Аралбай Оңғарбекұлы (1854-1914)

Аралбай Оңғарбекұлы (1854, қазіргі Маңғыстау облысы, Қарақұм ауылы – 1914, сонда) – ақын. Мұсылманша білім алған, шығыс әдебиеті нұсқаларымен жақсы таныс болған. Жас кезінен темірші-ұсталық, етікшілік, аңшылық, балықшылық сияқты кәсіптермен айналысады, тас қашап, зират ескерткіштерін жасаған. Аралбайдың қолынан шыққан сәулетті ескерткіштердің үздігі – Қарашүңгіл зиратындағы Бырттың мазары.

Өмірбаяны
Аралбай қазіргі Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы аймағындағы Қарақұм өңірінде дүниеге келіп, Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы Айрақты, Қарнау және Қаракұм деген жерлерде ғұмыр кешкен. Бейіті Қарақұм өңіріңдегі Қарашүңгіл қорымында. Аралбай Адайдың Келімберді – Мұңал – Жаулы – Жары – Жетімек деген әулеттерінен шыққан. Жетімектің Ырсалы деген бөлімінен.

Аралбай Айрақты маңында Каспийден балық аулап күнелткен қайықшы кедей адам болған. Аралбай балық аулаудан басқа там салумен, етік тігумен, күміс соғумен, жыр айтумен айналысқан – сегіз қырлы шебер, өнерлі адам болған. Ол Қарашүңгіл зиратындағы Бырт байдың құлпытасын шапқан бас шебер.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық