Қаржы | АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫ

Шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысын – ақша айналымы деп атайды. Егер айналымдағы ақша көлемi шаруашылық қызмет етуiне қажеттi ақша массасынан артық болса, онда қоғамда ақшаның құнсыздануы етек алып, ол өз кезегiнде экономикалық активтiлiктi төмендетiп, экономиканы дағдарысқа алып келедi. Сондықтан, ақшаның мәнiн, оның айналыс заңын, ақша айналысына қажеттi ақша массасының көлемiн анықтау және ақша массасын құраушы ақша агрегаттарының құрамдарын талдап, оны ұлттық экономика тұрғысында тиiмдi пайдалану жолдарын анықтау менiң бұл тақырыпты орындауымдағы мақсатым мен міндеттерім болып табылады.
Сондықтан мен экономикалық теория пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын “Ақша айналысы және ақша айналымы” деп алдым.
Осы ақша айналысының тұрақтылығын, бірқалыпты айналысын реттеуге мүмкіндік беретін ақща түрі және экономикалық шаруашылықтардың үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайда болатын қызметтер мен өнімдердің ақысын кешіктіріп төлеуге мүмкіндік беретін айналыс құралдары несиелік ақшалардың маңызы зор балып табылады.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi басқа нарықтар секiлдi ақша нарығында да ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ақша нарығының тепе-теңдiгi экономика дамуы үшiн тиiмдi болып табылады. Сондықтан осы ақша, ақша айналымын тиімді ұйымдастыру арқылы ақша нарығының қызмет етуiн жақсарту өз егемендiгiн ендi ғана алған елiмiз үшiн ең маңызды атқарып отыратын шаралардың бірі болып табылады. Әсiресе ол ұлттық экономиканы ынталандыру және инфляцияны азайтып, тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзуге өз септiгiн тигiзедi.....
Курстық жұмыстар
Толық