Қазақстанда жалқы есімдерді зерттеу мәселесі 1945 жылдан кейін басталды. Бұл пікірімізге мысал етіп Г.Конкашпаев, Н.Баяндин, С.Алиев, Д.Ж.Кармышева т.б ғалымдардың топономикалық атауларға арналған еңбектерін атауға болады. 1955 ж. бастап қазақ антропономикасы ғылыми зерттеудің тұрақты нысанына айналды. Қазақ тіл біліміндегі бұл саланың басында Т.Жанұзақов тұрды. Антропономика - ономастиканың бір саласы болып, ол адам аттарының құрамын, құрылысын олардың келіп шығу заңдылықтарын, мағыналық ерекшеліктерін т.б. жақтарын лингвистикалық тұрғыдан зерттеп үйренеді....
Абай тілін сөз өрнегін зерттеу бүгінде қазақ филологиясы ғылымының ауқымды саласы болып қалыптасып отырған Абайтанудың өз алдына маңызы зор бір тармағы. Абай сөз өрнегін танып – білу саласы өзінің зерттеу нысаналары мен әдістерін сондай – ақ жеке және жалпы мәселелерін біршама анықтап, бір алуан еңбектер ұсынғанымен, әлі де арнайы жүргізілетін зерттеулердің қажеттігі даусыз. Солардың бірі – ұлы суреткердің сөз өрнегін тіл білімі тұрғысынан тану, яғни ғылымның «лингвистикалық стилистика» деп аталатын саласы бойынша талдау. Көркем әдебиетте оның ішінде поэзияда сөз әрдайым өзінің тура мағнасында жұмсалмай, әр алуан мақсатта құбылып, өзгеріп қосымша рең үстеп, негізгі тілдің мағынасын ауыстырып немесе жойылып, не кеңейтіп қолданылып жатады.....
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшкендігін ірі өркениетті елдер мойындай бастады. (АҚШ, Италия, Франция, Англия т.б. елді мекендер). 2. «Бєсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бєсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге халық үшін». Президенттің қазақ халқына жолдауы. Астана 2004ж. 19-наурыз. 3. Бастауыш мектеп оқушыларын дамытудың маңызды факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесін ғана емес, сонымен бірге баланың ақыл - ой әрекеті тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін бүкіл оқу барысын жолға қою болып табылады. 4. Ана тілі оқу пәнінің маңызы туралы Ж.Аймауытов былай дейді. «Оқытатын пәндердің бәрін бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән - ана тілі» ] Оқулық тек білім құралы ғана емес, тәрбие құралы да. Негізгі идеясы - адамгершілік тәрбиесі оқушы жүрегіне ізгілік егу болып табылатын шығармалар жинақталып, оқулыққа ұлы Абайдың «Адам болам десеңіз» деген сөзімен үлкен бөлім енгізілген. 5. Тұлғаны шығармашылық деңгейінің дамуы жетістігі барлық педагогиткалық технологияның жоғарғы нәтежесі болып есептеледі. Шығармашылыққа тән - ой тереңдігі, ой икемдігі, даралық, таңғажайыптылық, сезім дамуы және....
Қазақстанда жалқы есімдерді зерттеу мәселесі 1945 жылдан кейін басталды. Қазақ тіл біліміндегі бұл саланың басында Т.Жанұзақов тұрды. Антропономика - ономастиканың бір саласы болып, ол адам аттарының Адам аттары, бірінші кезекте, адамның қоғамдағы орнын ажыратып көрсету Шындығында да, адм аттарын зерттеу арқылы сол халықтың тілінің Эпопеяның тілін зерттеген Е.Жанпейісовтің есептеуінше «Абай жолында» тікелей Қазақ антропонимдерінің табиғатын ашу- бүгінгі күнгі қазақ тіл білімінң Зерттеудің нысаны М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы антропонимдер. Олардың мағыналық топтары, Зерттеудің мақсаты мен міндеттері - Жұмыстың негізгі мақсаты- М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы антропонимдердің - Қазақ антропонимикасына байланысты жазылған ғылыми еңбектерге шолу жасай - Романдағы араб-парсы, орыс және жалпы түркілік есімдерді анықтау. - Романдағы антропонимдердің тұлғаларын талдау. - Романдағы антропонимдердің мағыналық топтарын көрсету. - Романдағы антропонимдердің жасалу тәсілдерін көрсету. ....
Зерттеудің өзектілігі: Абай - өз заманының биік парасат иесі ғана емес, бүгінгі заман айшылықтарын шегінуте де оң бағыт берген биік тұлға. Ақынның гуманистік идеясы тек өледдерінде ғана емес, қарасөздерінде де терең философиялық толғаныспен көрініс тапқан. Абай қарасөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған ақын шығармашылығындағы айтпақ ой, терең филососриялық мұғалім өзі зерттеп, түсінгенде ғана осы бағытта баламен жүргізілетін білімдік және тәрбиелік істері нәтижелі болмақ. Курстық жұмыстың мақсаты: Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәнін қазақтың мақалдарын сынай отыра Абай дүниеқоңыздық, ұятсыздық сияқты адамды аздыра-тын қылықтардан жиренуді мақсат етеді. Жақсы, жаманның арасын айырып, ақиқатын айтады немесе "7-ші", "31-ші" сөзінде Абай оқу, өнер-білім мәселесі төңірегінде келелі ой қозғауы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады....
Бүгінгі қоғам талабына сай елімізде туындап жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістер мен жариялықтар білім беру саясатына жаңа көзқарас қалыптастыруды қажет етеді. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында «білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру мен дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалу қажет» деп көрсетілген. Жеке адамды дамытудың басты бағыты – жаңа адамгершілік құндылықтарды орнықтыру екендігі белгілі. Мұндай ауқымы кең міндетті шешуде көркем шығармалардың алтын орны ерекше. Көркем туынды да халықтың тарихи жүріп өткен жолдары, өмір белестері, елдік – ерлік дәстүрлері, тұрмыс – салты, психологиясы жинақталған, табиғаты кескінделген, адамгершілік ұғым түсінігі көрініс табады. Осындай талғамы биік оқушы жүрегіне жол табатын шығармалар қатарына Абай туындылары жатады. Әлемдік деңгейдегі ақындардың бірі, мәдениет, пәлсапа, музыка, ой дүниесінің алыбы, ағартушы-демократ, шешен, аудармашы, тәрбиеші-ұстаз Абай тек бір ұлттың көлемінде ғана емес, оның асыл мұрасын оқытудың өзекті мәселелері ұстаздар қауымының алдына қазіргі кезеңдердегідей ерекше жауапты, аса қиын да күрделі сұрақтарды қоймас еді. ....
Абай тілін зерттеу- бүгінде қазақ филология ғылымының ауқымды саласы болып қалыптасып отырған абайтанудың өз алдына маңызды, зор тармағы.Абай тілін танып-таныту саласы өзінің зерттеу нысаналары мен әдістерін, сондай- ақ жеке және жалпы мәселелерін біршама анықтап, бір алуан еңбектер ұсынғанымен, арнайы жүргізілетін зерттеулердің қажеттігі даусыз. Абай тілі- кең, ауқымды тіл. Оның көркемдік тұрғысы, тілдік- стильдік арнасы да сан салалы. Бұл жұмысымызда Абай шығармашылығының лексикалық қабатын қамтуды басты нысан етіп отырмыз. Ақын поэзиясында, прозасында лексикалық қабаттардың әрқалай, әртұрғыда қолданғанын зерттеушілердің жұмыстары дәлелдеп отыр .Мемлекеттік ұлттық әдеби жазба тілдің негізін салушы Абай тәрізді қаламгердің тілін бірнеше аспектіден қарастырғанымыз жөн . Абай лексикасын генетикалық тұрғыдан талдағанда негізінен үш қабаттан тұрады деп қарастырамыз. Абай тілінде кездесетін араб-парсы қабытының үлкен тобы –тек ақын шығармашылығында кездесетін, бірақ қазіргі қазақ тіліне енбеген сөздер. Абай шығармашылығы арқылы қазақ әдебиетінің тарихына еніп, лексикалық тұрғыдан зерттелініп те жатқан араб- парсы сөздерінің де маңыздылығын атап өткен жөн.....
