Бір күні қазақ аурухана ашыпты. Ол ашқаннан кейін айтады: - Мен барлық ауруды емдеймін, бағасы 5000 теңге, егер емдей алмасам мен саған 10 000 теңге беремін дейді. Ертеңіне орыс үйінде отырып ойлайды, мен бос жатпай ақша табайын дейді де......
Мəлік Батырхан Абайұлы (ALEM) (18 ақпан 1993 жылы туған, Үшқұдық қаласы, Науаи облысы, Өзбекстан Республикасы) — қазақстандық әнші, Ninety One тобының мүшесі және «Қазақстан Дауысы» атты жоба финалисті ретінде танымалдылыққа ие болды. Жəне X фактор жобасының жартылай финалист сияқты т.б танымалдылығы бар. Өмірбаяны Батырхан 1993 жылдың 18 ақпанында Өзбекстан Республикасы, Науаи облысының Үшқұдық қаласында дүниеге келген. Отбасында әкесі, анасы, ағасы және қарындасы бар. Отбасы Қазақстан Республикасы Қостанай қаласында тұрады. Балалық шағы Топтағы вокалистердің бірі Батырхан 1993 жылдың 18 ақпанында Өзбекстан Республикасы Үшқұдық қаласында дүниеге келген. 2002 жылы отбасымен Қостанай қаласына көшіп келеді. Жанұясында ортаншы бала, ағасы мен қарындасы бар. "Кейде қарындасым ренжігенде мені "Э, найнти уан!" деп атайды" ....
Нұртас Абайұлы Адамбаев (1981 жылы 14 желтоқсанда Жамбыл, қазіргі Тараз қаласында дүниеге келген) — Қазақстанның танымал комедия актёрі, шоумен, режиссёр, продюсер және сценаристі. КВН-ның жоғарғы лигасында «Астана.kz» ұлттық құрама командасында өнер көрсеткен. «ҚызыҚ радиосы» және «Наша KZаша» атты скетчкомдарда түскен. Өмірбаяны 2002 жылы Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетін бітірген. КВН-ның жоғарғы лигасында ұзақ уақыт өнер көрсеткен. 2012 жылы Алматыда бес жыл бұрын өз көлігімен қаққан Мақсат Құбандықовтың отбасы Нұртасты көлікпен қаққан үшін соттап 400 млн теңге көлемінде қаржы талап етті, жәбірленген азамат апаттан кейін соқыр болып, шетелдегі емшілерді керек етті. 2012 жылы «Forbes» журналы «Наша KZаша» қатысушыларын қазақстандағы шоу-бизнес өкілдері ішіндегі үшінші орынға ие деп санады. 2015 жылы "Халықтың сүйіктісі" атты Ұлттык премия лауреатына ие болды. ....
Олжас Абай Алматы облысы, Ескелді ауданында дүниеге келген. Ол Талдықорған қаласындағы Д.Рақышев атындағы спорт мектебін, кейін Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын бітірген. Олжасты көпшілік “Ochooou” деп таниды. Бұл әртістің сахна үшін арнайы таңдап алған псевдонимі емес. Оны әкесі бала күнінде осылай еркелеткен екен. Әкесі қойған атпен сахнаға шыққан әртіс бір жағынан осындай өзгеше лақап атымен ерекшеленгенді жөн көріпті. Шындығында, Олжастың сахналық есімі ғана емес, репертуарындағы әндері де ерекше. Әсіресе, оның 2016 жылы бейнебаяны түсірілген “Бомба” әнін айрықша атап өтуге болады. Бұл әннің өзі де, бейнебаяны да тыңдарман тарапынан жылы қабылданып, “Гәкку” арнасында миллионнан астам қаралым жинады. ....
