Болашақ ұрпақтың баянды ертеңі үшін

Ерте ғасырларда жужандар мемлекетінің елшілер ғұндарды Мөңке қаған билеп тұрған сәтте қонаққа келіп, басынсыған түрмен, қағанның астындағы атын сұрапты. Бұған би-сұлтандар дау-дамай көтергенімен, қаған көніпті, келесі де сұлу жарын сұрапты, бұл бұйымтайларына да көніпті. Ендігі де елінде бос жатқан жерді сұрағанда, би-сұлтандар керек емес жерді берейік деп ұйғарғанда, Мөңке қаған атылып тұрып, «Ата-бабам жанын салып қорғаған, халқым мен оның ұрпағы мекендейтін ата-қоныс ешнәрсеге тең келмейді. Олардың жерімді сұрағаны қай сасқаны» деген ашумен, бірнеше күнде сол мемлекетті жаулап алған көрінеді. Ұлтарақтай болса да, ата қоныс — жер қымбат, ат төбеліндей болса да туып-өскен ел қымбат,- дейді дана халқымыз. Әйтсе де өзгенің жеріне ортақтасып, билік жүргізуге құмартқандар тарихымызда көптеп кездеседі. Ежелгі Македонияның патшасы Ескендір Зұлқарнайын да осындай нысананы көздей отыра, әлемге бастаған жорығы сәтсіз болып, көптеген шығынға ұшыраған болатын. Бірінші дүниежүзілік соғыс отының тұтануына себепкер болған тағы да Наполеонның әлемді билегісі келген арманы талай адамның қаны мен терін төкті. Мұндай дүниеқоңыздық талай мәселенің түйткіліне айналмақ. Жерге деген ашкөздік көптің сағын сындырып, қара халықтың басына талай нәубетті тарттырады......
Шығармалар
Толық

Ұрпағы ардақ тұтып, бас иеді рухына

Жауды жеңіп табанға сап,
Жермен-жексен еткен ерім.
Қуан,қуан, күлші сақ-сақ
Шын жеңіске жеткен елім!
Жеңіс! Бейбітшілік! Бұл қандай керемет сөздер десеңші. Бұл сөздердің астарында ашық аспан, бейбіт өмір жатыр. Бүгін біз тәуелсіз Қазақстан елінде алаңсыз өмір кешудеміз. Мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын күресте бесіктен белі шықпай еңбекке араласып, бұғанасы бекімей қолына қару алып, қасық қаны қалғанша күрескен аға ұрпақ сыйлады. Фашистік идеология кеңес үкіметінде тұратын халықты саяси және нәсілдік тұрғыдан аяусыз қырып-жоюдың кең көлемді бағдарламасын әзірлеп, шабуылға шықты. Бірақ одан түк шықпады.
Қаншама халық бір тудың астынаб ірігіп, күштерін бір арнаға салды Сол кездегі Кеңес үкіметінің халқында Коммунистік партия мен үкіметтің саясатына деген наразылыққа жеткілікті негіздер болды. Бірақ қатерлі қауіп төнген кезде халық реніштерін ысырып тастады. Халықты қасіретті тағдырдың ортақтығы, елдің тәуелсіздігінен айырылу қатері, бір Отанның адамы екені, ата-баба рухы біріктірді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан –тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты. Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталып армандары орындалды. Бірақ ол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. ....
Шығармалар
Толық

