Біріккен кәсіпорын дегеніміз екі немесе одан да көп тараптардың бір экономикалық ұйымға біріккен шаруашылық жүргізуші субъект болып табылады және олар бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылады. Олардың еліміздің нарықтық экономика жағдайында алатын орны ерекше. Себебі қазіргі таңда елімізде біріккен кәсіпорындар, әсіресе шетел кәсіпорындары өз қызметін жүзеге асыруда. Оны біз 2004 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіш бойынша дәлелдей аламыз. Мұнда Республикамызда Ресей, Түркия, Герман, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Иран, Оңтүстік Корей және сол сияқты өзге де 81 ел арқылы құрылған 1388 шетел және біріккен кәсіпорындар болды. Сондықтан осы көрсеткіштерге сүйене келе, біріккен кәсіпорындардың еліміздегі ескеріпғ, дипломдық жұмысымды «Біріккен кәсіпорынның есеп ерекшелігі мен аудиті» деп алдым. Себебі бірлескен кәсіпорындар еліміздің экономикасына жыл сайын елеулі өзгерістер енгізіп, қазіргі таңда өзекті болып отыр. Бұл дипломдық жұмысымды жазу мақсатым біріккен кәсіпорындарыдың бухгалтерлік есеп ерекшеліктерінің Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» заңдылығына, ал аудиторлық тексерудің Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңдылығына сәйкес дұрыс жүргізілуін, өзге шаруашылық жүргізуші субъектілерден ерекшелігін, елімізде елетын орнын көрсету болып табылады. ....
Энергетикалық ресурстарға барлық механикалық, химиялық және физикалық энергия көздерін жатқызуға болады. Энергетикалық ресурстар олардың табиғатына, алу жолдарына және басқа да нышанына (белгісіне) байланысты топтастырылады (1-ші кесте). 1-ші кесте. Энергетикалық ресурстардың топтастырылуы Бастапқы қоры Екінші қоры Сарқылатын (көмір, мұнай, тақтатас, табиғи газ, жанғыш заттар) Сарқылмайтын немесе қайтадан орнына келетін (ағаш, гидроэнергия, жел және күн энергиясы, геотермальдық энергия, жертезек, термоядерлық энергия) Көмірді іріктегенде және байытқанда шыққан қосымша өнімдер; гудрон, мазут және мұнай өңдегенде шыққан қалдық өнімдер; ағаш дайындағанда шыққан жаңқалар, тамырлар, бұталар.
Жанғыш газдар (домна, кокс); тастанды газдардың жылуы; салқындату жүйесінен шыққан ыстық су; күш беретін тастанды буы
Қатты органикалық отын және уран ресурстарының көп мөлшері өнеркәсібі дамыған елдердің жерінде болса, мұнай ресурстары мен гидроэнергия негізінде дамып келе жатқан Азия, Африка және Латын Америка елдерінде. Жер қойнауындағы отын қоры болып, көмір, мұнай, газ және уран рудалары саналады. Көмірдің дүниежүзілік қоры 9-11 трлн. тонна (шартты отын түрінде), оның ішінде 50% (6 трлн. т) ТМД елдерінің жерінде шоғырланған. Жылына орта есеппен пайдалануға жерден алынатын мөлшер 4,2 млрд.тонна....
