Жаңа жылға аяз ата туралы сурет салу

Жаңа жылға аяз ата суретін салу. Біз сурет салу барысын біртіндеп сипаттамаймыз, өйткені барлығы суреттерде егжей-тегжейлі және саналы түрде көрсетілген. Біз ең қарапайым схемалардың бірін таңдауға тырыстық, сондықтан оны кішкентай бала да игере алады. Нәрестеге кезеңдерді қарастыруды ыңғайлы ету үшін суреттерді принтерге басып шығаруға болады. 

Суреттер
Толық

Жаңа жыл туралы анекдоттар мен аяз ата туралы әзілдер

Бір кісі Жаңа Жыл қарсаңында ескі досына хабарласып жатыр:

- Досым, ол жақта қалай өмір сүріп жатырсыңдар?

- Не болды?

- Сұмдық суық емес пе?

- Қатты суық емес, - 20.

- Теледидардан «- 50» деп жатырғой?

- Аааа, ол сырттағы температурағой ...




- Жаным, Жаңа Жылға қандай сыйлық алғың келеді?

- Ой, білмеймін, тіпті ...

- Жақсы, онда саған ойлануға тағы бір жыл уақыт беремін.

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Жұмағали Саин (Аяз ата)

I
Дала да аппақ, көк те аппақ
Сықырлайды басқан жер.
Ысқырады борандап,
Қысқы ашуға мінген жел.
Қарлы құйын аралас,
Құтырады, тынбайды.
Арыстандай араны аш,
Жата қап жер тырнайды.
Күндіз-түні сабылып,
Кезеді елдің қырларын.
Жел құсып, қар жамылып,
Көрсетеді тырнағын.
Қайыстырып жер бетін
Қармен аппақ көмеді,
Көрсетем деп келбетін
Аяз атаң келеді —
— Ей, балалар, балалар!.....
Өлеңдер
Толық

Жаңа жыл (Балабақша | Ақшақардың кебісі)

Жаңа жылға сай безендірілген зал ортасында түрлі - түсті жарқыраған ойыншықтары көз тартар жасыл шырша орын алған. Жанға жайлы әсем музыкамен балалар кіреді.
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Жаңа жыл келді о, міне,
Далама, қалама, жеріме
Шаттыққа бөлеп әр үйді,
Шыға ғой менің төріме.
(Сиқыршы шығады)
Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Міне, мен де сіздердің мерекелеріңе келдім. Сіздерге жетем дегенше, орманнан өтіп бара жатып жолдан кебіс тауып алдым. (Балаларға көрсетіп) кім жоғалтып алуы мүмкін, білмеймін?
Жүргізуші: Мүмкін, балалардың біреуі жоғалтып алған.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Аяз ата маған Ана сыйлашы

Ертең жаңа жыл, тағы да бір жансыз өткізгелі отырмыз. Былтырғыша шырша шамдары жарқырағанымен, ана сіздің күлкіңіздей үй іші жарқырар емес...өкінішті. Анашым осы жылы дәл осы күні сіз, әкем, қарындасым, інім және мен бесеуіміз, орталық алаңдағы шыршаға барып, түрлі ойындар ойнап......
Шығармалар
Толық