Шымыр батыр, Шымыр ата (т.-ө. ж. б.) – Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан батыр, әулие. Шежіре деректері бойынша Дулаттың кенже ұлы, шамамен Қазақ хандығының қалыптасып, нығаюы кезінде өмір сүрген. Талас, Шу өзендері өңірлерінде, Ташкент, Сайрамда билік жүргізіп, ұлұғ-бек .....
Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан. Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға .....
Қазыбек бек Тауасарұлы (1692 ж. Алматы облысы Кербұлақ ауданы – 1776 жылы Алматы облысы Күрті ауданы) – батыр. Ұлы жүздің шапырашты тайпасының асыл руынан шыққан. Кейбір мәліметтер бойынша жас кезінде шығыс елдерінде болып, мұсылманша жан-жақты білім алған. Жоңғар шапқыншылығы кезінде шапырашты Наурызбай батырдың әскерінде мыңбасы (кейбір деректерде ақылшысы) болған. Жоңғарлармен болған 1727 жылғы Бұланты шайқасына, 1729 жылы Аңырақай шайқасына қатысқан. Батыр қайтыс болған жерді халық Қазыбек тауы деп атап кеткен. Оның ұлы Қасқары батыр да жоңғарларға қарсы соғыста көзге түскен. Б.Қыдырбекұлы, Б.Нұржекеев, т.б. авторлардың пікірлері бойынша .....
Қайқы Ұзақұлы (1845, қазіргі Жалағаш ауданы – 1918, Тереңөзек ауданына қарасты «Қайқы ағашы» деген жер.) – батыр. Кіші жүздің Табын руынан шыққан. Әділдігімен, өткір де ержүректілігімен .....
Қалыбай Тасқұлов (15.8. 1922 жылы т., Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Асықата кенті) - 2-дүниежүз. соғысқа қатысушы, барлаушы. Қалыбай 1942 жылдың қаңтарынан 65-армия 69-атқыштар дивизиясы 120-атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы 15 қазанда Днепр өзенінен (Украина, Чернигов облысы Репки ауданы Радуль кентінің маңы) алғашқы өткен десантшы-жауынгерлер тобының .....
Қарасай Алтынайұлы (1589-1671) — қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы, есімі шапырашты руының ұранына айналған аса көрнекті тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегінде Қарасаз деген жерде дүниеге келіп, Арқа жерінде Көкшетау үшін болған шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы Айыртау сілемінің Құлшынбай деп аталатын төбесінен бұйырған. Қасына өзінің қанды көйлек досы арғын Ағынтай батыр жерленген. Қос арыс — шапырашты Қарасай мен арғын Ағынтай батырға жөне олармен бірге қанды шайқаста қаза болған сарбаздарға қос күмбезді кесене орнатылған (1999). Қарасай батырдың шыққан тегі ұлы жүз шапырашты. Шежіре дерегі бойынша, Шапырашты Шам (Ыстық), одан Малды, Желді, Қалды есімді үш ұл туады. Малдыдан Екей, Еміл, Емілден Жайық пен Есқожа туады. Есқожадан Алысай, Алтынай, Шуаш .....
Қасым Аманжолов — қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны, атақ-даңқы кең жайылған Қасым Аманжолов (1911-1955) ұлттық әдебиетіміздің заңғар аспанындағы жарық жұлдызы, мәңгі сөнбес шамшырағы еді. Өмірден ерте кеткенмен, ол болашақ ұрпаққа мол мұра қалдырды. Бейбіт өмірді, қан майданды, туған жер мен ата-ананы, достық пен махаббатты, көңіл күйі мен табиғатты биік парасаттылықпен, шынайы сезіммен, зор тебіреніспен жырлады.[1] Қасым Аманжолов – қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды. Қасым Аманжолов – көркем аударма өнерінің де үздік шебері. Ол орыс, Батыс пен Шығыс поэзиясының классикалық туындыларын: лирикалық өлеңдер мен поэма-дастандарын қазақ тіліне зор шабытпен аударды. Қ.Аманжолов – өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы .....
Қалиасқар Жұбанышұлы Тоқышев (6.8.1949 жылы туылған, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Есберлі ауылы) - әскери қайраткер, генерал-майор (2001). КСРО ҚҚМ эскери-саяси училищесін (Ленинград, 1974), Мәскеудегі әскери - саяси академияны (1983) бітірген. 1968 жылдан қарулы күштер қатарында. Мәскеу облысындағы ерекше міндет жүктелген бригаданың рота, батальон командирінің .....
Қапай Ысқақов (1906, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылы - 26.9.1973, Жарма ауданы Васильковка ауылы) - 2- дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант, бөлімше командирі. 1941 жылдың маусымынан бастап 52-армия 294-атқыштар дивизиясы 861-атқыштар полкінде ұрыстарға қатысты. 1944 жылдың 26 наурызында КСРО-ның мемлекеттік шекарасы жатқан .....
Қарасақал, Қарахан, Шона (шамамен 1705 — 1749) - батыр. Шыққан тегі белгісіз. Кейбір деректер бойынша - башқұрт. 1735 жылдан бастап Ресей үкіметіне қарсы күресті. Ал- дымен И.Кириллов бастаған Орынбор экспедициясына қарсы шықса, 1740 жылы башқұрттар көтерілісін басқарды. Көтеріліс талқандалғаннан кейін, қазақ даласына келіп, Орта Жүзді паналады. Қаз дауысты Қазыбек бидің, Қаракерей Қабанбай батырдың қол астындағы .....