География | Атлант мұхиты

Атлант мұхиты – Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық мұхиттан кейінгі екінші мұхит. Оны ежелгі гректер Африканың солтүстік-батысындағы Атлас (Атлант) тауына байланысты атаған
Жалпы мәлімет
Шығысында Еуропа мен Африканың, батысында Солтүстік және Оңтүстік Американың, оңтүстігінде Антарктиданың аралығында орналасқан. Солтүстігінде Дейвис, Дат бұғаздарымен және Солтүстік Мұзды мұхитпен, оңтүстік-шығысында Африка мен Антарктида аралығында Υнді мұхитымен, оңтүстік-батысында Дрейк бұғазы арқылы Тынық мұхитпен жалғасады. Мұхит солтүстіктен оңтүстікке қарай 15 мың км шамасында екі жарты шарға созыла орналасқан. Ені басқа бөліктеріне қарағанда экватор маңында 2830 км-ге дейін тарылады. Мұхиттың теңіздермен қоса есептегендегі жалпы аумағы 91.6 млн. км2, орташа тереңдігі 3597 м, суының көлемі 329.7 млн. км3. Солтүстік жарты шардағы жағалауы қатты тілімделген. Теңіздері (Балтық, Солтүстік, Жерорта, Кариб, т.б.) мен ірі шығанақтары (Бискай, Гвинея, т.б.) түгелдей дерлік осы бөлікте. Оңтүстік жарты шардағы жағалауы аз тілімделген (Антарктида маңындағы Уэдделл т.). Атлант мұхитында басқа мұхиттармен салыстырғанда аралдар аз. Iрі аралдары (Ұлыбритания, Ирландия, Ньюфаундленд, Υлкен Антиль, Кіші Антиль, Канар, Жасыл Мүйіс, Фолькленд аралдары) мұхиттың жағалауларына таяу орналасқан. Орталық бөлігіндегі аралдар (Азор, Әулие Елена, Тристан-да-Кунья, т.б.) ұсақ және олар жанартау әрекетінен пайда болған. Мұхиттың түбі Орта Атлант су асты жотасымен бөлінген. Оның жекелеген шыңдары (Буве, Тристан-да Кунье, Вознесение, Сан-Паулу, Азор) жанартау аралдары түрінде су бетіне шығып тұр. Мұхиттың шығысында Батыс Еуропа, Канар, Жасыл Мүйіс, Гвинея, Ангола, Кап, Агульяс, батысында Солтүстік Америка, Гвиана, Бразилия, Аргентина, оңтүстігінде Африка-Антарктида қазан-шұңқырлары бар. Олардың тереңдігі 3000 метрден 7300 метрге жетеді. Терең шұңғымалар арал доғаларын жиектей орналасқан (ең тереңі Пуэрто-Рико шұңғымасы, 8742 м) және олар бір-бірінен су астындағы үстірттермен, қыраттармен, жоталармен бөлінген. Мұхиттың шеттері құрлықтық беткеймен көмкерілген. Мұхит түбінің үштен екі бөлігін әктастан тұратын органикалық шөгінділер жауып жатыр. Терең қазаншұңқырларының түбі қызыл саздан, ал жанартау аралдарының төңірегі жанартаулық шөгінділерден түзілген.....
Рефераттар
Толық

