¬ден өш алу үшін жамыратып жіберген жоқ па?!” ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Бекет ата Аңыз бен ақиқат

Жұмысымның негізгі мақсаты: Мектеп бағдарламасы бойынша оқулықта толық қамтылмаған тақырыптардың бірі - тарихи тұлға Бекет Мырзағұлұлының ғибратты ғұмыры, ол салған тарихи ескерткіштер болып саналатын мешіттерінің ғылыми негізге сүйеніп салыну үлгісі мен ағарту бағытындағы маңызын ашу.
Жұмысымның ғылыми жаңашылдығы мен өзекті мәселелері: Тарихи ақтаңдақ беттерінің бірі болып келген Бекет ата мұраларын зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып талдау арқылы тарихта алатын орнын зерделей отырып, кейінгі ұрпаққа насихаттау біздің еншімізде екеніне ықпал ету.
Жұмыстың практикалық маңызы: Тақырыптық тұрғыдан талданған деректерді өскелең ұрпақ сұранысын қанағаттандыру мақсатында таңдау курстары мен үйірме жұмыстарына көмекші құрал ретінде пайдалану......
Ғылыми жобалар
Толық

Әзілхан Нұршайықов | Ақиқат пен аңыз

БІРІНШІ ДИАЛОГ

I

Алматы жазда да, күзде де әсем ғой, шіркін! Сентябрьдың аяқ кезі болса да, астана ыстық, шуақ, жылы нұрға бөгіп тұр. Бірақ ауа райының хабаршылары бүгін жиырма бес градус ыстық болады деп айтқанымен, жаз жиырма бесі мен күз жиырма бесінің жалыны бірдей болмайды екен. Жаздың мұндай күндерінде шолақ жең көйлек киген көше жаяулары жандарына сая таппай дедектейтін еді. Қазір де көйлекшеңдер көп кездескенімен, бірсыпыра жұрт иықтарына костюм іліпті, бәрі де аяқтарын асықпай басатын болыпты.

Күн әлі де едәуір ыстық болғанымен, сары күздің келгенін сары ала жапырақтар айқын аңғартқандай еді. Төбеден төмен қарай қалықтай құлаған екі-үш жапырақ Фурманов көшесімен жоғары қарай өрлеп бара жатқан менің алдыма келіп түсті.

Комсомол көшесінің қиылысындағы «Ювелирторг» магазинінен өткеннен кейін, үйлердің номеріне көз сала бастадым. Өйткені менің іздеп келе жатқан үйім осы тұста болуға тиіс. Білетін адамдар маған магазиннен өтісімен-ақ оң жағыңа қарай бер деп түсіндірген. Расында да лезде-ақ мен бұрышында төрткіл көк қаңылтырға ақ сырмен 117 деп бадырайта жазылған номері бар үш қабат үйдің қасына келдім.

Үйдің осы номеріне көзім түскен сәтте жүрегім сәл шым ете қалып, өн бойымды әлде бір жеңіл діріл аралап өткендей болды. Ол бірте-бірте ұмытылыңқырап бара жатқан ескі сезім еді. Ұлы Отан соғысында жүрген кезімізде, шабуылға шығар алдында дәл осындай болып, көңіл қобалжыңқырайтын да, артынан дайындық басталғаннан кейін, дененің дірілі басылып, қорыққаның, қобалжығаның ұмыт боп кететін.

.....
Әңгімелер
Толық