Тарих | Антикалық өркениет

Ежелгі Грекияның негізгі шарушылық-саяси бүтіндігі полис, яғни қала-мемелекет болған. Бүкіл ежелгі Эллада осындай салыстырмалы түрде жабық қала-мемлекеттерден тұрған. Полистердің өмірі демократиялық принціптерге бағынған. Әрине, олардағы демократияның өзіндік ерекшеліктері болған. Демократияның құлдарға, әйелдерге, азаматтығы жоқ жатжұрттықтарға қатысы болмаған. Ол тек жасы жиырмадан асқан еркін ер азаматтарға ғана қатысты.
Солай бола тұрса да, демократияның мұндай шектеулі түрінің өзі индивидуалдылықтың, жеке тұлғаның дамуына, көп әсерін тигізген. Философияда бұл көптүрлі көзқарастардың тууына жол ашады. Сондықтан ежелгі грек философиясы туралы оны біртұтас жүйе деп айтуға болмайды. Керісінше, қанша философ болса, сонша философиялық ілім болған. Оларды жалпы бағыттар мен мектептерге біріктіруге болады, бірақ соның өзінде әлемдік философияда әр филосов ерекше орын алады.
Жалпы ежелгі гректердің дүниеге көзқарасы оның Космос деп түсіндірілетін әлемге көзқарасымен ерекшеленеді. Космос, олардың түсінігі бойынша, аяқталған біртұтас дүние. Ол шекті, бірақ, біріншіден, ол жетілген, екіншіден, Космостан тысқары ешнәрсе жоқ. Бұл дүниеге көзқараста эстетикалық таным басым. Сондықтан Космос өте әдемі көркем шығарма – скульптура және сонымен қатар, күйі келген музыкалық аспап тәрізді. Ол тірі, жаны бар, тіпті рухты. Ежелгі гректер қазіргі ғылымдағы сияқты өлі табиғатты білмеген, олар үшін әлемде барлығы тірі, өсімдік, жануар, адам тәрізді өсіп-өнеді.
Космос шекті және аяқталған болғандықтан өлшем, шек, үйлесімділік сияқты ұғымдар оң мағынаға ие. Керісінше, шексіздік, өлшемсіздік сияқты ұғымдарға көзқарас теріс. Ежелгі гректердің дүниетанымындағы бұл көзқарастар философиясында да орын алады.
Классикалық грек философиясы екі периодқа бөлінеді. Бұлай болу Ежелгі Грекияның данышпаны – Сократтың философиялық іліміне байланысты: Сократқа дейінгілер, Сократтан кейінгілер. Сократқа дейінгі философияның ерекшелігі, онда көпшілік жағдайда жалпы өлшемге байланысты сұрақтар қарастырылған, яғни онтологиялық мәселелер басым болған. Олардың ілімдері біртұтас әлемнің негізінде не жатыр деген сұраққа жауап берумен ерекшеленеді. Біртұтас әлем көптүрлі құбылыстардан тұрады. Әлем біркелкі емес, көптүрлі. Көптүрліліктің негізінде не жатыр, бұл көптүрлілік неден пайда болады? Космос деп аталатын ағаш неден өсіп-өнеді?....
Рефераттар
Толық