Ақ бидай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жоғарыдан келеді бір топ тана, ақ бидай,
Бір топ тана су ішер ұрттап қана.

Игаужан, жан жан-ай,
Дәурен екі келмейді-ай.

Көп ішінде сағымды сындырмадың, ақ бидай,
Төсегіңде, бір топ бала.

Игаужан, жан жан-ай,
Дәурен екі келмейді-ай.....
Өлеңдер
Толық

Биология | Ауыр металл тұзы cdcl2 нің жұмсақ бидай сорттарына әсерін зерттеу

Дәнді дақылдардың өнімділігін көтеру қазіргі егін шаруашылығының өзекті мәселесі. Жергілікті жердің сорт түрлері, ауыл-шаруашылығына қажетті құнды белгілері бойынша селекция үшін сұрыпталып отырылады. Әрбір шығарылған сорттың ауруға және сыртқы орта факторларына төзімді, сапасы жағынан күшті болуымен қатар өнімділігі жоғары болуы қажет. Осы сыртқы факторлар ішінде ауыр металдар тұзының өсімдікке және қоршаған ортаға әсерін зерттеу экология саласындағы актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан, қазіргі кездегі ғалымдардың алдындағы күрделі мәселелердің бірі ауыр металдардың тірі ағзаларға әсерін әлсірету болып табылады. Ауыр металдар белоктардың белсенділігін төмендетіп, металдық кофакторларды араластырып, активті бөліктерді блоктап және аллостериялық өзгергіштіктерді туғызуы мүмкін /1/. Сонымен қатар, олар мутагенезді және ісік клеткаларын немесе макроскопиялық өзгергіштіктерді түзуге бейім болады. Ең улы және қоршаған ортаға кеңінен таралған ауыр металдардың бірі кадмий болып есептеледі. Бұл элемент тірі ағзаларға қауіптілігі жағынан бірінші топқа жатқызылады \2\ . Кадмий адам және жануарлар ағзасына жиналуға қабілетті және жүрек қан тамыры әрекетіне себепші сонымен қатар, биосинтез процесін төмендетеді. Ауыр металл тұзы – жекелей алғанда CdCl2 фотосинтез және өсімдіктердің тыныс алуы кезінде метоллотианин кофакторына әсерін тигізіп, клеткада бұзылыстар тудыратыны анықталды. Ол бұзылыстар кейбір ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, пайдалы бұзылыстар болуы да мүмкін \3\.
Мелничук Ю.П. (1979) қызметтестерімен бірге ауыл шаруашылық өсімдіктерін алғашқы өсу кезінде кадмийдің төменгі концентрациясымен өңдеп, өсімдіктің өсіп, даму процесін жылдамдататындығын және тамырдың меристемалық клеткасының митоздық бөлінуінің G1 – кезеңінде белок биосинтезі мен РНҚ синтезін жоғарлататындығын дәлелдеді \4\.
Дәннің өсуі кезінде кадмийдің активтелген әсері фитохромның регуляциясы мен байланысты. Сондықтан, кадмий өсімдіктердің митоз кезеңіне әсерін тигізеді, яғни цитокинездің бұзылуына әкеледі де, өсуді тежейді немесе мүлдем тоқтатады \5\.
Кадмийдің әсерін басқа ауыр металдармен салыстырғанда, өсімдік тіршілігіне қажеттілігі және оның топырақтан өсімдікке тасымалдануы, ұлпалардағы локализациясы әлі толық дәлелденбеген \6\. Сондықтан, біздің зерттеуімізде бұл химиялық қосылыстың (CdCl2) жұмсақ бидай сорттарына әсері зерттелді және осы химиялық қосылыстың әсерінен болған сандық және сапалық өзгергіштіктерге талдау жасалынды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Әбдіжәміл Нұрпейісов | Ақ бидай туралы аңыз

Құлқын сәріде жазу столына кеп отырғанда айтар ойым әзір сияқты еді. Ыбырсып жатқан қолжазбаларды ары ысыра сап, әдеттегі машықпен бір парақ қағазды алдыма тартып алдым. Қолымда жем тілеген көгершіннің мойнындай қылпылдаған қарындаш та аяғынан басып, шу деген жерден ақ қағаз бетімен жорғалай жөнелетін сияқты еді. Иә, кейде кісі бастамаған ісінің ақыры сәтті болып аяқталарына көзі күні бұрын жетіп, көкірегінде қолға ұстатқандай бір нығыз сенім тұрады. Оның үстіне мен осы барған сапарымнан көңілді қайттым. Түгін тартсам түбінен майы шығып жатқан қазіргі Сарыарқаның ырысы мен ырзығы мол даласын өз көзіммен көріп қайтқам-ды. Сол далада қара жерге қолдан егін егіп, ағыл-тегіл астық өндіріп жатқан адамдардың кешегі егін орағы басталып кеткеннен бергі жан алып, жан берердей еңбегін барша жұртқа паш етсем бе деп едім. Асылы қағаз соңына түскен адамның өзіне-өзі ие бола беретін кезі аз болады. Кейде сені қиялың билейді. Кейде көлденеңнен киліккен бір желөкпе сезімнің жетегіне ілесіп кете барасың. Енді, міне, Құдай қылса қайтесің... Таңмен таласа оянып, үй іші ұйқыда жатқан осынау бір әрбір қалам ұстаған кісілер үшін іздесе таптырмайтын жым-жырт тыныш кезде столға отырып, осы сапардан көңілімді толқытып қайтқан кейбір әсерім мен ойымды ортаға салар жерде, қайдағы бір қаперімде жоқ нәрсе қалам ұшына орала кеткені. Онда да ертеде өткен ескі қазақ өмірі. Ескі өмірдің де өзімнің тап осы қазіргі көңіл-күйіме құттай да қатысы жоқ қайдағы-қайдағы жүдеу көрінісі. Қыста қанша жамау бастырсаң да жыртық-тесігі таусылмайтын атаң қазақтың әйтеуір лаждап уақыт өткізетін лашығы мен ықтырмасынан жел ызғып, зықын кетіріп біткесін, ол кезде әрбір өткен күнді олжадай көретін кедей шаруалар көктем нышан беріп, күн жылт етсе болғаны жайлауға көше жөнелетін. Бар тірлігі ат жалы мен атан қомында өтетін көшпелі ел үшін қиын өмірдің ең бір қимас шағы - осы көктем. Қардан арылған қырда қыс ызғары сірә да қалмайды......
Әңгімелер
Толық