Ағузубилла алһамнан Сөз барлығы басталған. Қысқа бір дүние, тар заман, Талайлар саған тап болған. Кешегі кеткен аташым, Көңіліме қайғы дақ салған. Бойымда әдеп сақтаған, Асқар бір таудай қорғаным, Аударып қағаз ақтарған. Жалғаншыны жат етпе, Алласын ойлап тоқталған. Афуза—ғалам ғафудан Іздесем, ізің табылмас, Үмітім таңда махшардан. Балапаны баураусыз, Ұясында жас қалған. Жағдайды айтып халқыма, Базарым қайтты, бақ тозған.....
Бұл дүние баянсыз, Тұрмайтұғын қалыпты. Бұзыларда патша, Төндірді елге қауіпті. Әскер бер деп зықтады, Ауырлатып салықты. Әскер бермей қырылды, Жақсы-жайсаң даңқты. Ел басына күн туып, Зар жылатты халықты. Қарқара деген жайлауда Көз көрген бұл іс анық-ты. Қайран албан тоз-тоз боп, Өрге қарай ауыпты. Қатын-бала зар жылап, Орта жолда қамықты. ....
Биссимилла деп бастайын, Асығыс айтып саспайын. Иманды болғыр, атекем! Аузымнан қайтып тастайын. Бір пайғамбар Ыдырыс, Мүдірмей сөйле отыз тіс. Әкешім өтіп дүниеден Басыма түсті қиын іс. Бір пайғамбар Жақия, Ноқалап тіккен тақия. Әкешім өтті дүниеден, Айрылып қалдым қапияда. Алмалы бұлақ ағылар, Алмасы бетке жағылар. Айналайын, әкешім! Іздесем қайдан табылар. Тауға мұнар түсіп тұр, Тау жемісі пісіп тұр.....
Аппақ сүтін емізген, Мейірі терең теңізден. Таппаспын, ана, өзіңдей, Ақ еділ жанды өмірден. «Қарғам» деп жүріп қартайдың, Ұйқысын қиып әр таңның. Ажымға толып ақ жүзің, Ағарды қара самайың. Науқастың болмай амалы, Күн туды басқа қаралы. Анамыз сізден айрылып, Көңіліміз болды жаралы.....
Басы еді өлеңімнің-ей, айым-қайым-ей, Бітеді саздау жерге-ай, тал мен қайың-ей. Көп айдың көрмегелі-ей, жүзі болды-ей, Жүрмісің аман-есен-ай, қалқатайым-ай.
Ахай айым, қаулілі лайым, Кез болса осындайда-ай, Қалқатайым-ай......
Дәйім менің мінгенім көгілдірік, көгілдірік, Көк дөненге жарасар өмілдірік-ай. Жерің шалғай кеткенде құрбыластар, құрбыластар, Осы әніме сала жүр төгілдіріп-ай.
Аққұйрық шай, бозжорға тай, Есен-аман жүрмісің, жан қалқатай-ай......
Қажеті жоқ... Соғыстың қажеті жоқ! Дұрысы тірлік қылып ізденейік. Ги де Мопассон Соғыс. Бұл - құлаққа жағымсыз естілетін сөз, азабы мол нәубат. Бес әріп пен дыбыстан құралған кішкентай сөз болғанымен, астарында салмағы ауыр терең мағына жатыр. «Соғыс» деген сөзді естігенде құлағыма алыстан тарстұрс атылған мылтық оқтарының, пулемет гүрсілінің, жарылған снарядтардың дыбысы келіп, жан мен тәннің өмір үшін арпалысқан сурет елестейді. Иә, жан мен тәннің тізе қосқан ерлігі мен елдігі, ақыл мен жүректің ар алдында жасаған ерлігі. Себебі соғысқа аттанған әрбір жан отбасы, туғандары, отандастарына жауды жеңу туралы серт берді емес пе?! Сүйген жарларын, сәбилерін құшып, қоштасарда жеңіспен оралатындығын айтып кетті емес пе? Сондықтан олар ар алдында жауапты. Ал біз, еліміздің болашағы - жастар, не үшін жауаптымыз? Мені бұл сұрақ ойландырды. Тағзым, алғыс, құрмет деген сөздер бірінен соң бірі келе бастады. Мен тарихқа көз жүгірттім. Бастапқыда адамзат тіршілігі өмір үшін күрес болды, себебі тек мықтылар мен күштілер, бәсекеге қабілеттілер өмір сүру мүмкіндігіне ие болды. Алға жылжып, дамудың келесі сатысында адамдар жер үшін, одан соң билік үшін таласты. Ал ең сұрапылы әрі жиіркеніштісі адамдардың соғысты қорғану үшін емес, бейбіт жатқан елдерді қырып-жою үшін ашуы, соғыс сыртқы жауға төтеп беру құралы емес, соғыстың мансап, билікті нығайту құралына айналуы......
Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса, Жарасар қамзол сұлу, белін қиса. Шорманның Мұстапасы атымды алып, Атандым сол себептен Жаяу Мұса. Адамдар үшін кейде бір әннің өзі өмірінің мәні, естеліктер қоймасының кілті сияқты болатыны бар. Біздің әулетіміз үшін ол - «Ақ сиса» әні. «Ақ сисаны» менің атам жақсы көруші еді, қоңыр дауысқа салып айтып та жүретін еді. Менің атам Оспанов Тұрсын – Ұлы Отан соғысының ардагері, Баянауылдың құрметті азаматы. Тұрсын атам 1922 жылы Баянауыл ауданындағы Қарақуыс деген жерде, қазіргі Қарабұлақта дүниеге келген. Атама дейінгі аға-қарындастары дүниеден қыршын кезінен оза берген, сондықтан ата-анасы ырымдап, атын «Тұрсын» деп атаған. Атамның өмірі жетімдік пен бейнетке толы болған: анасы Бибігүлден 1213 жасында айырылады, сол күннің кешіне қарай қарындасы қайтыс болады, ал бір-екі айдан соң әкесі Оспан дүниеден өтеді. Атам жетім қалады, ағасы Бөкеттің қолында өседі. 17-18 жасында 1842 жылы соғысқа аттанады, Орел - Курск Дугасында күреседі. Сосын жарақаттанып, Уфаға жіберіледі. Мылтық ұстауға қолы жарамай, мүгедек болып, өз ауылына қайтты. Атамды Бөкет ағасы қарсы алып, өз қолына алады, біраз бой жазып алған атам «счетовод», яғни есепші болып жұмыс атқарды. Заря колхозында, қазіргі Құндыкөлде 1943-1988 жылдар аралығында бас есепші болып жұмыс атқарды. Өз өмірінің соңғы күніне дейін адал жұмыс істеген атам 2013 жылдың 9 қыркүйегінде дүниеден өтті. Менің әкемнің іні-қарындастары атамнан соғыс жайлы сұрағанда, атам: «Соғыс деп айтпасын, жаман сөз деп айтсын» ,- деді......