Арайлы алтын күз

Мақсаты: Балалардың күзгі табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейте түсу, күз байлықтары алтын, көкөніс, жемістер туралы білетіндерін толықтыру. Еңбекті, табиғат сұлулығын сүюге тәрбелеу.
Мерекелік безендіру: Зал мерекеге сай безендірілген, күзге байланысты суреттер, шарлар.
Жүргізуші: Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да, адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап-сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Құрметті, ардақты қонақтар, алтын күз мерекесімен құттықтаймыз! Ақылды, тәртіпті, ата-аналарына қолғанат, оқуда озат, жанұяда бақытты болуларыңа тілектеспін!
Армысыздар, бүгінгі кеш куәсі,
Алтын күзім тойланатын күн осы. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Арайлы алтын күз

Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы мен зор байлықтары туралы толық түсіндіру. Әр мезгілдің өз қызығы мен сәні бар екенін ұғындыру. Күз айларының халыққа молшылық алып келетінін, қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Балаларды бір – біріне сыйластықты, ауызбіршілікті болуға шақыру. Өнерге деген қызығушылықтарын ояту және сөз қорларын байыту.

Көрнекіліктер: Жапырақтар, жемістер, көкөністер маскалары, шарлар, гүлдер, жемістер.

Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, балабақша ұжымы сіздерді бүгінгі өлкеміздің «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге әрқашан осы күз мезгіліндей молшылық тілейміз!
Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін алыпты.
Ақ үзіктер жауыпты.

Сахнаға күз ханшайымы келеді(қолында жеміске толы себет, үстінде толы сары жапырақ, басында жеміс тағылған шляпа)
Сәлеметсіңдер ме балалар, ата - аналар, ұстаздар! Мен мына жақтан өтіп бара жатқан едім. Сендердің дауыстарыңды есітіп келдім. Мен жалғыз емеспін, қасымда менің туыстарым да бар, олар: қыркүйек, қазан, қараша. Сендер бұлар туралы жақсы білетін шығарсыңдар......
Балабақша сабақ жоспары
Толық