Менің отбасымның тарихы Шытты ауылы

Осыдан жетпіс жыл бұрын Фашистік Германия Кеңестер Одағына соғыс ашты. Көз алдыңызға алаңсыз бейбіт күнді елестетіп көріңізші. Сол бейбіт күннің бір сәтте тас-талқаны шықты. «Соғыс» деген сөз дүниені дүр сілкіндірді, жан түршікті. Қазір сол күндер бізден қанша алыстаса да, қасіретті күннің жаңғырығы санамызда жаңғырып, ауыр ойдан жүрегіміз сыздайды.
«Ер басына күн туса, етігімен су ішер, ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер», - дегендей елдің амандығы үшін ерлер майданға аттанды. Мұздай қаруланған фашистік Германия шабуылы өте жойқын болды. Жау біздің әскерлерге әуеден құтырына шабуыл жасады, майдандардың түйіскен жерлеріне қуатты танк топтарын төкті. Солтүстік-Батыс, Оңтүстік-Батыс майдандарда жау әскеріне қарсы тұру қажыр-қайратты, күшті талап етті. Неміс-фашистері Ленинградты қоршап, Киев маңындағы әскерлерімізді қиратып, содан кейін Москваны аламыз деп жоспарлады. Фашистер Ленинградты қоршауға алды. Бірақ, Ленинград майданының құрамы, Қызыл Тулы Балтық флоты және қаланың тұрғындары революция бесігін жау қолына бермеуге ант етті. Олар анттарын абыроймен орындады. Ленинградқа қарай қаптаған немістердің танк тобы қатты соққыға ұшырап, едәуір әлсіреді. Мұның өзі ұрыстың бұдан кейінгі дамуына айтарлықтай ықпал етті, өйткені жау Ленинградты алысымен танктерді Москваға қарай қаптатпақ еді.
Ия, 1941 жыл өте ауыр жыл болды. Ленинградты қоршаған жау Москваға да қауіп төндірді. Москва түбегіндегі қанды шайқаста Қазақстанның 316-атқыштар дивизиясының теңдесі жоқ ерлігі бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. 316-атқыштар дивизиясының батальон командирі аға лейтенант Бауыржан Момышұлы бұлтта ойнаған жасындай Москва түбіндегі шайқаста қапияда ой тапқан, қараңғыда жол тапқан, ерен ерлігімен даңқы әлемге жайылып, аты аңызға айналған бірегей қолбасшы ретінде танылды. Қазақ халқының ұлттық батырына айналды.
Соғыстың алғашқы айларында болған оқиғалар, әсіресе, Москва үшін болған шайқаста жеңіске жету ел басына күн туған қиын сәттерде бүкіл халық Отан қорғау ісіне жұмыла алатын күш-қайраттың иесі екенін көрсетті. .....
Шығармалар
Толық

Халқымның жарқын болашағына сенемін

Осыдан 71 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.
Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған.
Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды.
Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған. .....
Шығармалар
Толық

Ерсіз ел болмайды елсіз ер болмайды

Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол-Отанға деген сүйіспеншілік. Б.Момышұлы
Соғыстың аты соғыс қой,
Жалмады талай арысты.
Мылтықтың оғы босқа ұшпай,
Өлім мен өмір алысты.
Міне,Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін,тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туғантуысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске алады. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды.Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтармен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. ......
Шығармалар
Толық

Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмақ емес

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ даусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын.
Соғыс. Бұл сөзді айтудың өзі жүрекке ауыр тиетіні хақ. Бұл - адамзатты құлдырататын күш! Дәл осылай! Соғыс – қорқынышты кинолардағы аузынан жалын атқан аждаһа дерсің. Соғыс - барыңды жалмап кететін, жеріңді оттай шоқ ететін, әлемдегі тіршіліктің көзін жоятын тажал. Сол қанды кезеңді газет-журнал материалдарынан, кинолардан көріп, көркем шығармалардан оқи отырып-ақ жаның түршігеді. Көз алдымызға елестетудің өз қиын. Ал сол соғыста жанын пида еткен ата-әжелеріміздің ерлік істерін ұмыту – бар тарихымызды өшіріп тастаумен тең. Жетпіс жылдан астам уақыт өткенмен де, осы күнге дейін еш нәрсе де ұмытылған жоқ.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?! - деп Сырбай Мәуленов атамыз жырлағандай, бұл соғыс талай отбасына қиыншылық әкеліп әкесінен, бауырынан айырды. Ұлын күткен ананың, әкесін күткен боздақ баланың жолға қараумен екі көзі төрт болып, жақындарын асыға күтті. Оларға деген сағынышы хат болып майдандағы жауынгерлерге барып жатты.
Баубек Бұлқышев «Шығыс ұлына хат» атты публицистикалық мақаласында болашақ үшін күресетінін былайша жазып кеткен болатын: «Менің досымның баласы бар, біздің артымызда өсіп келе жатқан жас буындар бар» деп, кейінгі ұрпақты бел етіп мен талай қуанбадым ба! Сенің кішкентай бөбегің маған күш-қуат бола алды ғой, Шығыс ұлы!». Ал, «Өмір мен өлім туралы» публицистикалық мақаласында «Адам бір-ақ рет туады, бір-ақ рет өледі... Ал естігенің де құрметтеп, бас иетін өлім бар! Ол – майданда ерлерше өлу» деген жолдардан өзі осы майданда қаза болса да, Біздің бейбітшілікте өмір сүруіміз үшін жанын қиятынын анық түсіне аламыз.
Мұзбалақ ақынымыз Мұқағали Мақатаев та он жасынан өлең шығара бастағанын жақсы білеміз. Ақынның балалық шағы Ұлы Отан соғысы жылдарымен тұспа-тұс келген болатын. Әкесі Сүлеймен тұңғыш колхоз ұйымдастырушысы болған. Сұрапыл соғысқа өз тілегімен аттанып, Калинград майданында ерлікпен қаза тапты. Сәби жүрек соғысқа кеткен әкесін сағынып, ең алғашқы жыр шумақтары әкеге деген сағыныштан туған еді........
Шығармалар
Толық