Тарих | Алғашқы қауымдық құрылыс
Адамзаттың даму сатысының ең алғашқы құрылымы алғашқы қауымдық құрылыс болып саналады. Дүние жүзіндегі барлық халықтар осы сатыны бастарынан кешірді. Жалпы адамның пайда болуы туралы ғылымда осы күнге дейін екі пікір қалыптасқан. Біріншісі — креационизм, екіншісі эволюция теориясы. Креационизм (латын сөзі- create — жасау) бүкіл әлемнің барлығын, соның ішінде адамды да аяқталған күйінде құдайдың жаратуымен түсіндіреді. Құран, Библия сияқты қасиетті кітаптар осы теорияны уағыздайды. Мысалы, қасиетті Құран-кәрім былай дейді: «Ол: «Бол» деген күні бола кетті. Оның сөзі шын» (әнғам сүресі, 73-аят). «Көктер мен жердің кілттері Оның иелігінде... жер бүтіндей Онын уысында» (зүмәр сүресі, 63, 67 аяттар).
Эволюция теориясы жалпы әлемнің жердің пайда болуын Үлкен Жарылыс теориясымен түсіндіреді. Эволюционистердің пайымдауы бойынша әлемдік кеңістікте осыдан 9-18 миллиард жыл бұрын тығыз массалы, температурасы триллион градус болған әлемдік дүниедегі материяның үлкен Жарылысы болған. Соның нәтижесінде ұзақ уақыт аралығында шашыраған атомдар мен молекулалар планеталар мен жерді қалыптастырды. Келе-келе дамудың барысында молекулалар бір-бірімен қосылып, қарапайым өмірдің пайда болуына себепші болды. Миллион жылдар өте олар күрделі өмірдің формаларын қалыптастырды. Бірақ, жарылыс жасап, басқа күрделі зат немесе өмір пайда болады дегенге сену киын. Осыған байланысты жер бетінде адамдардың пайда болуы туралы мәліметтер де бір-біріне қарама-қайшы келеді. Көптеген тарихи әдебиеттерде адамзаттың тарихы осыдан 2,6 миллион жыл бұрын бастағаны тілге тиек етіледі.....

Рефераттар