Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда аттың ескі тағасын көріп, баласына: — Балам, анау тағаны, ала жүр! — дейді. Бала әкесіне: — Әке, сынып қалған ескі таға ғой, пайдасы жоқ, не қыламыз оны, — дейді. Әкесі үндемейді. Тағаны өзі иіліп жерден алады да, жүре береді. Олар қалаға жақындайды. Қаланың шетінде....
Жаңадан үйленген екі жас алғашқы айларында-ақ тұрмыстарының өздері ойлағандай болмай шыққандығын түсіне бастады. Негізі бір-бірін жақсы көретін. Екеуі де ажырасуды қаламайтын бірақ бұдан әрі де бұлай жалғасуын тоқтататын шешім іздеді. Ері “маған бір ой келді” деді. “Бақшаға бір ағаш отырғызайық. Егер бұл ағаш үш ай ішінде қурап кетсе ажырасайық. Қурамай өніп кетсе бұдан былай бұл тақырыпты қозғамайтындай болайық. Ал бұл мерзім ішінде екеуміз екі бөлек бөлмеде тұрайық.” Бұл пікір келіншегіне де ұнайды. Ертеңіне бір жеміс көшетін алып бірге бақшаға отырғызады. Арадан бір ай өтеді. Бір түні бақшада кездесіп қалады. Екеуінің де қолында су толы бидон бар еді...
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-тұғырым» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз!Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. Жаңа жылмен құттықтаймын бәрінді, Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық, Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Ердің елін сақтауының арқасында біздер бүгінгі күнге жетіп отырмыз. Тарихымызға көз жүгіртіп көріңізші. Қазақ халқының ұлан байтақ жерін жаудан қорғауда ер азамат пен тұлпардың рөлі ерекше болды. Халық даналығы осы бір ауыз сөзбен халқымыздың тарихынан да, тіршілігінен де хабар беретіндей.