Антон Чехов | Қорғансыз жан


Түнде құяңы қатты ұстап, тұла бойы көтертпей тұрса да, Кистунов таңертең қызметіне барып, арызшылар мен банк клиенттерін қабылдай бастады. Оның реңінде қажыған, қиналған кісінің сыңайы бар еді, демін зорға алып, әрең-әрең сөйлеп отырды.

Көне салоп киген, сырт бейнесі сасық қоңызға ұқсас бір арызшы әйелге:

— Не керек еді сізге? - деді. Арызшы әйел судырай жөнелді:

— Мәртебелі мырза, назар аударсаңыз екен, менің күйеуім коллеждік асессор Шукин, бес ай бойы ауырып, сөйтіп, айып ете көрмеңіз, емделіп үйде жатқанында оны себепсізден -себепсіз отставкаға шығарыпты, мәртебелі мырза, ал оның айлығын алғалы барсам, олар, назар аударсаңыз екен, оның айлығынан жиырма төрт сом отыз алты тиын ұстап қалды! "Не үшін?" деймін. "Ол жолдастық кассадан ақша алған, оған басқа чиновниктер кепіл болған", дейді. Қалай болғаны бұл? Ол менің ризалығымсыз ақша ала алатын ба еді? Бұл болмайтын іс, мәртебелі мырза. Мұның өзі неліктен? Өзім бейшара жанмын, пәтер жалдап қана жан сақтаймын... Әлсіз, қорғансызбын... Жұрттың бәрі ренжітеді мені, ешкімнен жақсы сөз естімеймін... — деді......
Әңгімелер
Толық

Антон Чехов | Сүргінде

Заманында Толковый деп атанған Семен қарт пен атын ешкім де білмейтін жас татар жігіті жағада, оттың басында отыр, қалған үш қайықшы үй ішінде. Жасы алпыстарға келген, арық, тістері түскен, жауырынды, сырт қарағанда әлі де мығым Семен қарт мас ол үйге барып жатып ұйықтайтын еді, бірақ қалтасында жарты штофы бар, соны үйдегі жігіттер сұрап ішіп қоя ма деп қауіптенгендіктен ғана бармай отыр. Татар ауру. Қиналып, шоқпытына оранып, Симбир губерниясы жақсы екенін сонда, үйінде, сұлу, ақылды келіншегі қалғанын айтып отыр. Жасы жиырма бестен аспаған, бірақ қазір оның бозғылт, мұңды жүзі оттың жарығында жас баланың әлпеті сияқтанып көрінеді.

— Әрине, бұл жақ пейіш емес, - деп отыр Толковый. - Өзің де көріп жүрсің ғой өзен жағалауы жап-жалаңаш, төңірегінің бәрі саз балшық, басқа түк те жоқ...

Жарықтық пасха мейрамы өткелі қашан, сең әлі жүріп жатыр, мана ертеңгісін қар да жауды.

— Хал мүшкіл! Хал мүшкіл! - деп татар төңірекке үрейлене қарап қойды.

Бұлардан он қадамдай жерде ызғарлы өзен қарауытып ағып жатыр, суы гүрілдеп, жырмаланған жардың балшығына шолпылдай соғып, әлдеқайда алыстағы теңізге қарай асыға ағып барады. Тап жағада үлкен баржа қарауытып көрінеді, оны қайықшылар "қарбас" дейді. Арғы бетте, алыста, біресе өшіп, біресе шалқып, айдаһардай ирелеңдеген оттар көрінеді, олар - қау шөпке салынған өрт. Сол айдаһар оттардың арғы жағы тағы да меңіреу қараңғылық. Ұсақ сеңдердің баржаға дүңкілдеп соғылғаны естіліп қалады. Ауа дымқыл, суық... .....
Әңгімелер
Толық

Антон Чехов | Мұғалім

"Ағайынды Куликиндер мануфактурасының" қаражатымен ашылған фабрика мектебінің мұғалімі Федор Лукич Сысоев мерекелі түстікке әзірленіп жатты. Жыл сайын емтиханнан кейін фабрика дирекциясы түстік беретін де, онда емтиханға қатысқан халық училищелерінің инспекторлары мен фабрика басшылары болатын. Бұл түстіктер ресми болғанымен, әрдайым дәмді, көңілді өтіп, ұзаққа созылатын, мұғалімдердің өздері дәрежесі үлкендерді сыйлауды да ұмытып, ішіп-жеудегі бұлжымас дәстүрлерінен жаңылмай тойып алатын да, кейіннен тамақтары қарлыққанша даурыға сөйлесіп, көшеге шығып фабрика поселкесін басына көтере әндететін, содан соң шөп-шөп сүйісіп, үйлеріне тарайтын. Сысоев фабрика мектебінде қызмет еткен жылдарында мұндай түстіктердің он үшін басынан кешірген еді.

Енді ол он төртінші түстікке баруға әзірленгенде, мейрамдағыдай жасанып, үсті-басын түзей түсті. Жаңа қара костюмін кішкене тазартқыш щеткамен бір сағаттай тазартты, сәнді жаңа көйлегін кигенде де айнаның алдында ұзақ тұрды, көйлегінің баулығына ілмектер тығыз келіп, оңайлықпен өте қоймады, сондықтан әйеліне ызалана сықылықтап, екі қолын уқалап, қысқасы, еркелеген ит сияқты бұлаңдап жүрді.

Сысоевты көріп: .....
Әңгімелер
Толық