Е, Құдайым, оңдасын, Мың саулығың қоздасын. Сегіз түйең боталап, Сегіз келін қомдасын.
*** Жүзге жетсін түйеңіз, Үш жүз болсын биеңіз! Әлдеріңнің келгенінше Жығылғанды көтеріп, Сүйенгенді сүйеңіз! Тарығып келген адамға, Бермесек, отқа күйеміз, Бергенді тым - ақ сүйеміз. Жомарттық қылып қолдасаң! Әрбір жерде жар болсын Бір жасаған - Иеміз!.....
Той дастарқаны мол болсын, Берекелі қол болсын, Тойға келген қонақтың, Бәріне сәтті жол болсын. Тілектерің оң болсын, Жұқармайтын қоң болсын, Екеуіңнің кигенің, Алтын жағалы тон болсын.
*** Құрметті той иесі, Ісіңді тағдыр оңдасын, Қайда жүрсең қолтықтап, Қыдыр бабаң қолдасын! Жамбылға ұқсап көп жаса, Денеңде дерт болмасын, Тойың тойға ұласып.....
1 тарау-Жанна мен Абылайдың кездесуі Жанна әлемдегі ен бақытты қыздардың бірі еді. Кішкентай, пәк, уайымы жоқ еді. Сосын ақырындап мәселелер шыға бастады, ол әрине жігіт мәселесі. Негізі оқиға мынандай еді. Жанна мен Дастан жақсы дос еді. Бір күні мектеп кешіне Дастан өзінің Абылай атты жақын досын алып келді. Ол басқа мектеп оқушысы еді. Дастан Абылайды қыздармен таныстырды, таныстық, биледік сосын ақырындап тарадық. Ертесінеде Дастан Жаннаға Абылайдың ұнатып қылғаны жайында айтады. Абылай мен Жанна сөйлесіп жүреді. Басында бір-бірін онша танымайтын, әрі бір-бірін сүймейтін еді. Ақырындап танысып бір-бірін ұнатып бастады. Негізі Абылай өзі әуесқой бала еді, Жанна соны біле тұра Абылай мен жүрді. Олар күнде сойлесіп, кездесе бастады. Ең алғашқы кездесуі мектеп полясында болды. Олар көп уақыттай сөйлесіп жүрді. Кездесулері жиілеп, бір-біріне қатты бауыр басып қалды. Жаннаның Асел мен Ару атты жақын достары болды. Бір күні Асель, Жанна, Ару, Дастан,Абылай және Абылайдын досы Елдос бәрі бірге тауға демалуға шығатын болып келісті. Жанна, Асель, Ару келіскен орынға келіп ұлдардын күтті бірақ Дастан да, Абылайда, Елдоста та келген жоқ. Қыздар өздері тауға шығып көңіл көтеріп, уақыттарын жақсы өткізді. Ал улдардардан сол күйі хабар жоқ. Жанна мен Абылайдын аралары суып, кездеспей, сөйлеспей кетті. Сол күйі Абылай Жанна ға хабарласқан жоқ. Ал Абылайдың досы Елдоспен Аруда сөйлесетін, оларда сөйлеспей кетті. Осы мен бәрі біткендей болды.
2 тарау- Жаннаның Абылайдың уйіне қонаққа баруы Жанна Абылайдын хабарласуын, ал Абылай Жаннанын Хабарласуын күтіп, арада көп уақыт өтті. Оқушылар жазғы демалысқа шығып кетті. Енді Жанна мен Абылайдын кездесуі мүлдем қиындатылды. Жаздың тура ортасында болатын Абылайдын туған күнін ұмытпаған Жанна Туған күннен бір күн бұрын Абылайға хабарласып, туған күнімен құттықтады. Абылай Жаннаны ертеңгі болатын кешке шақырды. Жанна ол кешке уйінен тәтесінін уйіне, яғни Арайдын уйіне баратынын айтты. .....
Пән: Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ислам тарихы Сабақ тақырыбы: Неліктен VIII-XII ғғ. ислам мәдениетінің "алтын ғасыры" деп атайды 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндерің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау Сабақ мақсаттары: Шығыс ғалымдарының жетістіктерінің маңыздылығын түсіндіріңіз......
“Мәңгілік Ел” болу ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы еді. Тәуелсіз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету біздің ұрпақтың басты мақсатына, ұлттық ұранымызға, ұлттық идеямызға айналды. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық!
Н. Ә. Назарбаев
Қазақ - қайсар халық.Бүгінде сол батылдығы мен қажымас қайратының арқасында Алланың үлкен сыйы “ Тәуелсіздікке” қол жеткізіп отыр.Бұл үлкен бақыт, әрине мәңгілікке жалғассын деп тілейміз.Десе де бұл күрес қазақ халқы үшін оңай болған жоқ Ата-бабамыздың ары мен зарының арқасында, сүйектен өткізер саптаулы сөзінің арқасында осы жеңістің дәмін таттық. Қазіргі таңда осындай баға жетпес байлығымызға жиырма сегіз жыл толып отыр.
