Жұмбақтар: ең қиын және миыңызды шынықтыратын 9 жұмбақ

Жұмбақ шешу – бір сәтке болсын күнделікті қарабайыр тіршіліктен алыстатып, зейініңізді, есте сақтау қабілетіңізді арттырады. Ұсынылып отырған қызықты жұмбақтар топтамасы арқылы миыңызды шынықтырып, ой-өрісіңізді тереңдете түсіңіз.

Жұмбақтар жауабымен
Толық

Адамды тұрар адам қып, Ақжүректiлiк пен адалдық.

Адам баласының жақсы қасиеттері көп. Солардың ішінде ақжүректілік дегені қандай қасиет деп ойлайсыз? Ақжүрек адамдар көп жағдайда өздері көп қиындық көріп жатпай ма? Сіздің ойыңыз қандай?

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Аянат

Аянат есімінің мағынасы -  араб тілінен ийан сөзін аударғанда – өз көзімен көру, анықтық, айқындылық, шындық, ақиқат деген мағынаны білдіреді.

Есімдер мағынасы
Толық

Медина, Мәдина

Медина есімінің мағынасы (Мәдина) — «қала», Мадинат ән-Нәбий («Пайғамбар қаласы») деген тіркестен алынған. Бұл мұсылмандардың қасиетті қаласы болып саналады.

Есімдер мағынасы
Толық

Айзере

Айзере есімінің мағынасы - қазақ тілінен алынған «ай» және «зере», иран тілінен «зер» — аудамасы «алтын» деген сөздерден құралған. Алтынай есімінің синонимі.

Есімдер мағынасы
Толық

Әлинұр

Әлинұр есімінің мағынасы – "әли" мен "нұр" сөздерінен жасалған есім. Әли, араб тілінен – аса, зор, заңғар; Нұр – жарық, сәуле. 

Есімдер мағынасы
Толық

Айсамал

Айсамал есімінің мағынасы -  «ай» және «самал» қазақ сөздерінен құралған. «Ай» сөзі айдай жарық, ашық болсын деген мағына береді. Ал «самал» дегені жеңіл, жел мағынасын білдіреді. Қазақ халқында самал жел деген сөз бар. Айсамал есімін қызына берген ата-ана оның өмірі жарқын, жолы жеңіл, ашық болғанын тілейді.

Есімдер мағынасы
Толық

Кәусар

Кәусар есімінің мағынасы

 Араб тілінен алькаусар – жұмақ көзінен шыққан су, яғни таза, пәк, мөлдір, жомарт жан деген мағынаны білдіреді. Жәннаттағы өзеннің аты.

Есімдер мағынасы
Толық

Еркебұлан

ЕРКЕБҰЛАН – қазақтың төл есімі. «Ерке» (бұла, қадірлі, сыйлы) және «бұлан» (бұғы тектес ірі аң) сөздерінің бірігуінен құралған ныспы. Қазақта «бұ­ланның көзіндей» (көреген) деген сөз бар. Біздің халық бұланды қасиетті аң са­найды. Жаңа туған сәбиге бұл есімді «ұлымыз халқының еркесі болып өссін, елі­нің аяулысы болғай» деген ниетпен қояды. Ел ішінде жиі кездесетін ат. 

Есімдер мағынасы
Толық