Алпамыс
...Өстіп өксумен өмірін өткізіп, кәрілікті басына жеткізіп, аңсаумен арып-ашып жүрген Байбөрі бір күні түс көреді. Тү- сінде ғажайып іс көреді. Аспандағы күн мен ай ағылып келіп....
...Өстіп өксумен өмірін өткізіп, кәрілікті басына жеткізіп, аңсаумен арып-ашып жүрген Байбөрі бір күні түс көреді. Тү- сінде ғажайып іс көреді. Аспандағы күн мен ай ағылып келіп....
Есүгей батыр Темүжін тоғызға келген кезде, Оелун шеше- сінің төркіні олхунауд еліне, нағашыларынан қыз айттыруға оны ертіп барады. Жол-жөнекей Цэгцэр мен Чихургу деген жер аралығында қоңыраттың Дэй шешеніне кезігеді. Дэй шешен бүй дейді:
—Есүгей құда, өткен түнде мен түс көрдім. Түсімде....
Менің естуімше, Харон ар-Рашид түс көріпті: түсінде оның аузындағы барлық тісі түгел түсіп қалған екен. Таңертең ол түс жорушысын шақырып алып:
—Бұл түстің жоруы не болмақ?—деп сұрайды. Түс жору- шысы былай дейді:
—Мұсылмандардың әміршісінің өмір жасы...
Хазірет Омар айтты: «Түс көрсең, дос, туысыңа айт! Ол біз- дерге хайырлы болып, дұшпандарға жамандық болады екен деп айтсын» дейді. Жауыз түс көрсе, истиғфар дұғамен болыңыз, ол дұға тілек жаман түстің әсерінен бір нәрсе қалдырмайды».
Майлықожа ақынға түсінде бір ақ сәлделі адам келіпті де:
—Көген аласың ба, жоқ әлде өлең аласың ба?—депті. Ол кісі:
—Өлең, өлең!—деп оянып кеткен екен. «Егер де «көген ала- мын» дегенде мыңғырған бай болар еді»,—дейді ел қариялары.
Бір қатын келіп Мұхаммед пайғамбарға:
—Түсімде үйімнің мәткесі сынды,—деді. Пайғамбар айтты:
—Жолаушың келеді екен,—деді. Айтқандайын күйеуі келді
Екінші күйеуі тағы жолаушы кетті, қатыны....
Мөңке би түс көріп, сол түсін Сырым батырға жорытпақ бо- лады.
—Бір жолы бәйгеге қырық ат қостым, біреуі де бәйгеден келмеді. Отыз атқостым, біреуі де келмеді. Бесатқостым, төртеуі бәйгеден келмеді де, біреуі ғана аман жетті. Аман жеткені сол— келе сала пышаққа ілікті. Әлгі аттың ішін жарып жібергенім- де, қасқыр шықты, қасқырды жарғанда түлкі шықты. Түлкіні жарғанда, қоян...
Байбақты руынан Омар дейтін кісі Кенесарыны қуған топ- тың ішінде болады. Қайтып келе жатып түс көріп, оны Қазыға (Сырымның баласы) жорытыпты. Сонда Қазы:
Түсіңде қаршыға ұстасаң, ер балалы боларсың....
Бірде Ибн Сиринге бір адам келіп:
—Маған бір түс кірді, онда бір кептер маржанды жұтты да, қайтадан шығарған кезде ол үлкейіп кетіпті. Сосын тағы бір басқа кептер де моншақты жұтқан кезде, одан жұтқанынан кішірек маржан қайта шықты. Ал үшінші кептер моншақты жұтқан кезде одан қандайын жұтты, сондайы қайта шықты,— дейді. Бұны тыңдап отырған Ибн Сирин былай деген екен:
—Бірінші кептер—ол Хасан әл-Басри. Ол қасиетті....
Құдықта, яғни зынданда жатқанда екі адам түс көріпті. Бірі айтты:
—Бір түс көрдім, ұмытып қалдым,—дейді.
Биқауыл деген адам еді. Жүсіп пайғамбар ұмытқан түсті һәм білер еді. Сонда Жүсіп пайғамбар айтты:
—Биқауыл, мен білермін де деді. Сен түсіңде көрдің, алды- ңа бір себет жүзім келді. Сол жүзімді адамдарға үлестіріп бер- дің,—деді. Әлгі Биқауыл:
—Осы түсім рас,—деді,—Енді бұл түсім қандай болады?— деді. Жүсіп пайғамбар айтты:
—Түсіңде көрген жүзім нығмет, уа...