Өндірістік қызметке жұмсалатын шығындар түсінігі басқарушылық есепте жиі қолданылыды, бірақ нақты мағына бермейді. «Шығындар» түсінігі қосымша түсініктемені қажет етеді. БҰл түсініктеменің мағынасы ақпаратты пайдаланушының қойған мақсаты мен бухгалтер пайдаланған шығындарды қортындылау үлгісіне байланысты анықталады. Өзіндік құнды түсіну үшін (шығындар жинтығы ретінде) оны 3 жақтан қарастырайық: біріншіден, шығындар ресурстарын пайдаланумен анықталады, екіншіден, шығындар ақшалай өлшемдегі пайдаланылған ресурстарының санын сипаттайды, үшіншіден, шығындар олардың жұмсалу мақсатында өнімөндірісі, қандайда бір бөлімше қызметімен салыстырылады. Осыдан өзіндік құн (шығын) белгілі бір мақсаттағы пайдаланылған ресурстардың ақшалай өлешдегі шамасы. Шығындар есебінің объектісі әртүрлі шекарада анықылуы мүмкін. Бұл ақпарттарды пайдаланушылар мен басқарудың мақсатына байланысты болады. Шығындар есебінің нақты объектісінің сипаттамасы шығындарды бағалау әдісі мен өндірістегі есеп жүйесінің түрін анықтайды. Нормативтер бойынша шығындарды бағалау жүйесі кәсіпорынның ресурстарын пайдалану деңгейін сипаттап, басқарушылық шешімдерді жеңілдетеді. Ішінара шығындар бойынша өзіндік құнды бағалау тікелей шығындарды жабуға бағытталған. Бұл жүйенің мәні келесілерге келіп тіреледі: тікелей шығындар деп бұйымның өзіндік құнына, ал жанама шығындар түгелімен өздері болған есепті кезеңнің жалпы қаржылық нәтижесіне кіреді. Өнімдерді сатудан түскен түсімнен сол өнім өндірісіне жұмсалған шығындарды алып тастасақ, жалпы табысты анықтаймыз. Барлық бұйымдар бойынша брутто-табысты қосып,тұрақты шығындардың жалпы шамасын жабу үшін қолданылатын жиынтығын аламыз.Брутто-табыстан тұрақты шығындарды өндірістің нәтижесін есептейміз. Айрықшылық жағдайлар кейде өзіндік құнды есептеуге, сараланған шығындарды қолдануға итермелейді. Сараланған шығындар деп олардың шамасы белгілі бір жағдайлармен салыстырғанда басқаша болуы мүмкін шығындарды айтамыз. Сараланған шығындар барлық уақытта қандай да бір нақты әртүрлі шығындарды. Шығындар бабы әрбір нақты мәселе бойынша әрбір нақты жағдайды анықталады.....
Шымкент қорғасын зауыты сырттан әкелінетін шикізатпен-сульфидті флотациялық концентратпен жұмыс істейді. Зауытқа Қазақстан, Орта Азия,Оралдың түрлі фабрикаларынан шикізаттың 20 түрі келіп түседі.Сонымен қатар басқа кәсіпорындардан қүрамында қорғасын бар қалдықтар әкелінеді.Негізі шикізатты жеткізушілер, барлық көлемнің 80-85% Ащысай (Қазақстан), Алмалық (Өзбекістан) полиметал комбинаттары жеткізеді. Қорғасынның 10% сульфидті тотыққан кеннен алынады.Концентрат зауытқа әрбірінің сыйымдылығы 3-5 тонна болатын метал контейнерлерде жеткізіледі. Түсетін концентраттардың ылғалдылығы 12-18% шеңберінде ауытқиды. Олар кептіргіш барабанда кептіріліп, транспортерлер жүйесімен қайтадан қоймаға тасмалмалданады. 1 -кесте- Шикізат құрамы
Шикізат атауы Компоненттері
РЬ Си Ві 8 ҒеО СаО ЗЮ2 Актюз концентраты 34-35 0.2 1-3 0.2-0.4 20-30 9-11 2-3 4-6 Жезқазған концентраты 40-45 5.9 2-4 0.002 10-15 3-5 1-2 18-20 Кентау концентраты 44-48 1-2 9-10 0.002 16-18 7-9 2-4 2-3 Сумсар концентраты 55-65 0.3-1.5 2-5 18-24 6-8 1-3 1-3 Шан-тозаңдар 34-40 1-2 7.9 0.07 2-3 3-5 1-2 5-7 длмалық концентраты 30-35 0.2-0.7 5-7 9-11 5-7 0.5-1 4-6 Жезқазған шаңы 42-48 2-3 4-6 8-10 1-2 1-3 0.5-0.8 Агломерация шихтасында флюстер ретінде пиритті концентраттар, кварцті алтыны бар кен, әк тас, темір кені қолданылады. Зауытқа келетін сульфидті кендер немесе концентраттар шихта дайындауға жұмсалады; концентраттар, флюстер мен қоспаларды еріту штабельдік шихтарникте жүзеге асырылады. Шихтаны келесі қүрамды шлакты алу есебімен қүрайды: 8іО2 19-23% ; ҒеО 28-33% ; СаО 14-17% ; 2пО 17% Шихтаны дайын штабельден өнімділігі 30-120 м3/сағ болатын арнайы шихта орталықтандырғыш машинамен пісіруге жібереді. Агломерация кезінде шихта айналуының химиялық және физикалық реакциялары жүреді. Негізгі химиялык реакциялар сульфидтердің ауа оттегісімен тотығу реакциясының үрдіс барысын анықтайды. Төменнен үрлеу арқылы агломерация кезінде шихтаның негізгі қабатының жануы төменнен жоғары жүреді.Күйдіру және пісіру үрдісін күшейту, сапалы агломерат алу және газдардағы SО2 құрамын ұлғайту мақсатымен, 24% оттегімен байытылған үрлеу арқылы агломерация әдісі қолданылады. Агломашинада тістік үгітілуден кейін ол үш фракцияға бөлінеді. Ірісі ерітуге жіберіледі, жеңілі шихтаға түседі, ал өлшемі 15-22 мм орташасы агломашинаға қайтып келеді.....
Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі – баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр фирманың табысты тұрақты алуына және өндіріс бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес. Бағаның құрылуы пәні жоғары оқу орындарындағы көптеген мамандықтар бойынша оқу бағдарламасына еніп отыр. Бұл пәннің негізгі міндеттері: өндіріс, тауарды өткізу, құнның қалыптасуы, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыстың өндірілуі, оның бөлінуі және пайдаланылуы, баға түрлері, олардың негізгі принциптері мен есептеу жолдарын анықтау. Жалпы баға – күрделі экономикалық категория. Сондықтан да баға теориясын түсіну және оны нақты практикада іс жүзінде қолдана білу болашақ мамандар үшін аса қажет. Өйткені, Қазақстан Республикасы жағдайында бағаның құрылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, бағаның құрылуы өндіріс және айналым шығындары негізінде және бағаның нарықтағы сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті негізінде құрылуы, бағаның нарықтық қатынастардағы орны, баға құрылымының механизмі және оның өзіндік сипаты тұрғысындағы өзекті мәселелер бәсекелестік ортаға тікелей әсер етеді. Сондай-ақ экспорт және импорт тауарлары мен қызмет көрсету түрлерінің сыртқы сауда бағасы және ұлттық баға жүйесі, сыртқы сауда бағасының жіктелуі, экспорт және импорт тауарларының ішкі бағасы және оның қалыптасу тәсілдері мен принциптері, сонымен қатар экспорттық және импорттық қосымша, сараланған валюта коэффициенті, оның мәні және есептеу тәсілдері, Қазақстан Республикасына ТМД елдерінен әкелінген тауарлар бағасын есептеу әдістемесі де экономикадан өзіндік орын алады.....
Адам мәселесі, оның ішіде шығу тегі, мәні, табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады.Философия пайда болғанынан қазіргі уақытқа дейін адам оның басты назарында болды. Материяны, табиғатты – алғашқы, сананы олардың туындысы, бейнесі болғандықтан соңғы, деп қарастыратын материалистер үшін де, рух пен сананы – алғашқы, материя мен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондықтан да олар соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адам мәселесінсіз философия жоқ.. Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің дәуірімізге дейін жеткен мифтер мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. Аңыздарда, әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла бастайды.Адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды. Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалады.Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар (өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен құдайлар арасындағы шекара шартты және өтпелі. Буддизм философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қойды. Егер бұған дейінгі брахманизм деп аталатын деп аталатын діни- философиялық ілім адамның азап шегуін бұрынғы күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы – құдайға құлшылық етіп, табына беру десе, буддизм керісінше , өмірдің өзі азап шегуден тұрады, бұл дүниеде одан адамды азат ету құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол адамның өзіне байланысты: сансардан кету деп санады.Мұның мәні: бұл дүниенің өткіншілігін сезіну, сол арқылы тіршілік қамын ұмыту, нәпсіні тежеу арқылы болып жатқан істер мен құбылыстарға немқұрайды қарап, бейтарап күйге түсу. Бұны «нирвана» деп атайды.Нирванаға жеткен адам, бұл о дүние мен осы дүниенің айырмашылығын сезіп-аңғарудан қалған адам. ....
Тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды-ақын аудармашы Ахмет Байтұрсынов қазіргі Қостанай облысы, Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде, ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18-қаңтарда дүниеге келген.Қалың қазақ ортасы, қаймағы бұзылмаған сахара тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланың сезім дүниесін, ой әлемін тербеп толқытады. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас қорлық зорлыққа шыдамай,1885 жылы 12-қазанда ояз начальнигі полковник Яковлевтің басын жарады. Мұның арты дүние- мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге он бес жылға жер аударылумен тынады. Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзі қарақты адамдардан өз үиінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 Торғай қаласындағы екі класты орысша қазақша училищеде,1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып білім алады.1895 жылдың 1- маусымынан бастап мұғалім болады. Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы, атырабында бала оқытады, өмір, тіршіліг күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды. Ауылдық, болыстық, кейін екі класты мектептерде ұстаз бола жүріп, 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жазады, аударма жасап, өлең - жыр шығарады, ауыз әдебиеті (фольклор) нұсқаларын жинайды.Оқыған, еркін мінезділігімен, батыл да ойшылдығымен ел ішінде бедел атағы өсе бастайды. Полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернатор Тройницкийдің жарлығы бойынша Қарқаралы екі класты училищесінің меңгерушісі Ахмет 1909 жылы шілденің 1- і күні Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, нақақтан-нақақ 8 ай бойы азап- қорлық көріп торығады, қинала жүріп ширайды, ақары күреске белді бекем буады. Бостандықты аңсаған, күреске шақырған өлеңдер жазады. Ақыры, Қазақстанда тұру құқынан айырылғандықтан, 1910 жылы 21- ақпанда түрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына келеді.....
Өз алдына тұтас халық болып қалыптасқанға дейiнгi этн. тарихы аса күрделi. Қазақ даласын қоныстанған әр түрлi тайпалар Қазақстан жерiн ерте тас дәуiрiнде-ақ мекендей бастаған. Оған айғақ болатын ежелгi адамдар тұрақтары Қаратау, Маңғыстау, Орт. және Шығ. Қазақстан, Бетпақдала, Мұғалжар таулары, Балқаш к. маңынан ұшырасады. Археол. жұмыстар нәтижесiнде палеолит дәуiрiне жататын 500-дей ескерткiш орындары анықталып, олардың саны жылма-жыл артып келедi. Мезолит дәуiрiнде садақ пен жебенiң пайда болуына орай кезбе аңшылар тобы бөлшектенiп кеткендiктен, бұл дәуiр тұрақтарының (жалпы саны 50 шақты) зерттелуi мардымсыз. Қазақстанның неолит (тұрақтар мен қоныстарының жалпы саны 800-дей), қола дәуiрiнен қалған ескерткiш мұралар аса бай, алғашқы аталық тайпалардың көбейiп, өркендей бастағанын және ол тайпалардың көршiлес Сiбiр, Орал, Едiл бойы, Орт. Азия халықтарымен тығыз байланыста болғанын көрсететiн археол., антропол., этнол. дәлелдер көп (қ. Дала өркениетi; Көшпелiлiк; Қазақстанның көне заман мен орта ғасырдағы тұрғындарының антропологиялық сипаттамалары). Б.з.б. 1-мыңжылдықта Қазақстан аумағында өмiр сүрген ежелгi тайпалар көшпелi тұрмысқа ауысып, олардың өзара бiрнеше тайпалық бiрлестiктерi құрыла бастады. Солардың ең iрiлерiнiң бiрi — сақтар. Олар Сыр бойы, Қаратау, Талас өлкесiнен бастап Тянь-Шань тауларына дейiнгi оңт.-шығыс беткейдi мекендедi. Арал т. мен Сырдарияның сағасын, Әмудария бойын мекендеген тайпалар массагеттер одағына бiрiктi. Сақ тайпалары Солт. Қара т. өңiрi мен Днепр бойын мекендеген скифтердiң және төм. Едiл бойы мен Оңт. Орал өңiрiндегi савроматтардың, Кир мен Дарий I және Александр Македонский дәуiрiндегi гректердiң тұсында өмiр сүрген. Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетiнiң аса маңызды деректерiнен (қорым, көмбе, т.б.) қазақ халқының мәдениетi бастау алады. Б.з.б. (3 — 1 ғ-ларда, б.з. басындағы 1 — 5 ғ-ларда) қазiргi Қазақстан жерiнiң оңт-нде, Сырдария, Талас, Шу өзендерiнiң бойында, Жетiсуда, Солт., Батыс, Шығыс және Орт. Қазақстанда ежелгi сақ тайпаларының негiзiнде өркендеп, жаңадан бiрлескен тайпалар одағы пайда бола бастады. Олардың iшiнде қуатты мемлекетке айналып, тарихта, мәдениетте, өнерде белгiлi iз қалдырғандары — ғұндар, үйсiндер, қаңлылар, сарматтар. Олар б.з. 5 ғ-на дейiн өмiр сүрiп, көп елмен қарым-қатынас жасады. Өркениеттi мемлекеттер олармен байланыс жасауға құштар болған. Бұл мемлекеттер, негiзiнен, көшпелi және жартылай көшпелi мал ш-мен, кен қазумен шұғылданып, Жетiсу төңiрегi мен Шу, Талас, Сырдария, т.б. өлкелерде отырықшылық жағдайда суармалы егiншiлiкпен, балық аулау кәсiбiмен айналысты. Қ-дың шығу тегiне ежелгi жергiлiктi сақтардан кейiн ерекше негiз болған, әсiресе ғұндар, үйсiндер, қаңлылар. Ұзақ заманғы бұл этн. процесс б.з.б. жүз жылдың 1-жартысынан басталып, б.з. 5 — 6 ғ-нда толық қалыптасып үлгердi. Қазақ халқының негiзiн құраған көп тайпалар 552 ж. Түрiк қағандығының құрамына кiрiп, чұмығұн, дай, ирки, чуре, чубан (Шуманақ), дулу деген әр түрлi атпен белгiлi болды. 603 ж. құрылған Батыс Түрiк қағандығының этн. саяси негiзi “он тайпа” (он оқ будун) болды, олар Қаратау баурайынан Жоңғарияға дейiнгi аралықта жатқан ежелгi үйсiн жерiн жайлады. Шу өз-нiң шығыс жағында дулудың бес тайпасы, ал батыс жағында бес тайпалы нушебилер мекендедi. Оның орнына Түргеш қағандығы (704 — 756), одан кейiн Қарлұқ қағандығы (756 — 940) орнап, жоғарыда аталған тайпаларға үстемдiк еттi. Бұл мемлекеттер дәуiрiнде отырықшылық бел алып, егiн ш. дамыды, қалалар өркендеп, сауда-саттық жанданды. Бұл кезде Жетiсу мен Талас бойында қарлұқтар, шiгiлдер, яғмалар, адғұлар мекен етсе, Орт. Қазақстан мен Сырдария бойында оғыздар мен қыпшақтар үстемдiк еттi. 9 ғ-дың аяғы мен 11 ғ-дың басында оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Едiлдiң төм. бойына дейiнгi кең-байтақ аумақты мекендедi. Оғыздардың қоныс-өрiстерi Ырғыз, Орал, Ембi, Ойыл өзендерiнiң бойларында, Сырдария бойындағы Қаратау баурайлары мен Исфиджаб шегiне дейiн шашырап жатқан. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал — Каспий далаларының үндi-еуропа және финн-угор тектес ежелгi (негiзiнен, түркiлендiрiлген) этн. топтары және сонымен бiрге Жетiсу мен Сiбiрдiң халаджы, жагар, чарук, қарлұқ, имур, байандұр, қай секiлдi көшпелi және жартылай көшпелi тайпалар да кiрдi. Оғыздардың батысында Едiл мен Жайық арасында печенегтер (бесенелер) мекендедi. Кейiн оғыздар — түрiкмен халқының, бесенелер — қарақалпақ халқының негiзiн құрса да, олардың кейбiр топтары қазақ халқының да шығу тегiне әсерiн тигiздi. ....
Алла Тағала Құранда Өз құлдарына: «Біз сендерді аздаған қауіп-қатермен, аштықпен және мал-мүліктеріңнен, (жақын) жандарыңнан, өнімдеріңнен айыру арқылы сынаймыз...» («Бақара» сүресі, 155-аят) деп ескертеді. Алла айтса, қашанда ақиқат! Және мұнда бір жақсылықтың болуы да мүмкін. Алайда, кейде қиыншылықтардың тым көп болуын «жолым жабылып қалдыға» балап, көңілге уайым ұялатқан тығырықтардан шығудың оңай жолын іздеуге.....
Өткен жылы өзінің түсініксіз рэптерімен қазақстандықтарға кеңінен танылып, шетелдік бағдарламаларға қонаққа шақырылған МС Сайлаубекті көшеде ішімдікке сылқия тойып жатқан жерінен видеоға түсіріп алған деп жазады NUR.KZ.