Жеңімпаз ұрпақ өнегесі-патриотизмнің қайнар көзі

Бүкіл адамзат тарихында мәңгі өшпейтін қасіретті беттер де орын алады. Солардың қатарында жиі еске алатынымыз-екінші дүниежүзілік соғыс. Елбасы Н.Назарбаев ол туралы Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналған салтанатты жиында былай деген екен: «Бұрынғы Кеңес Одағының халықтары үшін ол Ұлы Отан соғысы болды,өйткені Армия ғана емес,сонымен бірге бүкіл халық Отан қорғауға көтерілді» Бақайшағына дейін тас түйін қаруланған жау елімізге кенеттен баса көктеп кіріп,соғыс ашқан 1941 жылғы 22 маусым мен біздің халқымыз үшін Жеңіс Туы желбіреген 1945 жылғы 9 мамыр мәңгі өшпес тарихи даталарға айналды. Миллиондаған жазықсыз жандардың өмірін жалмаған сол қанды қырғынның басталғанына биыл 75 жыл, ал аяқталғанына 71 жыл толады. Қасіретті болса да,тарихымыздың сол бір қаралы беті де ешқашан ұмытылмақ емес,себебі ол тәуелсіз Қазақстан тарихының бір бөлшегі болып қала бермек. Бұл күндер қазақстандықтар жадында әр кез жаңғыра беретініне Нұрсұлтан Әбішұлының мына бір сөздері де айғақ: «Қазақстан біртұтас халықтар арасында Ұлы Отан соғысына қатысты.
Сондықтан да соғыс пен ол туралы зерде-көпұлтты Қазақстанның жалпы тарихының бір бөлігі». Ал,қасиетті тарихты білу, оны қастерлеу, өнеге тұту-азаматтық парыз, жаңа қазақстандық патриотизмнің маңызды құрауышы, ажырамас компоненті. Қазақстан жауынгерлерінің Ұлы Отан соғысында теңдессіз ерлікпен шайқасқанын білеміз. Олардың ерлігі - Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің, жастарды патриотизм рухында тәрбиелеудің тамаша өнегесі. Қазақ жерінен майданға аттанғандар арасынан 500-ден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Қас батырларды елге, әлемге танытуда қаламгерлер де көп еңбек сіңірді......
Шығармалар
Толық

Тұлғасы тұнған тәлім есімі елге мәлім-Б.Момышұлы

Отанға деген сүйіспеншілік- еліміздің келешегіне оның кемел ұрпағына біздің аманат етер ең қасиетті өсиетміз деп білейік.
Отаның Бауыржан Момышұлындай сүюді өнеге етіп қалдырған басқа қаламгер жоқ. Ол «өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу -сатқындықтың белгісі.
Ел дегенде еміреніп,жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін! Отан үшін отқа түс- күймейсің! Опасызда Отан жоқ. Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды!»,-дейді...
... Біздің халқымыз, әсіресе жастар осы қағидаларды естеріне ұстаса деймін. Н.Ә.Назарбаев. Ер есімін ел есінде мәңгілікке қалдыру мақсатында 1990 жылы ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Бауыржан Момышұлына Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді. Осы атақ берілген кездегі өз сөзінде Н.Ә.Назарбаев «Бауыржан жұлдызды болған күн – қазақтың жұлдызы жанған күн», – деп толғана айтқан еді.Қазақтың қаһарман қолбасшысы Бауыржан Момышұлының өнегелі өмірін жас ұрпаққа насихаттау, оларды отансүйгіштікке баулу, Қарулы Күштер қатарына жанжақты жетілген жастарды тәрбиелеу. Егемен еліміздің ұлттық сана-сезімі мен намысы оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, бойында білімге негізделген ізгілікті қасиеттері қалыптасқан «Сегіз қырлы, бір сырлы қазақ азаматын» тәрбиелеуге болатынына біздің көзіміз жетіп отыр.Бүгінгі таңда қоғам мен мемлекеттің білім беру жүйесінің алдына қойып отырған міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты ұлттық тәрбие рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл талаптың көкейкестілігі қазіргі әлемді жаһандандыру жағдайында бұрынғыдан да артып отыр.....
Шығармалар
Толық

Өлкеміздің Ұлы Жеңісті жақындатуға қосқан үлесі

Туған жер! Бұл осы өңірде туып-өскен ұрпақтың мәңгі есінде қалар сурет екені даусыз. Туған жердің жұпар ауасы кеудеңді керіп, алыс кетсең сағындырады. Туған жерін сүймейтін тіршілік иесі жоқ. Біздің өлкенің жерін сүймейтін тіршілік иесі жоқ. Біздің өлкенің жері бай, тарихы терең. Сол тарихта Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамит Ерғалиев (Новобогат, Қамысқала) ауылының алатын орны ерекше. Оның өткеніне көз жіберіп, арғы шежіреге үңілсек, қалың қыпшақ даласы болған, кейін Ноғай ордасы құрамына кірген қалмақтар жайлап, олар Қытайға көшкенде, отыз жылдай жүгірген аң мен ұшқан құстан өзге жан иесі мекендемеген бос жатқан өңір ойға оралады. Еділ мен Жайық аралығындағы осынау кең далаға қоныстануға 1801 жылы орыс патшасынан рұқсат алған Бөкей сұлтан бес мың шаңырақпен көшіп, Жайық өзенінен өтіп, ат басын осы Қазіргі Хамит Ерғалиев ,бұрынғы Новобогат жеріне тіреген Новобогат ауданы еңбекшілерінің ұйымшылдығы мен тамаша патриоттық бастамалары ел басына қатер төнген Ұлы Отан соғысы жылдарында ерекше көрінді. Фашист басқыншыларының айуандық, жауыздық әрекеттеріне ыза болған новобогаттықтар алғашқы күндері-ақ митингілер-жиналыстар өткізіп, берік топтасып, Отанымыздың күш-қуаты мен қорғаныс қабілетін нығайту үшін жан аямай еңбек ететіндіктерін білдірді.
1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысы бүкіл елдегі сияқты Новобогат ауданында да қауырт жағдай туғызды. Ер-азаматтар әскери комисариаттың алдында лек-лек болып майданға аттанып жатты.......
Шығармалар
Толық