Ағайын, тума, туыс, туысқан

Ағайын татуда ат көп,
Абысын татуда ас көп.

Ағайынға қарап мал өсер.

Ағайын мен жекжат арасын,
Майына мінген ат айырады
Немесе оқымаған бата айырады.

Екі ағайынды жігіттің,
Кере қарыс жалы бар.
Жалғыз басты жігіттің,
Шығар-шықпас жаны бар.

"Сіз", "біз' деген жылы сөз, ағайынға жарасар.

Көсеуің ұзын болса, күймес,
Ағайының көп болса, ешкім тимес.
Мақал-мәтелдер
Толық

"Бала-шағамды зейнетақымен асырап отырмын": Роза Рымбаева карантиндегі өмірі жайлы

Қазақстанның алтын дауысы атанған әртіс қазір әншілер халыққа көмек көрсететін жағдайда емес екенін, өзі қаңтар айынан бері жұмыссыз отырғанын айтты

29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанған әнші Роза Рымбаева сахнада жүргеніне 45 жыл толуына орай күзде жеке концерт береді. Өнер иесі елдегі жағдайға байланысты бірнеше айдан бері жұмыссыз, балаларын зейнетақымен асырап отыр. Дегенмен карантин кезінде шығармашылығын тоқтатып қоймаған. Бұл туралы ол Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.
Жаңалықтар
Толық

Практикалық жұмыс. Тағам өнімдерінің құрамын анықтау (Химия, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Химиялық элементтер, қосылыстар және адам ағзасы
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс. Тағам өнімдерінің құрамын анықтау
Осы сабақ мүмкін ететін оқыту мақсаты: тағамдық өнімдердің бірқатарын: қант, крахмал (көмірсулар), нәруыз, майларды ажырату және оларды анықтай алу
Сабақтың мақсаты: Тағамның құрамындағы ақуыз, крахмал, майларды анықтай алу және талдау
Жұмысқа қажетті ресурстар:
Мыс сульфатының ерітіндісі, натрий гидроксиді, жұмыртқа ақуызы, күнбағыс, картоп, йод ерітіндісі.
Сынауықтар, пипеткалар, стақан, қасық, фильтр қағазы.
Пәнге қатысты лексика және терминология
Оттек, көміртек, сутек, азот, кальций, фосфат, калий, күкірт, хлор, магний
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
х –дан жасалған
Адам ағзасының басым бөлігі …- дан жасалған
Адам ағзасы n пайызға көміртегінен/күкірттен және т.б. тұрады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Минералдарды өндірудегі экологиялық аспектілер (қоршаған ортаға әсері) (Химия, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3B Геологиялық химиялық қосылыстар
Сабақ тақырыбы: Минералдарды өндірудегі экологиялық аспектілер (қоршаған ортаға әсері)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.4.2.6 табиғи ресурстарды өндірудің қоршаған ортаға әсерін зерделеу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар үйренеді
- қазба байлықтарды өндірудің экологияға тигізетін әсерлерін білу;
Оқушылардың көбісі үйренеді:
- жылыжай эфектісінің түзілуін және оның қызметін білу;
- жылыжай эфектісін түзуші газдардың қалыңдауының ғаламдық жылынуға ғаламдық алып келгенін түсіну;
Кейбір оқушылар үйренеді:
- пайдалы қазбалардың өндірудің .....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

"Түңіліп кеттім": Мадина Сәдуақасова карантин кесірінен күйзеліске ұшыраған

"Түңіліп кеттім": Мадина Сәдуақасова карантин кесірінен күйзеліске ұшыраған Автор: Малика Хадид Қазақстандық эстрада жұлдызы Мадина Сәдуақасова карантин режимі өзіне қалай әсер еткенін айтты. Төрт қабырғаға қамалған әнші шектеу шаралары салдарынан күйзеліске түскенін мойындады. Әрдайым гастрольдік сапарларда жарқырап жүретін өнер иесі үй шаруасының күйбең тіршілігіне үйренісе алмай жатқан көрінеді деп жазады nur.kz "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Мадина Сәдуақасова шығармашылығы тоқтап, күнделікті үй шаруасымен айналысамын деп күйзеліске ұшыраған. Ол карантин уақытында түңіліп жүргенін жасырмай айтты. ...
Жаңалықтар
Толық

Жұмағали Саин (Достық үні)

Жылдар талай сыйларын берген баптап,
Менде ұмытпай келемін мәңгі сақтап.
Күрес, табыс қаптаған қырық үш жылда

Мыңдар жылдың үстінен кеттім аттап.
Биыл да болды сансыз табыс мықты.
Космостық корабльдер көкке шықты....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Азғын)

Тәңірің сенің табынған
Бақыт пенен көк көйлек.
Жыртылар кезі кездессе.

Кетуің оңай өгей деп.
Ой салмаған бұл жолға
Аптығып жейтін нан салған.....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Алғыс саған, партия)

Қазақ едім, надан едім, тар едім,
Тендікке де, бостандыққа зар едім.
Компартия қанат бердің, әл бердің,
Тек кеуде де шыбыны бар жан едім.
Қырық жылымда талай астым қырқадан,
Өмір кештім көк дауылдай бұрқаған,
Күрестер мен жеңістерден өткіздің
Естіді әлем дауысымды ән шырқаған.
Завод қаптап, колхоз, совхоз гүлденді,
Қырық жыл бойы қазақ елі түрленді,
Даңқы кетті көтеріліп аспанға
Тап-тамаша бүкіл дүние білді енді.....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Әнге айналған адам)

(Мұса Жәлел жайында)

Зар болып кең дүниемен тілдесуге,
Отырды ол соңғы түнек түрмесінде.
Біледі көп ұзамай үні өшерін,
Біледі табылмасын мүрдесі де.
Қу сүйек уыз тәні боршаланған,
Әлі жоқ қимылдауға шаршағаннан.
Дейді ол — тәнім тұтқын болғанымен,
Дұспан жоқ рухымды қоршап алған.
«Ұлы Отан, арқа тұттым ұраныңды,
Қолтықта арпалысқан ұланыңды!
Самалын туған жердің құй қаныма.
Тосайын ән-күйіңе құлағымды».
Сүйгендей оң көзінен ғашық жаны,
Шалқыды шабыттанған ақын жаны.....
Өлеңдер
Толық