Оқыту жүйесінің қандай түрі болмасын, олар белгілі бір әдістеме жүйесіне негізделеді. Әдістеме жан - жақты және өз орнында дұрыс қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, оқушылардың меңгеруіне көңіл тиеді. Әдетте әдістеме өздігінен келе қоймайды. Ол көп жылдар бойы ұстаздық қызметінің іс-тәжірибесінен, күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып жатады. Осылардың негізінде әр мұғалімнің бойында , ойында әдістеменің озық үлгілері жинақталады. Сонымен қатар олар күнделікті жұмыс тәжірибесінде озат мұғалімдердің шеберліктерін де пайдаланатын болады. Бұлардың сайып келгенімен, әдістемедегі белгілі бір жүйелікті қалыптастырады. Қазақ тілін оқытудағы әдістеменің қайнар бұлақ көзі Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерінен басталады.(1) Бұл әсіресе оның «Баяншы» (1940) және «Тіл жұмсар» (1928) деп аталатын таңдамаларында жақсы көрініс тапқан. Әрине бұлар әліпбиді қалай оқыту мен үш бөлімнен тұратын «Тіл құрал» оқулықтарын қалай таныта білуге арналған. Осы жайында автордың өзі кезінде былай деп жазған болатын: «Тіл құрал» қазақ тілі қандай құрал екендігін таныту үшін түрлі бөлшектерін тетіктерін ұсағын ұсағынша, ірісін ірісінше тұрған орнында алып көрсетіп танытады. «Тіл жұмсар» сол үлкен құралдың бөлшектерін тетіктерін балаға шағындай бөлек-бөлек ойыншық сияқты құрал жасап соларды танытып, соларды жұмсару арқылы барып үлкен құралды танытады».(2) Оқыту жүйсіне байланысты біздің методика деп қолданып келген ұғымымызды кезінде А.Байтұрсынов әдіс сөзімен берген. Ол әдістің екі түрін көрсетеді: талқылау (айырыңқы) әдіс және жалпылау әдіс. Ол бұл әдістердің әр қайсысына анықтама береді. «Жалпылаудың асылы ұсақтан ірілету болса, жалқылаудың асылы іріден ұсақтау».(3) Сөз жоқ, бұл аталған әдістемелер қазақ тілін мектеп ....