Экономика | Арнаулы салық режимі

Зерттелетін тақырыптың өзектілігі. Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.
2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (өзгертулермен және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатың салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады [1].
Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді белгілейтін Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтің бірден-бір заңды құжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз [2].
Салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді еңгізу және аудару немесе тоқтату кұқығы Қазақстан Республикасының заң органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек қана Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Салық төлеуші, салық міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын объектісін, салық базасын, салық мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге міндетті болады. Бұл кезде: салық салынатың объектісі және салық салумен байланысты объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар болса, онда салық телеушінің міндеттемесі де пайда болады; ....
Курстық жұмыстар
Толық