Атам жайлы естелік

Менің ұлы нағашы атам Құлжанов Үкітай Құлжанұлы 1918 жылы дүниеге келген. 1938 жылы Совет армиясының қатарына алынған. 1939-1940 жылдарда Совет Фин соғысына қатысып, атты әскерде болған. Әскер қатарынан 1941 жылы Ақпан айында босатылуға тиісті екен. Бірақ, Қазақстанға қайта орала алмай Ленинград қаласында қалдырылған. Совет үкіметі екінші дүниежүзілік соғыстың болатынын болжап, Ленинград қонақ үйлеріне орналастырып рұқсат етпеген. Атам Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинград фронтының атты әскерінде соғысқа қатынасыпты. Ленинград Фронтын басқарған лейтенант Поповтың қарамағындағы атты әскерінде «Воскресенское», «Родина Еремина» таулы жерлерінде соғысыпты. 1941жылы 8-інші Қыркүйекте блокадада қалыпты. Үкітай атамның әңгімесінде соғыста үлкен қайғылы, естен кетпес, қан жұтатын оқиғалары көп болыпты. Ойламаған жерден Неміс самалеттері бомбалай жөнелгенде, жазықсыз сәбилер, қариялар, бүтін бір жанұя да, өртеніп қаза болыпты. Соғыста бес атар мылтықпен бес рет атқанда, мылтықтың басы қызарып, тез қызып кете береді, оны суығанша күтіп отыратынбыз, Немістердің технологиялары өте күшті дамыған, қолдарында оқ жаудыратын автоматтары бар болатын, біз мылтығымызды оқтағанша, олар оқты жаудырып жіберетін, осындай кезде көптеген жауынгерлерлерімізден айрылдық. Осы кездерде әскерімізбен бірге соғысып жатқан жерімізге жауларымызды майдан сызығынан өткізіп алдық, орман арасында өзіміздің майдан сызығымызға жеткенімізше, екі аптадай уақыт зымырап өте шығатын. Соғыста азық-түлік таусылып қалатын да кездер болды. Күз айында әсіресе аш өзек жауға қарсы шабуылға шығамыз. Ертеңгі еліміздің жау қолына өтпеуі, негізгі арманымыз ғой, аштық ондайда ештеңе емес.....
Шығармалар
Толық