Құқықтану | АКЦИОНЕРЛIК ҚОҒАМНЫҢ ТИIМДI ҰЙЫМДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНЫ

Кеңес мемлекетi өмiр сүрiп отырған кезеңде азаматтық құқық теориясында заңды тұлғалардың мәнi туралы алуан түрлi пiкiрлер кең таралған болатын. Негiзiнен алғанда заңды тұлғалар – мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер зерттеу объектiсi болды, мұны экономикада мемлекеттiк меншiктiң үстемдiк етуiмен түсiндiруге болатын.
ХIХ ғасырда АҚШ жоғарғы сот судьясы Д.Маршалдың корпорацияға берген мынадай кең таралған анықтамасы: “Корпорация дегенiмiз – бұл көрiнбейтiн, сезiлмейтiн және заң жүзiнде ғана өмiр сүретiн жасанды құрылым” қалыптасқан, бұл анықтама АҚШ-тың теориясы мен практикасында өзiнiң маңызды орнын алған.
Академик А.А. Венедиктов “ұжым iлiмiнiң” авторы. Бұл ғалымның айтуынша мемлекеттiк заңды тұлғаның артында екi ұжым тұрады деген: а) мемлекет атынан барлық халық, б) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерiнiң ұжымы.
Сөйтiп заңды тұлғаға “адамдардың қатысы” жөнiнде әртүрлi пiкiрлер атылған және де бұл орайда авторлар түрлi белгiлерге жүгiнедi. Оның бiрiнде бұл адамдар заңды мүддесi үшiн әрекет етедi, екiншiден адамдардың әрекетi осы институтпен (саламен) реттеледi, үшiншiсiнде адамдардың әрекетi заңды тұлғалардың әрекетiмен көрiнедi, ол кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәселелердi жасауда, оның еркi танылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық