Экономика | Аргентинаға экономикалық географиялық сипаттама

Жер көлемі - 2,8 млн. км2.
Халқы - 34,7 млн. адам. (1996 ж ).
Аргентина - Латын Америкасындағы ірі және әлеуметтік – экономикалық тұрғыдан алғанда дамыған мемлекеттердің бірі. Оңтүстік Асмерика материгінің оңтүстік – шығыс бөлігін, Отты жер аралының шығыс жағы және жақын бас аралдарды алып жатыр және де Мальвин аралдарына өз құқықтарын жариялауда. Оның құрлықтағы шекаралары табиғи шекаралар арқылы өтеді: Чили және Боливиямен - Анд арқылы, Парагвай, Бразилия және Уругваймен - Пилкомайо, Парагвай, Парана, Уругвай өзендерімен өтеді. Аргентина шығысында Атлант мұхитына тікелей шыға алады: жағалық сызығының ұзындығы 2,5 мың. км. Жағалары аз тілімденген, тек қана Ла – Платаның жазық эстуариі құрлыққа 320 км еніп жатыр.
Конституция бойынша Аргентина - федеративті республика. Мемлкет және үкімет басшысы - президент. Президент бес жылға сайланады, екі рет сайлануға құқы бар. Заң шығару органы Ұлттық Конгрестің қолында. Ұлттық Конгресс президент тағайындайтын мемлекеттік хатшылардан тұрады. Провинцияларда өзін - өзі басқару органдары бар. Оларды губернаторлар басқарады. Әкімшілік жағынан Аргентина 23 провинцияға және 1 Федеральды округке бөлінеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық