Абай және ХХІ ғасыр

Өзі өмір сүрген заманның нағыз озық ойлысы, елден ерек туған еңселі ері, қараңғы қазақтың шам шырағы атанған ардақты Абайдан алар тағылым мен түйер ойлар орасан зор. Тыңғылықты тыңдаған мен терең түсінген жанға Абай айтқан асыл сөздер- адасқанда жолына жарық болса, сүрінгенде сүйенер сенімді серігіндей болатыны анық. Абайдың ой- тұжырымдары баршамызға қашанда рухани азық бола алады. Мысалы, жұп- жұмыр жалғыз ғана «Сегізаяқ» өлеңінің өзінде қазіргі кезде белең алып, етек жайған сан түрлі жағымсыз қасиеттерді қатты мінейді. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» деген ойлы- өнегелі сөзі қаншалық қастерлі, көп аузынан түспейтін халық мәтеліне айналып та кетті. Расымен-ақ көзіміз күнде жетіп жүр, еріншектік, масылдық, тойымсыздық, босаңдылықтың адам өмірінің астан- кестеңін шығарып, тіпті түбіне жетіп азғындалатыны өзегімізді өртей түседі. Нәпсі мен дүниеқоңыздық адамды адам санатынан хайуандай жиренішті әрі бишаралық күйге түсіріп жібереді. Ақынның кесек ақыл мен жетік білгірлігі соншалық мұншалық маңызды мәселелер мен түйткілді ойларды орамды тілмен, кестелі сөзбен, аз сөзге көп мағына сыйғыза білдіруі сөз ұққанға мол өнеге. Айтып ауыз жиғыза алмастай, бұдан өзге де ақын қырын жан- жақты дамытып, оқырман көңіліне кереметтей сергектік, әсіресе, жастарға жаңаша серпімділік пен жадына жақсы тұтар тәлім- тәрбие беретін дана ақынның ойлы туындылары есепсіз көп. Аз ғана мысалмен айтпағымды айқын жеткізгім келеді, яғни Абай сөзінің бүгінгі заманымыз үшін көкейкестілігін ақын шығармаларынан анық аңғарамыз. Осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын қараңғы қазақты, қалың елді, қадірлі ұлтын білімділікке, кесел мінездер мен жат әдеттерден аулақ болуға, ғылымға бейіл бұруға шақырған үндеуі, үні, айтқан асыл сөздері естен мәңгі кетпестей қасиетті мұрамыз болып сақталып келеді......
Шығармалар
Толық