Апасын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Алдым биік, артым жар
Айналарға жерім тар.
Сағынғанда, жан апа,
Бір көруге болдым зар.
Жирен де аттың қасқасы-ай,
Сыдырып өрген таспасы-ай.
Айрылдым сенен, жан апа,
Шығарда жанның басқасы-ай.
Аспанда ұшқан құмайды-ай,
Құмай да бойын сылайды-ай.
Артыңда қалған балалар,
Апалап кімге жылайды-ай?!
Есіктің алды шие еді-ай,
Шиеге жеңім тиеді-ай.
Апам еске түскенде,
Ішім от боп күйеді-ай. ....
Өлеңдер
Толық