file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы жеңіс - жасасын!)

Тәрбие сағат тақырыбы: «Ұлы жеңіс - жасасын!»
Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар, батырлардың суреттері, Ұлы Отан соғыс кезіндегі техникалар.
Өтілу барысы: Топ ішін безендіру. Музыка ойнап тұрады.
Тәрбие сағаттар
Толық

Бекболат Тілеухан (Қазақтың маңдайына біткен арысына арнау)

Уахабит деп Бекболат Қанайұлы,
Құйып жатыр санаға қалай уды?
Сүннет сүйген иманды азаматтың,
Таухид ұстап жүргені – бар айыбы!

Популист деп Бекболат Қанайұлы,
Қаңқу сөздің бар еді не қайыры?
Ұлшыл адам үндемей....
Өлеңдер
Толық

Қазақ хандығына 550 жыл (Тарих - ғасырлар куәсі)

Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Кешкі (ауысымды) ОЖББМ
Кадисова Акмарал Ержановна
«Тарих- ғасырлар куәсі» ашық тәрбие сағаты
(Қазақ хандығының 550 жылдығына орай)



Сабақ тақырыбы: «Тарих- ғасырлар куәсі» (сайыс кеші)

Сайыстың мақсаты:

Білімділік: қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттыру;
Тәрбие сағаттар
Толық

Қадыр Мырза Әли (Көктем)

Қарайып жарқабақтар күн ыстаған,
Қырдан қар төмен қарай жылыстаған.
Тосады жалпақ дала күнге жонын,
Денесін жазайық деп құрыстаған.

Жөнкіген көшпелі бұлт бір де тынбай
Ақырын төмендейді.....
Өлеңдер
Толық

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Қыз еркем, қылығымен көркем!)

Ақмола облысы
Целиноград ауданы
№2 Қосшы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Ыбырайқызы Рыскүл



Сценарий тақырыбы: «Қыз еркем, қылығымен көркем!»
Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Әріптес)

Әйел-Ана өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждағаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән - салтанаты мен облысымыздың мерейінің үстем болуында, қашанда.....
Құттықтау, тілектер
Толық

1 Наурыз - Алғыс айту күні (Адал еңбек, алғысым ұстазыма!)

Тәрбие сағат тақырыбы: Адал еңбек, алғысым ұстазыма!
Тәрбие сағат мақсаты: Бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздардың еңбегін, жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне білуге үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білуге үйрету.
Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, шарлар, гүлдер.
Тәрбие сағаттар
Толық

Халықаралық отбасы күні (Отбасы - өмір аясы)

Тәрбие сағатының тақырыбы: Отбасы – өмір аясы
Тәрбие сағат мақсаты: 1. Оқушыларға Халықаралық отбасы күні туралы мәлімет беру;
2. Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, рухани тазалыққа баулу.
3. Отбасы мен ата-ананы бағалауды үйрету.
Жабдықтандыру: компьютер, мультимедиалық жабдықтар, оқушылардың бірігіп жасаған шығармашылық газеталары.
Тәрбие сағатының барысы.
Серік Арайлым «Аққу» биі

1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-Жүргізуші: Отбасы күніне арналған «Отбасы - өмір аясы» атты кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.
2-жүргізуші: Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді
1-жүргізуші: Әке деген - биік шыңы адамның,
Әке деген - тірегі ғой ғаламның,
Әке деген – бойыңда аққан қаныі да,
Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.
Тәрбие сағаттар
Толық

Ауған ақиқиты

Сценарий тақырыбы: Ауған соғысы
Сценарий Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу
Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды
Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету
Сценарий Көрнекілігі: Проектор, экран, компьютер,слайдтар
Сценарий Түрі: кіріктірілген – интеллектуалды тәрбие іс – шарасы (сыр - сұхбат, түсіндіру, сайыс )
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Жаңа жыл (Балабақша | Қош келдің Жаңа 2015 жыл)

«Қош келдің, Жаңа жыл» 2015 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі
Жүргізуші: Барлық жандар бір білікке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған
«Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық