Биология | Ас қорыту туралы жалпы түсінік

Ас қорыту деп сыртқы ортадан организм қабылдаған қоректі заттардың күрделі қысылыстарының денеге жеңіл сіңетін қарапайым құрамаларына ыдырауын, айналуын қамтамасыз ететін процестердің жиынтығы.
Организм әр түрлі жұмыстар атқару үстінде көп мөлшерде энергия шығындайды, сондықтан оның тіршілік әрекетін сақтау үшін энергия қоры үздіксіз толықтырылып отыруы керек. Қажетті энергияны организм азықпен түрлі органикалық заттар (белоктар, көмірсулар, майлар) түрінде қабылдайды. Қоректі заттар азық құрамында ірі молекулалы қосылыстар түрінде кездеседі. Олар қан мен лимфаға тарап, торшалар мен ұлпаларға сіңу үшін арнаулы өңдеуден өтіп қарапайым қосылыс түріне айналу керек. Ас қорыту жолында қоректік заттар физикалық, химиялық, биологиялық әсерлерге ұшырап, кіші молекулалы, суда жеңіл еритін, денеге жеңіл сіңетін қосылыстарға айналады.
Ас қорыту мәні осында.
Жоғарғы сатыдағы жануарлапрдың ас қорыту ағзалары күрделі эволюциялық даму жолынан өткен, сол себепті тіршілік ортасының жағдайына, қоректік заттардың сипаты мен табиғаты байланысты ас қорытудың бірнеше түрлері қалыптасқан.
1. Торшалық ас қорыту
Ол түрлі тығыз немесе сұйық заттарды торша ішіне сіңіріп, оларды цитоплазма ферменттерінің әсерімен ыдырату процестеріне негізделген. Демек, фагоцитоз және пиноцитоз құбылыстары осы торшалық ас қорытудың көрінісі. Ас қорытудың бұл түрі бір торшалы қарапайым жануарларға тән.
2. Торшадан тыс ас қорыту.
Көптеген қоректік заттар молекуласының мөлшері торшалар мөлшерінен әлдеқайда үлкен келеді. сондықтан оларды ыдырату процестері маманданған торшалардан тыс, олардың сыртында жүреді. Ас қорытудың бұл түрі қуыстық және мембраналық болып екіге бөлінеді.
Қуыстық ас қорыту қарын мен ішектің қуысына бөлінген сөлдердің құрамындағы ферменттердің әрекетімен атқарылады.
Мембраналық ас қорыту торшалардың сыртқы бетінде, олардың қабығына (мембранасына) тұтылған, немесе сол мембрананың құрамына енген ферменттердің әсерімен жүреді. Аталған ферменттер тек қана торша бетімен жанасқан қоректік заттарға ғана әсер ететін. Сондықтан ас қорытудың бұл түрін жанаспалы, беткейлік ас қорыту деп те атайды.
3. Сыртта ас қорыту қоректік заттардың органитзмнен тыс ыдырауымен сиптталады. Ас қорытудың бұл түрі кейбір буынаяқтылар класында кездеседі. Мысалы, өрмекшілер торына түскен жәндіктерге өздерінің ас қорыту сөлдерін арнаулы аппараттары арқылы егеді де, құрбандық денесінде қоректік заттардың ыдырау өнімдері бөлінген соң, оларды дайын күйінде сорып алу арқылы қоректенеді.
4. Ұжымдық ас қорыту аралар, термиттер, құмырсқалар сияқты жәндіктерге тән. Оларды ас қорыту процесі бірнеше индивидтің қатысуымен жүреді, сондықтан олардың илеуінен бөлініп алынған жеке өкілдері ұзақ тіршілік ете алмайды.
Ас қорыту органдарының негізгі қызметі – қабылданған азық құрамындағы қоректік заттарды организмге жеңіл сіңетін қарапайым қосылыстарға айналдырып, оларға ішектің қабырғасы арқылы қанға өткізу. Мысалы азық құрамындағы белоктар – амин қышқылдарына, майлар – глицерин май қышқылдарына, ал көмірсулар – жүзім қанты не басқа моносахаридтерге айналғанда ған денеге қан арқылы тарап, сіңе алады.....
Рефераттар
Толық