Азат күн туды, қырандай еркін самғаған, Асыл арманды ақиқат күнмен жалғаған. Ұғынсаң елім, бостандық атты бақ құсы, Сан ғасыр бойы басымызға да қонбаған! Бұл күнді күтіп батырлар жанын қиысты. Бостандық алып күмбірлеп кетті күй ішкі. Ержүрек ұлы, қайсар қыздары бар қазақ, Мәңгілік азат халық болуға тиісті! Ақ Орда тігіп, Астана қылған қаласын, Тарихын танып, ардақтап жатқан бабасын, Барша әлем білген бөрі-жүректі баласын, Қиналмай өтер алдынан шықса дара сын, Көк туың мәңгі желбірей берсін көгіңде, Айбарлы менің асыл Алашым!.....
Пән: Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ислам тарихы Сабақ тақырыбы: Неліктен ҮІІІ-ХІІ ғғ. ислам мәдениетінің «алтын ғасыры» деп атайды? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.2.1 тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндерің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау 6.2.2.4 Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау 6.2.3.1 Шығыс ойшылдары жетістіктерінің маңызын түсіндіру 7.2.1.1 қоғамда дін рөлінің шектелуіне байланысты адамдар өмірінде орын алған өзгерістерді анықтау Сабақ мақсаттары: Шығыс ойшылдардың жетістіктерінің маңызын түсіндіре білу ......
Шаңырақтың негізі-ата-ана.Адам бойындағы жақсы да жаман қасиеттердің бəрі ата-анадан.Оның ішінде тəрбие əкеден болғанымен,ана əрқашанда басым болып тұрады.Өйткені,ананың тілі,ананың мейірбандығы,ананың махаббат сезімі,ақ көңілі,толассыз мейірімділігі бəрі-бəрі адамға ана құрсағында жатқанда-ақ дарыды,ананың ақ уыз сүтімен бойға сіңіп,болмысымызға тарады.Тіпті бұны ең білікті ғылым салалары да,ақындарда сөзсіз дəлелдеп отыр.Бұрынғы ата-бабаларымыз өмір сүрген заманда ананың осы бір абзал қасиеттерін ертеден-ақ білген екен.Сондықтанда шығар қазіргі болашақ ұрпақтың сай тасындай салауатты,саңлақ болып өсуі.Батыр да,бағлан да,көсемде шешен де,данышпан да барлығы əке мен анадан жаралды.Бірақ ана емеспе? тоғыз ай құрсағында көтеріп,кейін төрт ұйқысын төрт бөліп,бесік жырымен əлпештеп, бізді үлкен адам ретінде мына бір өмірге қалыптастырған. Сондықтан да болар-ау,қазақ ана парызын əке парызынан əлдеқайда жоғары қояды.Біз əрқашанда ата-анамызға сол бір сəби қалпымызда қаламыз.Əке-шешеге деген біздің атқаратын парызымыз ешқашан бітпейді.《Ата-анаңды көтеріп,Меккеге үш барып,үш келсенде,перзенттік парызыңнан құтыла алмайсың》деудің өзі 《ата-анаға мəңгі бақи қарзызсың》дегенді аңғартпайма?! Сол үшінде ата-анаға жасаған істерімізді,көмектерімізді міндетсінбеуіміз керек.Ата-ана біз үшін қолдарынан келгенше бағып-қағып,қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай өсіреді. Осы жолда біз үшін барын жұмсайды.Тіпті өзінің жаның беруге де даяр тұрады.Бірақ уақыт шіркін əрқашан озады емеспе?!Осы бір күйбең-тіршілік,бала-шағаның қамы,ата-ананы тез қартайтып,қауқарсыз күйге түсіреді.Кейінен əкеміз бен анамыздын қара шаштарының арасынан жаңа түскен қардай ақ басқанын,жүздерін əжім көлеңкелегенін байқап,ажарларын уақыт ұрлап бара жатқанын аңғарамыз... Еңсені езген,тағдырыдың ісіне сыр бермей,балаларына білдіртпей барынша бақытты да ұзақ өмір сүруге тырысады.Бірақ қазір адамдар ата-ананың қадірін білеме? Иə,көпке топырақ шашпаймын.Ата-анасын бағып қағып,бар қалған уақытын немере шөберелірімен өткіздіріп,жүздерін жадыратып,разылығын,алып жүрген ұл-қыздарда аз емес.Дүние кезек деген барғой,енді ата-анасы баласына сəби болып,Жаратушы иенің аманатын,арқалау міндеті перзентінің мойнына жүктеледі......
Пән: Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ислам тарихы Сабақ тақырыбы: Неліктен VIII-XII ғасырларды ислам мәдениетінің "алтын ғасыры" деп атайды 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.2.1 – тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндерің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау; 6.2.2.4 – Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау; 6.2.3.1 – Шығыс ойшылдары жетістіктерінің маңызын бағалау Сабақ мақсаттары: Ислам мәдениетінің әлемдік өркениетке қосқан үлесін бағалау.....