Қарағанды облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төрт адам жарақаттанды

"Балқаш-Қарағанды" тас жолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, төрт адам жарақаттанды.

жаналык жарар

Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков мәлімдеді.

"13 тамыз күні таңертең "Балқаш-Қарағанды" автожолының шетіндегі "Вираж" мейрамханасы маңында, Құрма ауылынан 2 шақырым жерде, Балқаш қаласына бара жатқан "Фольксваген Пассат" автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы жолға шығып, "Ауди-80" автокөлігімен соқтығысып қалды. Ауди көлігін Шет ауданының 27 жастағы тұрғыны басқарған", - деп хабарлады Жанатай Сембеков.

ЖКО салдарынан "Фольксваген Пассат" жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, ал оның жолаушылары 24 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді.

Ал 32 жастағы әйел мен 14 жастағы қызға оқиға орнында көмек көрсетілді. "Ауди" автокөлігінің жүргізушісіне де сол жерде медициналық көмек көрсетілді, ал 23 жастағы жолаушы қыз ауруханаға жатқызылды.

Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтар
Толық

Боташым...

Менің хикаям терең түсіністікке негізделген достықтан басталды. Қандай қызық... Адамның тіпті ойына да келмеген нәрселердің болуы мүмкін екен ғой. Алғашында қарым-қатынасымыз жай ғана бір-бірімізге кеңес беріп, көмектесуден басталған болатын. Ең қызығы ол адаммен мені бұрынғы сүйген адамым ....

Махаббат хикаялары
Толық

1 Маусым - Халықаралық Балалар күні (Бар жақсылық – балаларға!)

«Бар жақсылық – балаларға!» Бұл ұран сонау Кеңес кезеңінің ұраны болса да, әлі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Болашағымыз – балаларға жақсылық жасау ешқашан ұмыт қалған емес.
Бұл ұранның әлі кунге дейін мәнін жоймағандығын,келешек ұрпақтарын тәрбиелеуде біздің ең басты ұранымыз болып қала беретіндігін, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан.....
Шығармалар
Толық

25 Мамыр - Соңғы қоңырау

Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар. Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс, тынымсыз еңбек тоқсаны. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен, «Соңғы қоңырау» мерекесімен құттықтаймыз!
Ақыл, білім жастарда,
Сөз береміз жастарға!
Нұрай: Құрметті .....
Тәрбие сағаттар
Толық