Пән: Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера, экожүйе және популяция Сабақ тақырыбы: Қоршаған орта факторларының жергілікті экожүйе ағзаларының тіршілік әрекеті мен таралуына әсері Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.1 қоршаған орта факторларының жергілікті экожүйе ағзаларының тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу Сабақ мақсаттары: Оқушылар: Барлықоқушылар: Мекен ету ортасына қарап, сол жерлерде өсетін өсімдіктер мен мекен ететін жануарлардың түрлерін және олардың бейімделу тәсілдерін сипаттау; Оқушылардыңкөпшілігі: Экологиялық факторларды зерттеу барысында жіктей алады; Кейбір оқушылар: Теориялық білімін практикада қолдана біледі, зерттеу барысында өсімдіктер мен жануарларды өздігінен анықтай біледі.....
Пән: Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзаларды жүйелеу Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері Сабақ тақырыбы: Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.2.2 адам тіршілігінің экожүйеге кері әсерін тигізетін салаларының мысалдарын келтіру Сабақ мақсаттары: «экожүйе» ұғымын қайталау арқылы мысалдар келтіру; адам да экожүйенің бөлігі болатынын түсіндіру; адамың экожүйеге «оң» және «теріс» әсер ететіндігін талдау; адам тіршілігінің экожүйеге кері әсерін тигізетін салаларының мысалдарын келтіру.....
1 қыркүйек - Білім күні («Балдәурен» әнінің әуені)
Музыка жетекшісі: Рахметова Әдемі
Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру. Сахна мәдениетіне баулу. Көңілді орта қалыптастыру. Барлық балалар «Балдәурен» әнінің әуенімен түрлі - түсті шарлар ұстай көңілді би билейді, би аяқталғанда шарларды қояды. Орындарына отырады.
Тәрбиеші: Құрметті тәрбиешілер, қонақтар, ата - аналар, аяулы тәрбиеленуші балабақша бүлдіршіндері! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Білім күні» мерекелеріңіз құтты болсын! Туған жер төсін тербеткен Өмірдің бейбіт шағы бұл Мінеки, достар, тағы бір Өткізіп жазды дүбірмен Құшағы толып гүлдермен Білім нәрін алуға Бақшаға келді балалар!.....
Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер» Сабақ тақырыбы: Өз шығындарыңды қалай жоспарлаған жөн? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.1.4 Өз шығындарын жоспарлау және дәлелдеу 3.1.1.5 Өз шығындарын тиімді етудің жолдарын ұсыну Сабақ мақсаттары: Оқушылар • «отбасылық бюджет» және «жеке шығындар» дегенді білу; • өз шығындарын жоспарлау және негіздеу; • өз шығындарының "төлқұжатын" құру.......
Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта Сабақ тақырыбы: Бізді қоршаған орта Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): Қоршаған орта дегеніміз не екендігін түсінеді. Мұғалімнің көмегіне сүйене отырып ақпарат көздерімен жұмыс істей алады. Сабақ мақсаттары: Қоршаған орта туралы өз пікірін білдіреді. Барлық қоршаған орта табиғат және адам қолымен жасалатынын біледі.......
Пән: Көркем еңбек Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су - тіршілік көзі Сабақ тақырыбы: Жағалаудағы көрініс Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.1.1 Қоршаған ортаны зерделеу барысында визуалды бейнелердің ерекшелігін және көрінісін өзінің жұмысында түсіндіру. 3.2.2.1 Күрделі әдістер мен техникаларды пайдаланып, материалдарды және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу. Сабақ мақсаттары: • Су бетіндегі нысандардың кескінін зерттеу негізінде қоршаған дүниенің ерекшеліктерін түсіндіру; • Ұсақ толқынды су бетін бейнелеу үшін түрлі материалдар мен көркем техниканы пайдалану; • Суретшілер жұмыстарында су айдынын бейнелеу тәсілдерін сипаттау. .......
Сабақтың тақырыбы: 1 қыркүйек - Білім күні (Мектеп- бізді шақырады)
Мақсаты: Балаларды мектепке шығарып салу кешінде жыл бойы алған білімдерін бекіту,білгендерін ортаға салып қорытындылау.Берілген сөздерге сөйлем құрау,есептер шығару арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: Топ бөлмесінде шарлар,қанатты сөздер ілініп,ертеңгілікке сай безендірілген.
Мұғалім: Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар,аяулы ұстаздар.Мектеп бізді шақырады атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.Кеше ғана алаңсыз ойнап жүрген бүлдіршіндер бүгінде бойларында үлкен жауапкершілік пайда болып,мектепалды даярлық тобын аяқтап,1 сыныпқа қадам басқалы тұр.Қадамдарың құтты болсын жас бүлдіршіндер.Қазір алдарыңызда тұрған бүлдіршіндер дайындық тобынан 9 ай ішінде алған білімдерін, ортаға салып,өнерлерін көрсетпекші. Өсті міне бойларың Өсті міне ойларың, Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойларың. Ендігі кезекті балаларға берейік........
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға білімнің адам үшін аса қасиетті екенін түсіндіру. Мектептегі бірінші күн, мектептегі алғашқы жиын, білім күні қалай өткенін еске түсіру. Мәтінді өз бетімен талдау жасату арқылы оқушы біліктілігін арттыруға, ойлануға, жүйелі жұмыс жасауға үйренуге жағдай жасау. Ауызбіршілікке, мұғалімге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Типі: Жаңа білімді меңгерту, кіріктірілген. Әдісі: топтастыру, топтық жұмыс, оқу, талдау, ән айту. Көрнекілігі: слайдтар. Сөздер, тапсырмалар. плакат гүлдер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру Сыныпты 4 топқа бөлу. Қиылған неше түрлі түстер беріледі ол қағазда топтың атаулары жазылған. Қиылған түстерді жинастырып, сол топқа мүше болады.......
Тақырыбы: 1 Қыркүйек – Білім күні (Мен оқушы атандым!)
Мақсаты: Мектеп, білім, алғашқы қоңырау ұғымдарының мағынасын түсіндіру. Білім алудың қажеттілігін ұғынуларына жағдай туғызу. Бір - бірімен, сыныппен, мұғаліммен таныстыру. Көрнекілігі: Әріптер жазылған гүлдер, тақтаға ілінген сөздер:«Оқу - білім бұлағы, Білім - өмір - шырағы», «Мектеп - кеме, білім - теңіз», «Мектебің мынау - класың, Осында он жыл тұрасың, Тарыдай боп кіресің, Таудай болып шығасың!». Сынып іші шарлармен, гүлдермен безендірілген.
Мұғалім: - Мектеп табалдырығын аттаған кішкентай ғана бүлдіршіндерім. Қадамдарыңа гүл бітсін. Білім әлеміне қош келдіңіздер. Айқара ашқан есігін Қайнары білім нұрының Мектебің алтын бесігің Жылы ұяң, міне сыныбың........