Абай - өз заманының биік парасат иесі ғана емес, бүгінгі заман айшылықтарын шегінуте де оң бағыт берген биік тұлға. Ақынның гуманистік идеясы тек өледдерінде ғана емес, қарасөздерінде де терең философиялық толғаныспен көрініс тапқан. Абай қарасөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған ақын шығармашылығындағы айтпақ ой, терең филососриялық мұғалім өзі зерттеп, түсінгенде ғана осы бағытта баламен жүргізілетін білімдік және тәрбиелік істері нәтижелі болмақ. Курстық жұмыстың мақсаты: Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәнін қазақтың мақалдарын сынай отыра Абай дүниеқоңыздық, ұятсыздық сияқты адамды аздыра-тын қылықтардан жиренуді мақсат етеді. Жақсы, жаманның арасын айырып, ақиқатын айтады немесе "7-ші", "31-ші" сөзінде Абай оқу, өнер-білім мәселесі төңірегінде келелі ой қозғауы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады....
Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуымен байланысты қоғамдық өмірдің көптеген саласында өрісін кеңейтіп, жан- жақты атқарар қызметінің өсе түскені белгілі. Осы ретте тілдің дамып өркендеу барысында сөз мағынасы мен оның даму заңдылықтарын арнайы құрастырудың мәні зор. Өйткені тілді адамдар арасында қарым - қатынас жасаудың құралы деп танысақ, сөздер сөйлем құрамында өзара семантикалық синтаксистік үйлесімділікте айтылғанда ғана белгілі бір ақпаратты жеткізе алады. Сөз күрделі құбылыс, сондықтан оның түрлі қасиеті, мағынасы мен тұлғасы тіпті сөздердің өзара тіркесуі де жеке- жеке тіл саласының объектісі болып жүр. Олар жеке- жеке қолданылуымен бірге бір бірлікте , бір категорияда қолданылады. Демек, жеке тұлға ретінде өмір сүрмейді. Мағынасымен байланыспаса, тұлға өздері тұлға сөз бола алмайды. Сондықтан жалаң формалармен байланыспаған жинақ мағына өмір сүрмейді. Сөз тұлғасын зерттейтін тіл саласы– сөзжасам мен морфология саласы. Сөз тұлғасы дегеніміз– сөздің мағынасы мен байланысып барып қана сөздің бір элементі болады. Сондықтан сөз мағынасына сүйене отырып, сөздерді тұлғалық негізде екіге бөледі. Осы қасиетке негізделіп , сөздер жалаң сөздер және күрделі сөздер болып екіге бөлінеді. Ал, күрделі сөздер беске бөлінеді: қос сөздер, қысқарған сөздер, біріккен сөздер, кіріккен сөздер, тіркескен сөздер. Диплом жұмысында қос сөздердің лексика- семантикалық, грамматикалық белгілері талданады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Сөз – күрделі құбылыс. Ол тіл білімінің барлық саласының зерттеу нысаны болып табылады. Соның ішінде сөздердің тұлғалық құрылымымен жасалып қалыптасуын сөзжасам мен морфология ғылымы қарастырады. Қазақ тіл білімінде қос сөздердің лексика- семантикалық, грамматикалық қасиет белгілері толық зерттелінді дей алмаймыз. Сондықтан М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы қос сөздер диплом жұмысымыздың негізгі нысаны етіп алынды. Қазақ тіл білімінде күрделі сөздерге алғаш талдау жасағандардың бірі– профессор Қ. Жұбанов болған. Ол қос сөздерді «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерінің» «сөз тұлғалары » деген тарауында «қосар сөздер» деген терминмен берген. [1966,151]. Сонымен қатар К.Аханов, Ә.Керімов, А.Есенғұлов, Н.Сауранбаев, Н.