Алғашқы тістері қашан шығады
Алғашқы тістері қашан шығады?Сәбидің алғашқы тістері анасының жатырында жатқанында-ақ қалыптаса бастайды. Табиғат «сыртқа шығуға бұйрық бергенше» қызыл иектерінің ішінде жасырынып жатады. Дені сау баланың сүт тістері 5-7 айлығында қызыл иекті жарып шыға бастайды. Ең бірінші болып төменгі орталық екі тісі, одан соң тура сондай жоғарғы тістері шығады. 12 айға дейін оған оң және сол жағынан екі көрші тістері қосылады. Осылайша, өзінің алғашқы туған күнін әдетте сәби 8 «қаруланған» тісімен қарсы алады. Қалғандары (сүтті тістің саны20 болады) бір жыл ішінде ақырындап шыға бастайды.Кей тістер кешігіп шықса, уайымдаудың қажеті жоқ: кейбір дені сау балалардың 1 жасқа қарай алдыңғы 6 тісі ғана шығады.2,5 жасқа қарай сүтті тіс толық шығып болады.......
Кеңестер