file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Агробиология | Ақ қауданды капустаны суғару тәсілдерінің өнім сапасы мен сақталғыштығына әсері

Көкөніс шаруашылығы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің маңызды салаларының бірі болып саналады. Себебі, қазіргі таңда статистикалық мәліметтерге сай елімізде жыл сайын орташа есеппен алғанда 140 мың га шамасындағы жерлерге көкөніс дақылдары өсіріліп, олардан 3,5 млн тоннаға жуық көкөніс өнімдері өндіріледі. Бұл дегеніміз - Қазақстанның 18 миллиондық халқына жан басына шаққанда жылына орташа есеппен 194 кг көкөніс өнімдері өндіріледі дегенді білдіреді.
Медициналық тұрғыдан алып қарағандағы мөлшерден жоғары көкөніс өнімдерін өндіретіндігімізге қарамастан еліміздегі көкөніс шаруашылығы шаруашылықтардың қаржы-теникалық әлеуеттерінің төмен болуына орай әлі де негізінен тозығы жеткен машина-трактор паркі мен дәстүрлі технологиялардың көмегімен өндірілуде. Соған сәйкес өнімділік пен сапа көрсеткіштері де төмен деңгейде қалып отыр, яғни статистикалық мәліметтер еліміздегі көкөніс дақылдарының орташа өнімділігі 24-27 т/га екендігін көрсетеді. Жиналған өнімдердің біршама бөлігі қауқары шамалы қоймаларда сақталынады, сондықтан да аурулар мен салмағының табиғи кемуі айтарлықтай дәрежеде орын алады. Осыдан келіп өндірілген өнімнің бірқатар бөлігінің жиналмай қалуы, тасымалдау мен сақтау мүмкіндіктерінің төмендігі және т.б. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық