Ата-бабам аңсаған Тәуелсіздік

Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың сан ғасыр армандаған, жете алмаған арманы. Елін жерін жаудан қорғап, қасиетті дархан даланы азат етуді міндет еткен. Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай. Қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады. Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқаңдап қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан- Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы екені сөзсіз.
Осылардан туындайтын және басқа да ірілі-ұсақты шаралар болды.Тоталитарлық тәртіп жүзеге асырған халыққа жат саясат аса зор, қасіретті зардаптар әкелді. Жаппай отаршылдықтың салдарынан Қазақ халқының жартысына жуығы қырылды; өзінің атамекенінен басқа елдерге ауа көшті, тіл мен діл, дін мен ұлттық сезім, таным жойыла бастады.
Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафа, Смағұлдай бабаларымыз халықты алаш туы астында ел болуға, мемлекет құруға шақырды.
Сұлтанмахмұттың «Өлер жерден кеттік біз, бұл заманға жеттік біз»-деп жапанға жар салатын кезінде ұлт зиялылары не істеу керек, қайтеміз, қалай ел боламыз?- деп ойын он саққа, қиялын қырық саққа жүгіртіп еді. Сонда Әлихан Бөкейхан «Автономия, бізге керегі – автономия!» деп қайта-қайта шырылдап, телеграмма салумен болды.
Сондағы ойы «мемлекет құрып алайық, мемлекетіміз болса, қалғанының бәрі болады» деген асыл арманы еді. Қазақ автономиясын жариялағанда алаштың арыстары «Міне, ел болдық, еркіндік өз қолымызға тиді» деп бөркін аспанға атты. ....
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздік - азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтырдың қасиетті қанының өтеуі

Ұлттық патриотизмсіз ұлтты сақтап қалу мүмкін емес, ал ұлт болмаған жерде мемлекеттік деген ұғым да жойылады. Біз қазақ ұлтын сақтап қалғымыз келсе, ұлттық патриотизмді мықтап дамытуымыз қажет
Қазақ халқы

Біз – қазақ ұлты терең тарихы, бай мәдениеті, озық өнері мен шешен де маңызды тілі бар елміз. Арғы тарихымыз біздің дәуірімізге дейінгі V-ІІІ ғасырлардағы сақ, ғұн, үйсін тайпаларынан басталатын болса, «қазақ» деген атауға ие болып, қазақ мемлекетінің құрылғанына 550 жыл толып отыр. Римді жаулаған ғұн патшасы Еділ (Атилла), Кирдің басын алған Томирис ханшайым, түркі дүниесінің төріндегі Бумын, Тоныкөк қағандар, Мысыр билеушісі Сұлтан Бейбарыс, Үнді жеріне иелік еткен Бабыр, Шыңғыс хан, Абылай, Кенесары, Дінмұхамед, Нұрсұлтан есімдері біз үшін тек зор мақтаныш қана емес, рухани әлеміміздің шамшырақтары екені даусыз.
Түркі мәдениетінің жауһарлары өз дәуірінде ғана емес ХХІ- ғасырда да әлемдегі ең озық мәдениет екенін тарих дәлелдеп отыр. Египеттің пирамидаларынан Қожа Ахмет Яссауи мовзолейі, перғауындардың саркафагтарынан қазақ даласының алтын сауыттары кем емес екені әлде қашан дәлелденген. Көшпенділер өнері, шумерлік мәдениет әлемді мойындатқалы қашан.
Ғылыми зерттеулер бойынша қазақ тілінің түп атасы-түркілердің сына жазуы славян-кирилл жазуынан 15 ғасыр, грузин және армян жазуынан 10 ғасыр бұрын пайда болған. Қазақстан жер көлемі жағынан әлем бойынша 9-шы, ТМД бойынша 2-ші орынды иеленеді. Қазақ ұлты тарихта тағдыр талайын аз көрмеген халық. Жер шарының жартысын табанының астына салған дүбірлі дәуірімен бірге халқының үштен екісін жоғалтып, өз жерінде жалпы халықтың 24 пайызын ғана құраған, зиялысымен бірге ер азаматтарынан мүлде айырылып қалудың аз алдында қалған, соған қарамастан ұлттық намысын, салт-дәстүрін, діні мен тілін, ұлттық болмысын ғана емес мемлекеттігі мен жерінің тұтастығын сақтап қалған қайсар да жауынгер, кемел де кемеңгер халық......
Шығармалар
Толық

Ағаны жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Есік алды жапырақ,
Жапырақ тұр жалтырап.
Иманды болғыр, жан аға,
Басыңа жансын шам-шырақ.
Кішкене ұршық қорғасын,
Осындай болам деп пе едім?!
Еркелеткен ағекем,
Маңдайыма көп пе едің?!
Ағекем едің алдымда,
Айрылып сізден қалдым ба?
Балаларың жас қалып,
Сары уайым салдың ба?
Көлдей болып көз жасым,
Жылаумен бардым үйіңе.
Орның тұр, өзің жоқ,
Осылай ма еді дүние?!
Күмістей ерден қас кетті,
Ауылымнан бас кетті.....
Өлеңдер
Толық

Ықсанның бәйбішесі Бәтимәнің жоқтағаны (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ұядан жалғыз сұңқарым,
Мыңнан озған тұлпарым,
Жатып бір қалды-ау қабірде-ай!
Бәйшешегім қуарып,
Тасыған дариям суалып,
Қалғаным ба, апырым-ай!
Қыршыным менің, бағланым,
Аузына күпір кірмеген.
Бозбалалық мінезге
Елігіп әсте ермеген.
Ақылы дана данышпан,
Кеудеге сыймай кернеген.
Жеткіншектер жеткенше,
Лажым бар ма Аллаға,
Ілгері өмір бермеген.
Қайран да мырза, жас манап,
Көңілімнің сәулеті.
Бабаңа қонған қызыр кеп,
Дулаттың дария суаты.....
Өлеңдер
Толық

Есмағамбетті әйелінің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссимилла сөздің басына,
Ағайын келді қасыма.
Бір күнгідей болмаған,
Дүние деген осы ма?!
Көңілден қайғы босатсам,
Келер ме көздің жасына?!
Жыламай нағып шыдайын,
Кешегі өткен асылға?!
Асылым түсті қолымнан,
Қанатым сынды оңымнан.
Құдай қосқан жайсаңым,
Адастырып жолымнан.
Отыз төртке келгенде,
Ұядан ұшты алғаным,
Дүниенің білдім жалғанын.....
Өлеңдер
Толық

Ағашаяқ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қарағым айналайын, келдің қайдан,
Ала үйрек алма мойын ұшар сайда.
Ей, қалқа, мекеніңді айтып қойшы,
адамның жат болмағы осындайдан.

Қайырмасы:
Әй, қалды-ау, қалды-ау,
Қыз қайда, ойбай,
Қыз қайда?
Қара жол ма дегенім,
Шұбырыңды із боды-ай, ойбай.
Ала жаздай нәр татпай,
Іздегенім қыз болды-ау, ойбай.....
Өлеңдер
Толық

Ағажай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аппақ шыңы Ай сүйген асқар Алтай,
Арайлы күн алтын нұр шашқан, Алтай!

Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!

Анам болып әлдилеп, күндіз-түні,
Бесігімдей тербеттің, жастан, Алтай.

Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!....
Өлеңдер
Толық

Ағажан-Ләтипа (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жаңа салған көктемнің гүліндейсің,
Піскен алма жайсаңның бүріндейсің.
Күлше берген баладай алдай түсіп,
Бер жағыңмен әшейінкүлімдейсің.

Ағажан Ләтипа,
Гүлмайдан Ләтипа,
Бір қиял, бір зиян,
Беу-беу Ләтипа!....
Өлеңдер
Толық

Ағажай - Алтай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аппақ шыңы Ай сүйген асқар Алтай,
Арайлы күн алтын нұр шашқан, Алтай!

Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!

Анам болып әлдилеп, күндіз-түні,
Бесігімдей тербеттің, жастан, Алтай.

Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!....
Өлеңдер
Толық