Ысқақов сынды ғалымдар азды-көпті еңбек еткен. Аталған ғалымдардың еңбектерінде күрделі сөздердің біріккен, кіріккен, қосарланған, тіркескен түрлері біршама зерттеу нысандарына арқау болған. Аталған ғалымдардың еңбектерін оқып, зерттей отырып қос сөздердің сөз- жасамдық сипатына байланысты пікірлерінің әр түрлілігін, тіпті қайшылыққа толы екендігін байқадық. Яғни қос сөздерге тән ерекшеліктер толық ашылды деуге болмайды. Қос сөздердің әлі де анықтайтын тұстары баршылық. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты – М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында қос сөздердің қолданылу аясын анықтау, яғни қос сөздердің лексика- семантикалық, грамматикалық белгілерін анықтау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық: – күрделі сөздерге, соның бірі қос сөздерге байланысты айтылған ғалымдардың пікірлеріне ғылыми талдау жасау; – қос сөздердің өзге күрделі сөздерден ерекшелігін айқындау; – эпопеяда кездесетін қосарлау немесе қайталау арқылы жасалған сөздер жаңа мағынаға ие бола ма? деген сұраққа жауап іздеу. Жұмыстың зерттелу әдістері. Жұмысты зерттеу үшін төмендегідей әдістерді қолдандық: талдау әдісі, жинақтау, ой қорыту, жүйелеу, статистика әдістері. Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. – Күрделі сөздердің ХI ғасырлардан бастап жиі қолданылғандығы анықталды. – Еркін сөздердің күрделі сөздерге дейін дамуына әрі мағыналық, әрі морфологиялық жағынан дамуы, десемантизация, деформацияға түсуі анықталды. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында қос сөздердің мол қабаты анықталды. Олардың семантикалық ерекшеліктері айқындалды. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы қос сөздердің қолданылу аясы бұрын соңды зерттелмеген тақырып, зерттеу жұмыстарында көрсетілмеген. Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, екі тарау және қорытындыдан тұрады. Оған қоса пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымша материалдар (мысалдар жазылған кеспе қағаздар) берілген. Әр тараудың өзі іштегі құрылымына қарай бірнеше бөлімшелерге бөлінген.
1.1. Күрделі сөздер туралы зерттеулер мен пікірлер.
Әр түрлі жүйеге жататын түрлі тілдерде күрделі сөздердің жасалуында айырмашылықтар бар. Бұл жағдай күрделі сөз туралы түрлі пікірлер туғызуы заңды деп санаймыз. Түркі тілдерін зерттеуші тіл мамандары өздерінің еңбектерінде күрделі сөз мәселесіне де назар аударып, ол турасында байқағандарын көзден таса қалдырмаған. Түркі тілдеріндегі күрделі сөз мәселесінің зерттелуі туралы А.А.Юлдашев былай дейді : «Сложные слова которыми изобилуют тюркские язык, особенно их терминология до сих пор не получили удовлетворительной разработки ни в словарях, ни в грамматических описаниях».....
Тақырыптың өзектілігі: Бұл бітіру жұмысымның тақырыбын осылай алу себебім: жеріміздің әсем де, сұлу табиғатын, оның табиғат қорларын, ондағы казіргі өзекті экологиялық жай күйін жазғым кеді. Орманды рекреациялық мақсатта қолдану орман биогеоценоздарының бұзылуына, әсіресе бұл демалушылардың көптеп жиналған аймағында (жағажай маңы, сауықтыру орталықтары, балалар лагері) анық байқалады. Орман экожүйесіне рекреацияның кері әсері көбнесе оның түріне байланысты. И.Л.Трапидо рекреацияның орман биогеоценоздарына әсерінің түрлерін көрсеткен/1/: - механикалық әсер: а) таптау б) зақымдау (өсімдіктер, саңырауқұлақтар, алау жағу арқылы топырақты күйдіружануарларды үркіту, ағаштарды зақымдау) - Келушілер әсері: а) органикалық және органикалық емес заттармен (азық-түлік, қағаз, металл) б) жаңа биологиялық түрлер тарату (әр түрлі өсімдіктер тұқымдары арқылы) ....