География | Атлант мұхитына жалпы сипаттама

Атлант мұхитын ежелгі гректер Африканың солтүстік батысындағы Атлас (Атлант) тауына байланысты атаған. Мұхит солтүстіктен оңтүстікке қарай 15 мың км шамасында. Мұхиттың теңіздермен қоса есептегендегі жалпы аумағы 91,6 млн. км², орташа тереңдігі 3597м., суының көлемі 329,7 млн. км³.
Жұмыстың мақсаты – Атлант мұхитына жалпы сипаттама бере отырып, мұхиттың зертелу тарихына, рельеф және геологиялық құрылымына, климаты мен гидологиялық режимі органикалық дүнтесі, мұхитта жүргізідген шаруашылық әрекет түрлерімен танысу.
Жұмыстың міндеті – Атлант мұхитының физикалық – географиялық жағдайын сипаттап, қазіргі таңдағы соңғы ғылыми ашылулар, жаңалықтар мен өзгерістерді толық қарастыру.
Жұмыстың өзектілігі – Атлант мұхиты адамзат өмірінде ерекше маңызды орын алып отырғандықтан оны шаруашылыққа пайдалану
мұхиттың жалпы климаты, гидрологиялық режимі, органикалық дүниесіне әсерін анықтап, оны шешу жолдарын көрсету.
Жұмысты орындау барысында Б.Хейзен, М.Тарп, М. Юинг
« Дно Атлантического океана » оқулығы мұхиттың рельефі мен геологиялық тарихын сиапттауда мәліметтің басты көзі болып табылады. Мұхиттың физикалық – географиялық жағдайы, климаты мен


гидрологиялық режимі жайлы мәліметтер А.В.Рябчиковтың « Физическая география материков и океанов » әдебиетінен негізге алынды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Георгафия | Атлант мұхитына физико географиялық сипаттама

Атлант мұхитын адамдар ежелгі уақыттан игере бастаған. Мұхит пен оның теңіздерінің жағаларында әртүрлі дәуірлерде Ежелгі Грецияда, Карфагенде, Скандинавияда теңізде жүзу орталықтары пайда болған. Ұлы Географиялық ашулар дәуірінен бастап, Атлант мұхиты жердегі басты су жолына айналды.
Атлантиканың табиғатын комплексті зерттеу ХІХ ғасырдың аяғында ғана басталды. «Челленджер» кемесімен ағылшын экспедициясы мұхиттың тереңдігін өлшеді, су массасының қасиеті жөнінде, органиклық дүниесі туралы материал жинады. Оны зерттеуге орыс, одан кейін советтік мұхит зерттеу экспедициялары елеулі үлес қосты. Әсіресе, Халықаралық геофизика жылы кезеңінде
көптеген деректер алынды. Ол 1957 – 1958 жылдар болатын. Қазіргі кезде көптеген елдер ғалымының 40 кемеден тұратын экспедициялық эскадрасы су массасының қасиеттерін, мұхит
түбінің жер бедерін зерттеуді жалғастырып келеді. Мұхитты зерттеушілер мұхиттың атмосферасымен өзара әсерін бақылап білуде,
Гольфстрим мен басқа ағыстардың табиғатын зерттеуде. «Витязь» ғылыми - зерттеу кемесі бұл жұмысқа белсене қатысуда.
Атлант мұхитының зерттелу тарихы 3 кезеңге бөлінеді.

Ежелгі дәуірден 18 ғасырдың ортасына дейінгі 1 – ші кезеңде, көптеген саяхатшылар теңізшілер мұхиттың шекарасын, мөлшерін, құрлықпен ара қатынасын анықтаумен айналысты. Соның ішінде, атап айтар болсақ финикиялықтар, карфагендіктер. 9 - 10 ғасырларда нормандықтар Исландия, Гренландия, Солтүстік Америка жағалауларына дейін жүзіп барған. Ал славян халықтары болса орта ғасырларда Балтық теңізі бойынша жүзіп өткен. 15 ғасырларда испандықтар мен португалдықтар Индия мен Қытайға саяхаттар жасай бастады. Солардың ішіндегі ең танымал саяхатшылар: Б.Диаш, Васко-да-Гама, Х.Колумб, Дж. Кабот, Ф.Магеллан, Дж. Дейвис, Г.Гудзон, Баффин т.б.
1520 жылы Ф. Магеллан бірінші рет дүние жүзін айналып өткен саяхатында Магеллан бүғазы арқылы Атлант мұхитынан Тынық мұхитына өткен болатын. ....
Курстық жұмыстар
Толық