Жақып Ақбаев - Алаш зиялысы, күрескер, қайраткер, Алашорда үкіметінің мүшесі, заңгер. Құқықтану магистрі.
1876 жылы 25 қазанда Семей облысы, Қарқаралы уезі, Берікқара болысы, №3 ауылының Төңіректас деген жерінде дәулетті отбасында туған. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сары Танас бұтағынан шыққан.[2] 1886 жылы Қарқаралы қаласындағы қазақ интернатында оқып, 1889 жылы Омбы гимназиясына түсіп, онда 7 жыл, онан....
Қазақстанды күллі әлемге танытып жүрген Димаш Құдайбергеннің "Қайран елім" атты әніне түсірілген бейнебаяны желіде жарық көрді деп хабарлайды nur.kz порталы.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Ніл дариясындағы пәлен мың жасаған бір жайын Сүлеймен пайғамбардың ат басындай гауһарын жұтқан екен. Сол жайынға бір кездерде ажал уақыты жетіпті. Ол өте есті жайын екен, мендегі гауһар кісі ақысы еді, соны ақыретке арқаламай беріп кетуім керек. Ол үшін қайранға шығып өлейін. Бір кездерде жемтік арасындағы гауһарды бір адам көріп алар. Адам алса мен борыштан құтылғаным ғой деп ұйғарады. Сонымен жайын жағадағы қайранға шығып қаза табады. Бірнеше жыл ішінде оның жемтігін алдымен құс жеп тауысады. Жеуге келмейтін тек қана гауһар тас қалады. Бұл гауһардың жартысы су ішінде, жартысы бетінде көрініп жатыр. Су ішіндегі жарымын шортан мен шаян көреді. Су бетіндегі жартысын мойны ұзын аққу көреді. Бұлардың әрқайсысы да оны өздері алмақ болып қызығады.
Шортан ойлайды: «Шіркін-ай, бұл тереңірек жерде болса су астында шам жанғандай жарық болар еді де, көзім бұдан да жақсы көрер еді. Соның арқасында тамағым тіпті тоқ болар еді. Жемді қиядан көрер едім», –дейді.
Шаян өзінше пайдасын малданады. Ол: «Осы гауһар судан шығып тұрмай, жер астына қарай түссе, жер ішінде де сәуле болар еді. Менің балшық арасындағы балаларыма үлкен пайдасы тиер еді. Өзім де ұядан адаспай, тап басып отырар едім», – деп арман қылады......
Димаш Құдайберген жаңа клипінің тұсауын бүгін кеспек. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды nur.kz порталы Sputnik-ке сілтеме жасап.
Қазақстаннан шыққан әлемдік жұлдыздың су жаңа бейнебаяны 1 мамыр күні астана уақытымен сағат 20:00-де әншінің YouTube арнасынан көрерменге жол тартпақ.
Кез-келген адамның өмірінде махаббат атты киелі сезім бір оралары хақ. Мұны әркім әрқилы ұғынары және бар. Сұлулығы көздің жауын алған, сымбаты жүрек сыздатар жаныңды қоярға жер тапқызбас нәркезкөз аруларды шыққыр көзін шалғанда, қандай күй кешесін?! Бармақ тістеп, ойыңды астан-кестен етеді-ақ. Жә, бұл жай әләуләйім ғой... Бәрінен бастан кешкен, өзің куә болған Азат пен Айдананың арасындағы хикаяны сөз етіп көрейік. Жаздың жаңа ғана ыстық үрлер уағы. Бірнеше күн шойын жол шиқылы миды жеген солдат вагонынан құтылар сәтке сәл ғана уақыт қалған. Туған жер! О, неткен ыстықсың. Неткен ғажапсың?! Сенің құшағында жүргенде біз мұңдар сезінбеппіз ау! < br /> Вагоннан поезд тоқтар-тоқтамастан секіріп түстім. Жерді құшақтап, аймалап, қайраң анашымның құшағында тұрғандаймын. Айналамда не болып жатқаныммен шаруа жоқ. Екі жылғы сағыныш, наз, күйініш, жапа бәрі-бәрі тізбектеліп, көңіл таспасынан жылдамдатқан түрде өтіп жатты. Әсіресе батыстық ұлтшылдықтың, қорлаушылықтың шеменді сәттері оған қарсыласқан менің қылығым өзекті өртеп, көзімнен жас болып парлап жатты...көзімді сүртіп, басымды көтерсем, әкем Айдар, інім Данияр тұр ектелеп. Ұшып тұрып әкемнің апайтөс құшағына қойдым да кеттім. Бұрын менен еңселі, қақпақ жауырын әкем еңкіштеніп қалған сыңайлы. Сағыныш мауқымызды басып, жөн-жоба сұрастық. Әкемнің көк “Жигулисімен” әп-сәтте үйге де жеттік. Біздің көк шатырлы үйдің маңы нөпір адамдар. Ауыл адамдары. Бәрі менің әскерден келген салтанатыма жиналыпты. - Пәлі, Айдар мен Күләш ақ түйенің қарнын жарар. Бүгін жасамаған той енді қашан жасалар. Өзі еңгезердей, аптал азамат болыпты. Әке-шеше тілеуі осындай-ақ болар......