Өмірбаяны Мағауия Абайұлы Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған кенже баласы. Жасында молдадан оқытқаннан кейін, Семейдегі Городское училищесіне орысша мектепке оқуға түсіреді, бірақ Мағауия екі-үш жыл оқығаннан кейін науқасқа шалдығып, ауылға қайтады. Осыдан кейін де әкесінің қасында жүріп, өздігінен ізденіп білімін толықтыра береді. Әкесінің ақындық қасиетін қадірлеп, өзі де ақындыққа беріледі. Мағауия әдебиет тарихында Абайлық дәстүрді бойына мол сіңірген ақын болып қалыптасты, нәзік лирикалық өлеңдер шығару, сюжетті поэмалар жазуды әкесі Абай ақынның өнегесінен алды.
Өмірінің соңы Небәрі 34 жыл жасаған Мағауия шағын ғұмырында қазақ әдебиетіне мұра боларлық тамаша туындылар тастап кетті. 1904 жылы 14 мамырда қайтыс болған Мағауия Ақшоқы мекеніндегі Құнанбай бейітіне жерленді.....
Ұлықпан Мырзабайұлы Жолдасов (1966 жылы 14 ақпанда Маңғыстау облысы Қарақия ауданында туған) — әнші, композитор, музыкалық продюсер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). Қарақия ауданының Құрметті азаматы (2016). Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының Үздігі (2015).
Ұлықпан Мырзабайұлы 1966 жылы 14 ақпанда Маңғыстау облысы Қарақия ауданында дүниеге келген. Шығармашылық жолын 1983 жылы Маңғыстау облыстық филармониясынан бастаған. Бүгінгі таңда қазақ эстрдасында 300ге жуық авторлық әндері мен композициялары бар. Мақпал Жүнісова, МузАРТ, Мәдина Сәдуақасова, "Нұр-мұқасан" және басқа да көптеген эстрада жұлдыздарының орындауындағы бұл әндердің көбісі дерлік тыңдармандардың көңілінен шыққан туындылар. Халықаралық, Республикалық байқауларда топ жарған әндері де жетерлік. Соның ішінде композитордың ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаеваның орындауындағы "Махаббат маусымы" әні Голливудта өткен халықаралық байқайда гран-при жүлдесін жеңді....
Сәкен Қордабайұлы Майғазиаев (1975 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында туған) — қазақстандық әнші, МузАРТ ансамбльінің солисті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.
Өмірбаяны Сәкен алты ұл мен төрт қызды дүниеге әкелген Қордабай Майғазыұлы мен Ұлтай Мырзамбекқызы отбасында тоғызыншы болып туған. 1993 ж. Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжіне түсіп, «соқпалы аспаптар және эстрада әншісі» бөлімі бойынша К. Бектаев пен Л. Кесоглудан сабақ алды. 1997ж. Т. Жүргенов атындағы «Өнер» академиясының «эстрада әншісі» бөлімі бойынша Л. Тулешовадан білім алды.
2001 ж. бастап МузАРТ тобының мүшесі болып тағайындалды. 2012 ж. бері - Ж. Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінде ұстаз.....
Меруерт Балғабайқызы Түсіпбаева (1971 жылы 6 тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған) — қазақстандық танымал эстрада әншісі, кино актриса, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (2000). Педагогика ғылымдарының кандидаты (2009).
Меруерт Балғабайқызы 1971 жылы 6 тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1995 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "музыкалық театр актері" мамандығы бойынша Қазақстанның халық артисі, профессор Тілектес Мейрамовтың классын бітірген. 1995 - 2001 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы болды. Осы театрда жүріп, Ғ. Мүсіреповтың «Ұлпан мен Есеней» спектаклінде Ұлпан рөлін, М.Ақынжанов, А.Әшімовтың «Алтын сақасында» Күнбала рөлін, М.Шаханов пен Ш. Айтматовтың «Сократ» спектаклінде Нуриді және т.б. елге танымал койылымдарда аса биік актерлік шеберлік көрсете білді. 1996 жылдан жеке шығармашылықта. ....