Ауылым - алтын бесігім
Азаматын таны.
Қашан да халқымыз үшін ауыл-руханиятымыздың темір-қазығы, ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы екені даусыз. Ауылдың таза ауасын жұтып, тұнық суын ішіп, көркем табиғатынан қуат алып өскен әрбір азамат өзі туған топырағын барынша қадірлеп-қастерлеуге тиіс. Төрт түлігін түлетіп, егісін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған ауыл- бүтін бір елдің асыраушысы, қайнаған еңбектің және ұлттық руханияттың қайнар көзі іспеттес.
Осындай үлгілі де, қадірлі мекенге өзімнің аулымды еш ойланбастан жатқыза аламын. Менің туып-өскен жерім-Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Бурабай ауылы. Табиғаты өзге жерден тым ерекше, адамдары да ақкөңіл, үнемі тыным таппайтын еңбекқор, қонақжай , бір үйдің адамдары сияқты ынтымақшыл халық. Бірі үшін бәрі жүгіріп жүреді. Жаз болса өрісте мал жайып, күз келсе егін жиып, көктемде жас төлдерімен әлектенеді. Үлкендер қауымы жастарға бар білгендерін үйретіп, көмектесіп, кем-кетігімізді жөндеуге әзір. Бізге көненің көзімен көп нәрсе үйретеді......